Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін
бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері
байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті,
қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен
оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып
табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз
жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді,
балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мүғалімдер оны
оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға
ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты
қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
Достарыңызбен бөлісу: