Байланысты: Бітіруші студенттерге арналған бағдарламалық сұрақтар 2023
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні Көркем жазудың маңыздылығын дәлелдеңіз және жаңа әріпті үйретуге оқыту әдістемесін көрсетіңіз
Бастауыш сыныптағы диктант түрлері және оларға толық сипаттама жасаңыз
Оқушылардың алғашқы жазу дағдыларын қалыптастастыруда қолданылатын әдістерге талдау жасаңыз.
«Қазақ тілі» пәнінде шиыршық қағидаты негізінде біртіндеп тереңдетіле, күрделене және ұлғайтыла отырып қайта қарастырылатын белгілі бір тақырыптарға мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
3-сынып оқулығы бойынша сын есімнің шырай категориясының ерекшелігін дәлелдеп көріңіз
Я, ю әріптерін сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру әдістемесіне талдау жасаңыз.
Мәтіндегі синоним, антоним, омоним сөздердің мағыналарын ажыратуға үйрету жолдарын көрсетіңіз
Ұсынылған «Қазақ тілі» оқулықтарынан зат есімнің тәуелденуі, тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлеріне байланысты жаттығулардың орындалуына талдау жасаңыз
4-сынып оқулығы бойынша етістіктің шақтарын оқыту әдістемесіне талдау жасаңыз
Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылу ерекшелігіне және оқушыларға меңгерту әдістемесіне талдау жасаңыз.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын (сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу; сөздердің орналасу тәртібін ескере отырып, сөздерден сөйлем құрау; сұрақ бойынша сөйлемді толықтырып жазу; үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу, дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу) оқыту әдістемесіне талдау жасаңыз.
Сөз құрамын (сөздің түбірі мен қосымшасы, олардың бір-бірінен айырмашылығы; қосымша түрлері: жұрнақ пен жалғау, олардың белгіленуі) оқыту әдістемесіне талдау жасаңыз.
Сан есімнің түрлері, есептік және реттік сан есімдердің жасалу жолын дәлелдеңіз
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда шығармашылық жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Хат жазу үлгісін көрсетіңіз
«Қазақ тілі» пәнінде мәтінді (мәтіннің құрылымы; мәтін түрлері; мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау) оқыту әдістемесіне талдау жасаңыз.
Оқу түрлеріне (дауыстап оқу, іштен оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу) түсінік беріп, кез-келген ақынның бір өлеңін жатқа оқу дағдысын сақтай отырып орындаңыз
Морфологиялық жаттығуларды орындауда оқушылардың сөз таптары, сөз құрамы туралы түсініктерін кеңейту, негізгі ұғымдарды меңгертуге басшылық жасау әдістемесімен таныстырыңыз (9 сөз табы жайлы ақпарат, талдау-жинақтау әдісі)
Бастауыш сыныпта «Зат есімді» бірізділік, жүйелілік қағидатымен оқыту әдістемесін көрсетіңіз
Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлерін көрсетіңіз, шығармашылыққа, танымдыққа жетелейтін технологияларды айтыңыз