1. Биологиялық және экологиялық процестер мен жүйелерді талдаудың ақпараттық тәсілдері



бет1/27
Дата16.12.2022
өлшемі1,81 Mb.
#57705
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1. Биологиялы ж не экологиялы процестер мен ж йелерді талдауды


1. Биологиялық және экологиялық процестер мен жүйелерді талдаудың ақпараттық тәсілдері
Ақпарат технологиясы (АТ, ағылш. information technology, IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[1] «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологиясы (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.[2]



2. Биологиялық әртүрліліктің құрылымы мен динамикасын зерттеудің ақпараттық аспектілері
Биологиялық әртүрлілік адамзаттың әлеуметтік-экономикалық дамуы және адамзаттың тіршілігі үшін өмірлік манызды рөл атқарады. Қамтамасыз етілітін тауарлар мен қызметтер ғаламдық және жергілікті деңгейде пайда алып келеді. Жер бетінде биоәртүрлілікті сақтау миллиондаған адамдардың өмір сүру әрекеті мен әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тікелей байланысты және де осылайша тұрақты дамуға және кедейлікпен күресуге ықпал етеді.
Соған байланысты 1992 жылы 5 маусымда (Рио-де-Жанейро, Бразилия) халықаралық келісім – Биологиялық әртүрлілік конвенциясы қабылданды (1 Қосымша). Конвенцияға 1992 5 маусымда қол қойыла бастады және 1993 жылы 29 желтоқсанда өз күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ Конференциясын 1994 жылы ратификациялады, сонымен қатар келесі міндеттерді қабылдады:
ұлттық жоспарларда, бағдарламада, саясатта орындалатын биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау бойынша шаралар қабылдау, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау мен мониторингін жүргізу;
in-situ және ex-situ биоәртүрлілікті сақтау, яғни экожүйелер мен табиғи мекен ортасын сақтау, және де табиғи ортадағы түрлер популяцияларын қолдау және қалыптастыру, негізінен өздерінің ерекше қасиеттеріне бейімделген ортадағы үй жануарлары немесе өсірген түрлерге қатысты.
Биологиялық әртүрлілік конвенциясы аясында биоәртүрлілікті сақтау және биологиялық ресуртарды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1994 жылы 19 тамызда «Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлілік конвенциясын мақұлдау және оның алдын-ала анықталған міндеттерін орындауды ұйымдастыруы туралы» № 918 Қаулысы қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет