«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Төмендегі болжау мәтіні арқылы тақырып қойып негізгі ойды анықтаңыз



бет38/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
10. Төмендегі болжау мәтіні арқылы тақырып қойып негізгі ойды анықтаңыз
«Әбден есептен шатасқан Қожанасыр қайтадан санауға кірісті. Бірақ тағы жаңылысты. Қайыра есептей бергенде, тағы лағып кетті. Акыры, шыдамы таусылып:
-Ойлан, ойлан дұрыстап, деп өз басын жұдырығымен ұрып қалды. Оқыс соққыдан басындағы бөркі ұшып кетіп,ішіндегі жұмыртқалар жерге шашылып түсті. Қожанасырдың тәтті қиялы быт-шыты шыққан жұмыртқалармен бірге қирап, іске аспай қалды.

11. Түсініп оқу, мәнерлеп оқу, дауыс күші, қарқыны, тембр туралы түсінік
Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі - түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында тұрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарында ерекше мән беруі керек.
Өз бетінше мәтінді оқы, оның мазмұнын өз сөзімен айтып беру - бастауыш сынып балалары үшін қиынға соғады. Бұған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, өз сөздерімен жеткізе алатынын байқатады. Өйткені ауызша айтылған сөзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне көңіл бөледі. Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі - мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Еңдеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз - дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу. Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.
Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр.
Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер - оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер - құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі.
Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.
Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта оқу шығарманық мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана іске аспақ.
Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген Көркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, дикциясы ашық, таза болуы керек, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысындаоны дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-интонацияның орны бөлек. Көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жандүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Дауыстың күші, темпі /қарқын/, /тембрі/ туралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысңаша түсінік берелік. Интонацияны сақтауда кіді-рістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бүйрың береді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет