Байланысты: Бітіруші студенттерге арналған бағдарламалық сұрақтар 2023
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні 1. Дайындық жұмысында қарастырылатын жаттығулар мысалында құрама есепті енгізу әдістемесіне талдау жасаңыз
2. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Құрама есептердің түрлері және есепті шығаруға үйрету технологиясын көрсетіңіз
3. Құрама есепті шығару процесінің кезеңдеріне әдістемелік тұрғыдан талдау жасап, көрсетіңіз. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырыңыз
4. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есеп: Қозғалысқа берілген есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
5. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есеп: «Бірігіп жұмыс жасауға» арналған есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
6. Есеп шешудің негізгі тәсілдері: Арифметикалық. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
7. Есеп шешудің негізгі тәсілдері: Алгебралық. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
8. Есеп шешудің негізгі тәсілдері: Графикалық. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
9. Практикалық мазмұнды есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
10. Шығармашылық тапсырмалар. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, тапсырмаларды орындау әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
11. «Математикалық модельдеу (жай есептер және оларды шешу)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясына әдістемелік тұрғыдан талдау жасап, көрсетіңіз
12. Есеп терминін енгізу және есептің құрама бөліктерін (шарты, сұрағы) талдау және шешу кезеңдерімен таныстыру әдістемесін көрсетіңіз
13. 1-сыныпта қарастырылатын жай есеп түрлері: Қосындыны табуға арналған жай есеп; Қалдықты табуға арналған жай есеп; Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған жай есеп; Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған жай есеп; Сандарды айырмалық салыстыруға арналған жай есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
14. 2-сыныпта қарастырылатын жай есеп түрлері: Белгісіз қосылғыштарды табуға арналған жай есептер; Белгісіз азайғышты табуға арналған жай есептер; Белгісіз азайтқышты табуға арналған жай есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
15. 3-сыныпта қарастырылатын жай есеп түрлері: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер; Теңдей және тиісінше бөлуге арналған есептер; Бірнеше бірлікке есе артық және бірнеше бірлікке есе кем санды табуға арналған есептер; Сандарды еселік салыстыруға арналған есептер; Саны бойынша үлесін табуға және үлесі бойынша санды табуға арналған есептер; Бағасы, саны және құны; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы; бір заттың массасы, заттың саны және барлық заттың массасы, т.б. арасындағы тәуелділікке негізделген есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
16. 4-сыныпта қарастырылатын жай есеп түрлері: Амал қатынастарымен байланысты тура және жанама түрде тұжырымдалған жай есептер; Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
17. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері мен белгіленуі; қарапайым геометриялық салулар; геометриялық мазмұнды есептер. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
18. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: геометриялық шамалар (фигураның периметрі, ауданы мен көлемі). Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
19. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: көпбұрыштардың периметрлерін, тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемін есептеп табу. Ұсынылған математика оқулықтарынан мысал қарастырып, есептің шығару әдістемесіне талдау жасап, көрсетіңіз
20. Есепті шешу үдерісінің міндетті кезеңдерін айқындап, есепті талдау әдістемесіне қадамдары бойынша талдау жасаңыз (Ұсынылған математика оқулықтарынан бір есепті таңдап алып, оқыту әдітемесін көрсетіңіз)