Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен


III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту



бет10/12
Дата11.05.2023
өлшемі402,5 Kb.
#91771
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Áàñòàóûø ìåêòåïòå ôèëîëîãèÿ ï?íäåð³í î?ûòóäû? òåîðèÿñû ìåí

49
III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту
3-сынып -оқушылары «Сан есім» \ туралы 2-сыныпта алған білімдерін одан әрі тереңдете, бекіте түседі. Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетінін білсе де оларды өзара салыстыру және оларға сұрақ қойғызу арқылы мағыналарындағы өзгешелікті байқату жолымен үғындырылады. Сондай-ақ жинақтық сан есімдерге де назар аударылады.
3-сыныпта сан есімге арналған күнделікті сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты: Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетін білдіру, олардың мағыналарындағы өзгешелікті байқату.
4. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімді, адал болуға,
сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  1. Сабақтың әдісі: әңгімелеу.

  2. Сабақтың көрнектілігі: кітап, кесте, сурет.

  3. Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. әңгімелеу.
Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылды. Одан біраз мысалдар келтірілген.



Есептік сан есім

Реттік сан есім

Бір, екі, Үш, алты

Бірінші, екінші Үшінші, алтыншы

Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды.
Бір сөзіне сұрақ қойыңдаршы.
Неше?
Бірінші сөзіне сұрақ қойыңдар.
Нешінші?
Мүндағы бір - түбір, -інші - жү_рнақ, бір - есептік сан есім, бірінші - реттік сан есім.
Осы ретпен басқа да сөздер талданады.
Сонымен, балалар сан есім жасалу жолына қарай нешеге
бөлінеді екен?
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді екен. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, қортындалайды. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік деп,
50
есептік сан есімге -ыншы, -інші, -нші, -нші жұрақтары жалғану арқылы болатын сан есімді реттік сан есім деп аталады екен. IV. Сергіту сәті. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Жалқаулықты тастаймыз, Жаңа сабақ бастаймыз. 2. Оқулықпен жұмыс.
409-жаттығуды орындау. Мэтінді оқып, сан есімді теріп жазу, оларға сұрақ қойып салыстыру.
VI. Өтілген жаңа сабақты тест сұрақтары арқылы бекіту.
№1 Сан есімнің астын сыз.
Бір, ат, тоғыз, парта, бесінші, түйме. №2 Жеті сөзі қай сөз табына жатады?

  1. Зат есім.

  2. Етістік.

  3. Сан есім.

  4. Сын есім.

№3 Сан есімнің сұрақтарын астын сыз.
Кім? неше? нелер? қайтті? нешінші? №4 Қанша сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Екі алма, қызыл гүл, екінші орын.
VII. Сабақты қортындалау мына сұрақтар бойынша іске
асырылады:

  • Сан есімнің дегеніміз не?

  • Сұрақтары қандай?, Мысал келтір.

  • Сан есімнің қандай түрлерімен таныстық?

  • Есептік және реттік сан есімдердің сұрақтарын айт?

  • Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығы неде?
    Мысал келтір.

VIII. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келген, жаңа сабақта
белсене қатысып отырған оқушыларды басқаларға үлгі етіп, марапаттап,
тиісті бағасын қоямыз.
IX. Үйге тапсырма: Есептік және реттік сан есімнің ережесін оқып,
мысал келтіріп келу.
411-жаттығуды жазып, реттік сан есімдерді сөз құрамына талдап келу тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет