Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері


Ойын бастауыш сынып оқушысының танымдық қасиеттерін қалыптастыру құралы



бет3/11
Дата25.06.2022
өлшемі103,07 Kb.
#37299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері

1.2 Ойын бастауыш сынып оқушысының танымдық қасиеттерін қалыптастыру құралы


Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.
Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін тәжірибеде ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдың қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Тәжірибе обьективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтыны анық. Сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және басқа да әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады.
Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ерте заманнан бері жинап-терген мол тәжірибесі бар.
Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Бала мектепке барған да ойнауын тоқтата қоймайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке асырылады.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта:
"Баламен ойнама шаршарсың "
"Бала -құлыншақ, бала - ұрыншақ",
"ойнай білмеген бала, ойлай білмейді",
- деп бекер айтылмаса керек.
Бала ойыны алуан түрлі ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағ-дыланады.
М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай мән берген: "Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналадағы жұмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды түзіп көш жасайды;
балшықтан мал жасайды; қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіріп, құда түсіреді" - деген.
7-10 жас арасы анатомиялық-физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Ойын арқылы бала айнала қоршаған ортаны, өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді.
Ал енді ұлттық ойындардың біразы "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олан негізінен логикалық ойлау мен математикалык, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Сондықтан төресі "Тоғыз құмалақ". Сонымен қатар, оймен келетін ойындар шахмат, дойбы ойындары.
Әрине бұл ойындар ойды, есепті талап етеді. Бірақ та төменгі сынып оқушыларына аса қияындау тигенімен, зерек бала тез үйреніп, оймен жұмыс жасауды қабылдайды. Бұл танымдық белсенділіктің бір түрі, әрекеті.
Балалар ойындарының тағы біреуі "асық ату", "хан талапай", "омпа", "жамбы ату" ойындары. Асық ойындары алдымен нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып ғана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар "бала ойынмен өседі" деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындысын өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті.
Жалпы оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бала тура, ол сөзсіз шындықтың жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік танымдардың салыстырмалығында барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан шығады.
Мектеп оқушыларының да танымы мотивтермен қозғалмалы болуға білім, шэкірттік таным болуы үшін, оқушының оқуға деген құштарлығы болуға тиіс.
Танымдық белсенділік әрекетіне қабілетті дамыту да ақыл-ой тәрбиесінің аса маңызды міндетінен саналады. Оқушылар танымның нақтылы бір саласында білімдерді ойдағыдай алу үшін керек, арнаулы іскерліктер мен дағдыларды да игеруге тиіс.
Қазіргі таңда қарым-қатынас мәселелері мектептің оқу-тәрбие процесінің ынтымақтық гуманистік бағытына байланысты туындап отыр. Сондықтан таным мен қарым-қатынастың өзара байланысын анықтауға және олардың педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігіне қатысты.
Танымның әлеуметтік маңызы саланың, қоғамның, табиғаттың обьективті заңдарын белгілі бір мақсатты және жан-жақты ашып көрсететін әлемдік тарихи процесс ретінде қаралады.
Адамның психологиялық дамуын зерттеулер циклі жалпы танымдық әрекеттің эволюциясы мен қызметіндегі өзгерістерге байланысты адамның сенсомоториялық дамуындағы таным мен қарым-қатынас процесінің өзара белгілі-бір байланысын ашып көрсетеді.
Қарым-қатынас арқылы оқытудың негізі болып табылатын таным мен қарым-қатынас арасындағы әртүрлі байланыстар мен бағыныштылыкқа қарай оқу процесі жан-жақты кеңейтіледі, ол тек еңбек барысында ғана емес, таным қызметіне әсер етеді. Мұғалім жетекшілігімен ұйымдастырылған оқушылардың танымдых іс-әрекеті арқылы олар әлемді нақты жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқушылардың өзара оқу процесі негізіндегі қарым - қатынасы субьектілер арасындагы ортақ іскерлік қарым-қатынас негізінде болса, жұмыс нәтижесі соғұрлым тиімді, жемісті болмақ. Оқу процесіне қатысушылардың ортақ қызметінің нәтижесі - терең және кеңейтілген білім, іс - әрекет әдістері, мақсатқа өздігінен жету, оқуға, шығармашылық жұмыстарға ынтаны өсіру, сондай-ақ, жеке адамдық пікірді қадағалап отыру.
Ынтымақтастықты оқу-танымдық процестің өнімділігін, оқушылардың еңбегін, оның нәтижесін өсіру мүмкіндіктері қарастырылған. Психологтар бірігіп атқаратын іс - әрекеттің осы тектес жеке іс - әрекетке қарағанда анағұрлым тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл бірлескен іс - әрекеттің жеке іс-әрекетіне қарағанда тұрақтылығын көрсетеді.
Бірлесіп атжаратын іс - әрекеттің тиімділігі оқушылардың мәселені шешуге дайындық деңгейі, орындалатын жұмысқа көзқарас, оны алып кету сияқты бірнеше факторлардан анықталатынын зерттеушілер дәлелдеп отыр.
Танымдық әрекет оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара қарым - қатынасты, оқушылардың өзара қарым - қатынасын талап етеді. Зерттеушілер пікірі бойынша: "баланың адамдық қарым - қатынасты осы қарапайым өзара сыйлаудан басталатындығын көрсетеді.
Жоғарыда айтылған танымдық теорияның тікелей қарым - қатынаспен тығыз байланыста екені аталып кетті. Ал, ойын арқылы төменгі сынып оқушыларының да ең алдымен қарым – қатынасын нығайтып, танымдық белсенділігін арттыру бірінші жолға қойылатыны белгілі.
Ойындардың сан алуан түрлілігі балалардың ой-өрісінің дамуына, танымның артуына, олардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруіне маңызы орасан зор.
Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани баии түсуіне еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек етері сөзсіз.
Ұлт ойындары ата - бабамыздан бізге жеткен, өткенімен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: "ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".
Міне ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қоғамдық жас ұрпақты тәрбиелеу, танымдық белсенділігін арттыру, білім беру талаптарына гуманистік өнегелілік және адамгершілік қасиеттерін терең сіңіріп, ұлттық саналы тәрбие, сапалы білім жүйесін қалыптастыру "Қазақстан-2030" стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет