“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
 
 
3-бөлім. Формативті және суммативті бағалау. Олардың айырмашылықтары. 
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: 
қалыптастырушы (формативті, (ҚБ)) және жиынтық (суммативті) бағалау (ЖБ). 
Қалыптастырушы, формативті, оқу үшін бағалау. 
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) 

 
оқушы мен мұғалім арасындағы кері
 
байланысты 
қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалау түрі 
болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалау қағидаттары:
-
Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»); 
-
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер 
бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген); 
-
бағалау белгіленбейді; 
-
оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
-
әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.
-
ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады 
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалімнің қызметі:
-
оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады; 
-
бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады
-
тапсырмаға дескриптор құрастырады; 
-
оқушыларға тиімді кері байланыс береді
-
оқыту мен бағалау үдерісіне 
түзету енгізеді;
Оқушы:
-
оқу үдерісіне белсене қатысады; 
-
бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді; 
-
өзін-өзі/бірін-бірі бағалайды. 
Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар 
аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, 
әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді 
қатысуы керек.


Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін 
бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері 
байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, 
қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен 
оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті. 
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып 
табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз 
жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, 
балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мүғалімдер оны 
оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. 
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға 
ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет