Бастауыш мектеп педагогикасының ПӘні мен міндеттері дәрістің мақсаты



бет3/3
Дата12.05.2023
өлшемі11,27 Kb.
#92541
1   2   3
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектеп-ке дейінгі және мектептік жүйешелерін өз алдына бөліп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педа­гогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы, т.б.
Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық мәселелерімен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері - барша деңгейдегі ресми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие үдерісініңзаңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы мәселелерін зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байла-ныста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта ма-мандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады.
Өлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагоги­касы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогика дамуда.
Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы және тәрбиесімен сурдо­педагогика, зағиптермен - тифлопедагогика, ақыл-есі кем-дермен - олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекелен-ген немесе пәндік әдістемелер құрайды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілу зандылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет