Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет18/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#35649
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөйлеу әрекетінің негізгі түрі ретінде оқудың мәні неде?
2. Мәтіннің мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай беру дегенді қай түсінеіз?
3. Оқуға үйретудің қандай әдістерін білесіз?
4. Оқуға қойылатын қандай талаптарды білесіз?
5. Оқу-әдістемелік кешеннің оқуға үйретуге байланысты берілген нұсқаулармен танысып шығыңыз.
6. Оқуға арналған мәтіндердің мазмұнымен танысып,оны толық талдап шығыңыз.
7. Оқулықтан бір мәтінді алып, өзіңіздің шет тіліндегі мәтінді оқу жыоламдығын анықтаңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М., «Просвещение» 2000
Әдістемелік ойындар.
Төменде берілген ойындар костюм, арнайы орынды қажет етпейді, бұл ойындарды сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады.
1-ойын
Тақтада “Bingo” сөзі жазулы тұрады. Мұғалім балалармен бірге дөңгеленіп айнала отырып тақпақтың екі жолын айтады.
The farmer’s dog is at our door.
And Bingo is his name.
Bingo, Bingo,
And Bingo is his name.

“Name” сөзіне келгенде барлығы тоқтайды. Балалардың біреуі тақтаға қарап B [bi:] әрпін айтады. Содан өзінің сол жағындағы көршісін көрсетеді. Ол келесі әріпті айтады I [ai], т.б. Осылайша сөздің соңғы әрпіне дейін жалғасады. Соңғы жолды балалар хормен айтады. Басқа да аттарды айтуға болады: Rex, Spot, Berry.
2-ойын
Сыныпқа жұмбақ берместен бұрын, оқушы өз отбасы туралы айтып береді:
“My family is large. I have a mother, a father, a grandmother, a grandfather and sister Mary. I have uncles and aunts, too.”
Guess my riddle: His name is John.
He is not my uncle.
He is not my father.
He is not my grandfather.
Who is he? (answer: He is your brother)

3-ойын
Барлық оқушыларда түрлі – түсті қарындаштар болуы керек. Мұғалім ойынның шартын түсіндіреді. Балалар, сендер жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығатынын білесіңдер. Осындай кемпірқосақты салып көрейік. Бірақ мынандай шарт бар: мен ағылшын тілінде түстерді атаймын, сендер сол бойынша сурет саласыңдар. Мынандай ретте салайық: red, orange, yellow, green, blue, violet.
Включить звук

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет