«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет1/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П


Кешенді емтихан 1 «Бастауыш мектеп оқу пәндерінің теориясы мен әдістемесі», «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (ауызша):

«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»

  1. Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырад
Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. 


  1. Тәрбие процесінің принциптері, негізгі бағыттары

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.
 Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:
 тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
 тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
 тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
 тәрбие гуманизациясы;
 тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
 тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет