Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектеп-ке дейінгі және мектептік жүйешелерін өз алдына бөліп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы, т.б.
Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық мәселелерімен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері - барша деңгейдегі ресми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие үдерісініңзаңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы мәселелерін зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білімпедагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байла-ныста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта ма-мандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады.
Өлеуметтік педагогикаауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогика дамуда.
Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы және тәрбиесімен сурдопедагогика, зағиптермен - тифлопедагогика, ақыл-есі кем-дермен - олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекелен-ген немесе пәндік әдістемелер құрайды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілу зандылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті.
http://melimde.com