45 III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту. 3-сынып оқушысының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мүнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркесе білу, негізгі, туынды сын есімдер айырту талабы қойылды.
Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол мэтіндерді пайдаланған жақсы нәтиже береді.
Мысалы:
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл, гүлдер, көк гүлдер...
Деген сияқты мэтінді алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? Деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сын айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? Деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады.
Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушы білуге тиіс. Мысалы: семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мүндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді.
Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде тауып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет. Мүндай тапсырмаларды сыныпта орындалуы керек. Ол үшңн мұғалім алдын ала жеке, сөйлемдерді балаларға оқытып:
Діңмұхаммед, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Болса, қайсы? Үлкен сөзі қай сөзге қатысты? Сурет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады? - дегендей сұрақтар қойып, сынесім мен зат есім таптарын талдап, айқындап алу керек.
Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйретілетін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардын ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық — сапалары болу екенін білдіру керек.
3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен ақылды адам, тәртіпті бала, шүрайлы жер, эдепті келін, қызық
46 ертегі тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратып байқату тәсілмен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сынесімді салыстырып, олардың бір - бірінен өзгешелігін аңғартамыз.
Тағы бір ескертіп кететін нәрсе: сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарыменіс жүзілік түрғыда таныстыру көзделеді.
Өйткені оқушылар заттардың әр алуан қасиеттерін бір-бірінен салыстырып айту барысында аталған жұрнақтарға кездеспей түрмайды. Сол себепті жаттығулар орындау барысында салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыра беру артықтық етпейді, керісенше оқушылардың сөз байлығын молайтады, заттарды сипаттай білуге, өзара салыстырып айтуына мүмкіндік береді. Оқулықтағы 389-392 -жаттығулар осы мақсатқа берілген.
389-жаттығуда негізгі сын есімдерге -дау, -деу, -лау, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.
Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, үсақ-үсақтау.
3-сыныпта сын есімге арналған күңделікті сабақ жоспарының үлгісі:
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.
Сабақтын мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы
мағлүмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. әңгімелеу.
Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылды. Одан біраз мысалдар келтірілді.
Негізгі сын есім
Туынды сын есім
Талап, білім Ажар, әдеп
Талапты, білімді
Ажарлы, эдепті
47
Сана, көңіл
Саналы, көңілді
Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды. Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы. He?
Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар. Қандай?
Талап - түбір, -ты - жұрнақ, Таланты - сын есім. Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнін; өзінен ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғарады.
Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -т т.б. жұрнақтар жалғанады. IV. Сергіту сэті.
Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын, Самғап биік ұшады.
2. Оқулықпен жұмыс.
373-жаттығуды орындау. Сөздерді салыстырып оқу. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, олардың қай сөз табынан жататынын айыру ақылды, тәртіпті, білгіш, айнадай.
374-жаттығу Мақалмен жұмыс. Сьш есімдердің негізгі және туынды екенін ажырату.
Сулы жер қү_рақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
3. Ойын. «Кім тез табады?»
Жақсы деген сын есімге тіркес келетін біренеше зат есім ойлап жаз.
қ ыз оқушы
Жақсы <^7 " бала адам жер
Керісінше', «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.
И набаты-
Ажарлы
әдепті ~~ қыз
көңілді
сүлу
48
V. Сабақты қортындалау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:
Сын есімнің қандай түрлерін өттік?
Туынды сын есім қалай жасалады?
Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде?
Мысал келтір.
Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ережесі мен сұрақтарын айтып берілуі керек. Өз ойларынан мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен сабақты қортындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сэбіз, жапырақ, түлкі т.б. суреттерін үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түсін айыру үшін сөйлем қүр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем қүрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, үтқан болып шығады.
Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір Қара торғайға
Желбіреді ¥я жасадық
Машина Қоян
Бақытжан жеңіл Сүр қоян
Машинаға мінді қашты
Алма Жапырақ
Мамам қызыл Күзде жапырақ
Алма әкелді сары түске боялады.
VI. 388-жаттығуды жазып келу тапсырылды.
VII. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.