Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту



Дата20.12.2023
өлшемі430,06 Kb.
#141402
Байланысты:
Презентация по теме Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту


Жоспар:
  • Дүниетану әдістемесінің пәні.
  • Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері.
  • Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны.

Дүниетану әдістемесінің пәні
«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. 
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру. 
Пәннің мазмұнын меңгеру үшін
1 – 4-сыныптарға аптасына 1 сағатты:
1-сынып 33 сағатты,
2 – 4-сыныптар 34 сағатты құрайды.
Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыс ескеріледі:
1) қазақ тілімен. Байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту;
2) әдебиеттік оқумен. Табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жаттау;
3) математикамен. Тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту;
4) музыкамен. Адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әндер тыңдау;
5) бейнелеу өнерімен. Суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану;
6) еңбекке баулумен. Түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану;
7) дене шынықтырумен. Денсаулық сақтау, күн тәртібі, адам өміріне зиянды әрекеттер, адам ағзасын шынықтыфру туралы білімдерін толықтыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
-білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру; 
- білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез– 
- құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру; 
- білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқыту
- келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды. 
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны: 
Адам
Табиғат
Қоғам
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады. 
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады. 
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.
Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны
Адам
Адам ағзасы.Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары.
Адамның әрекеті. Оқу біліктер. Өзін-өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері.
Қоғам
Адам және басқа адамдар. Этика. Адаамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер.
Табиғат
Табиғи және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістер. Жер – Ғаламшар. Күн –Жұлдыз. Глобус. Карта.
Өсімдіктер. Жануарлар. Құстар. Адам және табиғат. Табиғатты қорғау.
Пайдалынған әдебиеттер:
  • М. К. Естқрсынова, Ш. С. Набидоллина. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. Астана – 2007
  • http://sc0021.kokshetau.akmoedu.kz/documents/view/586257AFB03FB35E.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет