Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі


«Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» пәні



бет6/6
Дата13.06.2023
өлшемі25,33 Kb.
#100777
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бітіруші студенттерге арналған бағдарламалық сұрақтар 2023

«Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» пәні
1. «Жаратылыстану» пәнінде «шиыршық» қағидаты негізінде біртіндеп тереңдетіле, күрделене және ұлғайтыла отырып қайта қарастырылатын белгілі бір тақырыптарға мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
2. Зертте. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан мысал қарастырып, тапсырмаларды орындау әдістемесіне талдау жасаңыз.
3. Ойлан. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан мысал қарастырып, тапсырмаларды орындау әдістемесіне талдау жасаңыз.
4. Модель жаса. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан мысал қарастырып, тапсырмаларды орындау әдістемесіне талдау жасаңыз.
5. Жаратылыстану оқулықтарындағы бас кейіпкерлер Негеш пен Эвриканың оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандыратын тапсырмаларына талдау жасаңыз.
6. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан жергілікті материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған тақырыптарды қарастырып, талдау жасаңыз.
7. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын меңгеру үдерісінде оқушыларға түрлі дереккөздерді қолдану дағдыларын дамытатын тапсырмаларды ұйымдастыру әдістемесін көрсетіңіз.
8. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысуға бағытталған тақырыптарды қарастырып, талдау жасаңыз.
9.Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тақырыптарды іріктеп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
10. «Жаратылыстану» пәнінде жобалау технологиялары арқылы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін көрсетіңіз.
11. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын меңгеруде оқушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану жолдарын көрсетіңіз.
12. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын меңгертудегі оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану жолдарын көрсетіңіз.
13. Жаратылыстану пәнін оқытуда жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, қарым-қатынасқа түсуге бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған жағдаяттар үлгісін көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
14. Жаратылыстану сабағындағы қызығушылықты ояту кезеңінің үлгісін көрсетіңіз.
15. Жаратылыстану сабағындағы мағынаны тану кезеңінің үлгісін көрсетіңіз.
16. Жаратылыстану сабағындағы ой қорыту кезеңінің үлгісін көрсетіңіз.
17. Ұсынылған жаратылыстану оқулықтарынан жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін зерттеу жүргізуде бақылау тәсілін қолданудың үлгісін көрсетіңіз.
18. Жаратылыстану пәнінде проблемалық оқытудың элементтерін қолдану үлгісін көрсетіңіз.
19. Жаратылыстану пәнін оқытуда АКТ құралдарын қолданудың маңыздылығын дәлелдеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет