Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері


I. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту



бет8/11
Дата25.06.2022
өлшемі103,07 Kb.
#37299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері

I. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:
— оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллеюуалдық жарыстар);
— пәндердің клубтық жә не үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);
— музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:
1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);
2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);
3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;
4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:
1 кезең — осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.
2 кезең — шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? — дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.
3 кезең — шығармашылық істің жүзеге асуы.
4 кезең — атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.
Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.
Тәрбие технологиясының кез — келгенінің ең маңызды кезеңі — қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.
3.2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру
. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:
• адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);
• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);
• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.
Оқу процесі барысында ғылым негіздерін оқу арқылы әдебиет пен өнер туындыларын, тарихи оқиғаларды, қоғамдық процестерді, ғылым негіздерінің өзара байланыстарын сезіну және ойша қорыту, ал әдеп этикасы негіздерін оқу арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік ойдың қалыптасуы жүреді.
Сабақтан тыс уақытта проблемалық — психологиялық жағдай туғызу, ұжымдық шығармашылық істер сыртқа саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу, спорттық жарыстар, ЕТЛ (еңбек-тынығу лагерлері), пәндік лагерлер, сыньштағы, мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Өзара көмек көрсету жағдайлары, адамгершілік сезімнің оянуына қажеттілік туғызатын оқиғаға талдау жасайтын ситуациялар өте маңызды орын алады. Сол себептен де оқу — тәрбие процесінде оқушылармен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет