Бастауыш мектепті ң мұғалімдеріне арналған критериалды ба ғалау бойынша басшылық



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#5456
1   2

I тоқсан 

II тоқсан 

III 

тоқсан 

IV тоқсан 

1A бөлім – Өзім 

туралы 

2A бөлім – Менің 



отбасым және 

достарым 

3A бөлім – Саяхат 

4A бөлім – Тағам 

және сусын 

Мен кіммін? 

Мен 

қандаймын?  



Мен нені жақсы 

көремін? 

Мен үйде 

уақытымды қалай 

өткіземін? 

 

Бүгінгі Қазақстандағы 



үйлер және 

отбасылық өмір 

қандай?  

Достық  дегеніміз  не? 

Неліктен 

достарың 

болғаны маңызды?  

Қазақстанның  бүгінгі 

үйлері

 

Ертеде қазақтар қандай 



үйде тұрды? Уақыт өте 

келе олар қалай 

өзгерді?  

Ежелгі дәуір және 

алғашқы адамдар 

тіршілігі қоныстануға 

қалай әсер етті? 

Біз үйде және 

мектепте немен 

тамақтанамыз? 

Месопотамиядағы 

адамдар немен 

тамақтанды? 

Месопотамия 

базарларында  

қандай азық-түлік 

түрлерін сатып алуға 

болатын? 

1Б бөлім – 

Менің мектебім 

2Б бөлім  – Бізді 

қоршаған әлем 

3Б бөлім – Салт-

дәстүр  және ауыз 

әдебиеті 

4Б бөлім – Дені 

саудың – жаны сау 

Менің мектебім 

қандай? 

 

Барғымыз келетін 



орындарға өз 

жолымызды қалай 

табамыз?   

 

Дәстүрлер мен 



фольклор адамдардың 

қалыптасуы мен 

тәрбиесінде қандай рөл 

атқарады?  

Біздің сымбатты 

және сау 

болуымызға не 

әсер етеді? 



 

2.3 

Қалыптастырушы бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық  

 

Барлық  пәндер бойынша қалыптастырушы  бағалау бойынша  іріктелген оқу 

мақсаттары туралы ұсыныстары бар құжаттар қолжетімді. Аталған құжаттар: 

 



бағаланатын оқу мақсаттарынан; 

 



бағалау  бойынша  ұсыныстар:  қалыптастырушы  бағалау  үшін 

тапсырмаларды жоспарлау бойынша ұсыныстардан; 

 

жетістік  критерийлері:  оқушының  оқу  мақсаты  «жетті»  немесе 



«талпынатынын» анықтайтын критерийлерден тұрады.  

Мысал  ретінде  «1-сыныптағы  «Дүниетану»  пәнін  бағалау  бойынша 

әдістемелік ұсыныстар» құжатынан үзінді берілген. 

12 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

Оқу 

бағадрлама

сына 

сілтеме 

Оқыту 

мақсаты  

Бағалау бойынша ұсыныстар 

Қоғамды 


білу және 

түсіну  


 

Үй және 


жанұя  

 

1.4.1.1. 



Өз 

мекекн 


жайын атау, 

үйлерін 


сипаттау 

Мұғалім  топтағы  оқушыларға  мекен  жайларын 

жазуды және өз үйлерін сипаттауын  ұсынады.  

 

Оқушыларға  топта    қонактар  келерге  дейінгі 



жағдайды мысал ретінде ойнауды ұсынуға болады. 

 

Жетістік критерийлері 



Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі  

 



мекен жайын толық атай алады; 

 



өз үйінің бөліктерін сипаттайды. 

 

3. 

Қалыптастырушы  бағалау 

 

Ағымдағы түсінік деңгейін және прогресін анықтау үшін  белгіленген уақыт 



бойында  сабақты  тиімді  беру  және  оқыту  мақсатында  оқушыларды  бақылау 

қажет.  Қалыптастырушы  бағалау  осы  үшін  жұмыс  жасап  және  оқушының 

тоқсандағы  немесе  оқу  жылындағы  жетістіктері  туралы  шешім  қабылдауға 

мүмкіндік  береді.    Қалыптастырушы  бағалау  сабақ  берудің  және  оқытудың 

бөлінбейтін  бөлігі  болып  табылады,  ол  жеке  қосымша  тапсырма  немесе  тест 

ретінде қаралмайды.  

 

3.1 

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптері  

 

Әр  сыныпта  сабақ  беру  үдерісінде  мұғалім  оқу  бағдарламасының  оқыту 



мақсатының бәрін қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу 

мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекетер берілген.  

 

Бағалау  үдерісі  қолайлы  және  басқарылатын    болуы  үшін    әр  тоқсанда 



қалыптастырушы  бағалаудың  10  оқу  мақсаты  іріктелінген.  Осы  оқу  мақсаты 

мұғалім  мен  оқушыға  дағдының  және  түсініктің  прогресін  пәндер  бойынша 

анықтауға мүмкіндік береді.  

Тоқсан  басында  мұғалім  қалыптастырушы  бағалау  үшін  іріктелінген  оқу 

мақсаттары  оқу  жоспарында  қамтылғанын  анықтауы  қажет.  Бұл  оған 

қалыптастырушы  бағалауда  өз  жұмысын  ертерек  жоспарлауға  мүмкіндік 

13 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін 

көрсетеді.  Алайда,  мұғалім  оқушының  жеке  ерекшеліктерін  және  оқу 

контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады. 

Қалыптастырушы  бағалаудың  көмегімен  мұғалім  оқушымен  оқу  мақсатына 

қашан жеткенін көрсете отырып, оның прогресін белгілейді. Және де келешекте 

ол  сабақ  оқытуды  жоспарлауда  және  оқытуда  мұғалімге  көмекші  бола  алады. 

Оқушылармен  бірге  іріктелген  оқу  мақсаты  «жетті»  және  «талпынады» 

бойынша  рефлексия  жүргізуіне  болады  және  сабақ  беру  үдерісінде  оқу 

мақсатына  әлі  де  талпынатын  оқушылардың  оқу  мақсатына  жету  мүмкіндігін 

қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты 

беру  аса  маңызды.  Оқу  мақсатына  сүйеніп,  оқушылар  қай  жерде  жетістікке 

жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.  

Жетістік критерийлерімен және оқу мақсатымен оқушыларды таныстыру аса 

маңызды.  Әр  тоқсан  басында  мұғалім  оқушыларға  пән  бойынша  тоқсандағы 

оқу  мақсаттарын  таныстырады.  Осы  ақпарат  ақпараттық  парақшалар  және 

брошюралар  шығару  арқылы  дайындалады.  Қалыптастырушы  бағалау  өткізу 

кезінде  оқушыларға  оқу  мақсатын  бағалайтын  жетістік  критерийлерін  беру 

қажет.  Қалыптастырушы  бағалаудың  нәтижелері  тіркеу  журналында  белгілеуі 

тиіс.  Мұғалім  оқушының  аты  жазылған  әр  жұмыстың  бағалау  нәтижесін 

жазатын  дәптер  жүргізуі  мүмкін.  Бұл  мұғалімге  оқушының  сыныпта  және 

тапсырма  орындағанда  бақылау  жүргізуіне  мүмкіндік  береді.  Осы  дәптердегі 

ақпараттар бағалау өткеннен кейін тіркеу журналына нәтижелері көшірілуі тиіс. 

 

3.2 



Қалыптастырушы бағалауды сабақ оқытуды жетілдіру үшін қолдану 

 

Қалыптастырушы  бағалаудың  іріктелінген  оқу  мақсаттары  бойынша  шешім 



қабылдағаннан  кейін,  мұғалім  өз  оқушыларының  нәтижелерін  сараптауы 

маңызды.  Оқушылардың  бастапқы  білімдері  негізінде  күтілетін  нәтижелердің 

қандай  болатыны  туралы  ойлану  қажет.  Күтілетін  нәтижемен  мұғалімнің 

шешімі  сәйкес  келе  ме?  Мұғалім  келешектегі  жұмысын  жоспарлау  үшін 

рефлексия қолдануға тиіс. Мысалы, оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына 

жетеді деп күтілсе, алайда олар оған жетпесе, осындай оқушыларға көмектесу 

үшін келесі сабақтардың мазмұнын қалай өзгеру керекті туралы ойлану қажет. 

Егер  сыныптың  жартысы  оқу  мақсатына  «жетті»,  ал  жартысы  «талпынады» 

болса,  оқушының  прогресінің  әр  деңгейін  қолдау  үшін  дифференцияланған 

тапсырмаларды  беру  туралы  ойлану  қажет.  Дифференциация  әр  топ  үшін  әр 

түрлі тапсырмаларды пайдалану керектігін ескереді, әр түрлі ресурстар немесе 

оқу  мақсатына  «жеткен»  оқушылар  үшін  қосымша  әр  түрлі  тапсырмаларды 

дайындауды  да  ескереді.  Оқушының  өз  жұмысының  келесі  қадамын  және 

мақсатын білу маңызды. 

14 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

 

3.3 



Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалауы 

 

Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді 



тәсіл  ретінде  топтағы  жұмысты  қолдана  алады.  Оқушыларды  жетістік 

критерийлерімен  алдын  ала  таныстыру  керек.  Мұғалім  топтық  жұмыста  әр 

топтың  оқушыларын  тыңдайды  және  бақылайды:  оқушылардың  көбі  жетістік 

критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім осы оқушылардың 

аттарын жазып алуы керек.  

Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды бақылап 

және қосымша сұрақтар қоюы қажет: 

-

 



Сіздер осы туралы не ойлайсыздар? 

-

 



Маған Сіз өз тобыныңызда нені талқылағанды түсіндіре аласыз ба?   

Егер  де  оқушылар  пратикалық  жұмыс  орындаған  болса,  онда  сұрақтар  осы 

тапсырмаға қатысы бар болуы керек:  



Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? 



Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?  



Сіз осы тапсырмада ерекше бірдеңені байқадыңыз ба? 

Топтық  жұмыс  жасау  кезінде  мұғалім  барлық  топтардың  жұмысын  

бақылауға  тиіс.  Топтағы  жұмысты  бақылауды  және  тапсырма  орындауға 

қатысуды қатарынан атқаруға болады. Жауаптары бағалағаннан кейін мұғалім, 

әлі де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға 

оқу  мақсатына  жету  үшін  тағы  да  бір  мүмкіндік  беруі  керек.  Осы  жағдайда 

оқушыларға келесілерді ұсынуға болады: 

 



жаңа идеяны құрастыру; 

 



екі (немесе одан көбірек) идеяны салыстыру; 

 



идеяны бағалау; 

 



топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;  

 



сұрақтарға жауап беру. 

Аталған  барлық  пунктер  белгілі  оқу  мақсаттарына  жетуді  дәлелдеп  бере 

алады.  

 

4. 



Ішкі жиынтық бағалау 

 

4.1 



Мақсат  

 

Оқу  бағдарламасында  және  оқу  жоспарында  анықталған,  оқу 



бағдарламасының  мазмұнын  оқушылардың  білуі,  дағдылары  және  түсінуі 

туралы  дәлелді  ішкі  жиынтық  бағалау  береді.  Ішкі    жиынтық  бағалау  ҚР 

Ұлттық  білім  беру  академиясымен  ұсынылады.  Бағалау  барлық  оқу  мақсатын 

15 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

тоқсандағы оқу жоспарына сәйкес тексереді.  

 

Бағалаудың  нәтижесін  мұғалім  және  оқушылар  оқушының  оқудағы 



прогресін  өлшеу  үшін  пайдалануына  болады.    ІЖБ    нәтижесін,  оқушылардың 

оқу бағдарламасының мазмұнын және қандай дағдыларды қаншалықты тиімді 

игергеніне сараптама жасауға болады. Қалыптастырушы бағалауда сияқты, осы 

ақпарат мұғалімдерге болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді. 

 

4.2 

Ішкі жиынтық бағалаудың тест спецификациясы 

 

ІЖБ тест спецификациясы ІЖБ үлгісін және мазмұныны көрсетеді. Олар ІЖБ 



дайындау үшін негіз болып табылады. Пәндер және сыныптар бойынша тестік 

спецификациялық құжаттар келесі ақпараттан тұрады: 

 

Әр сынып үшін бағалауды өткізудің ұзақтығы 



 

Әр сынып үшін әр жұмыстың балдары 



 

Оқу мақсаты бойынша балдардың бөлінуі 



 

Балл қою кестесі және мысал сұрақтары 



 

Бағалау өткізу үшін практикалық талаптар 



Мұғалімдер мен оқушылар тест үлгісімен осы спецификация арқылы таныса 

алады.  


 

4.3 

Ішкі жиынтық бағалауды өткізу 

 

Ішкі  жиынтық  бағалау  бақылау  жұмысы  ретінде  берілген,  сондықтан  ІЖБ 



өтерге  дейін  материалдар    оқушылардан  қатаң  құпия  түрінде  ұсталынуы 

қажет.  Олар  жабық  шкафта,  оқушылар  көре  алмайтын  жерде  сақталуы  тиіс. 

Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған 

жерде сақталынады.  

 

ІЖБ негізінен мұғалімдер өткізеді,  оқушылар ІЖБ жазғанда, кабинетте 



тек  бір  мұғалім  болуы  мүмкін.  Мүмкіндігінше,  кез-келген  бос  мұғалім  ІЖБ 

өткізуде  мұғалімге  көмектесуі  қажет.  Бұл  адам,  көмекші  бақылаушы  рөлін 

атқарады  және  ол  бас-бақылаушы  мұғалімнен  нұсқаулық  алады.  ІЖБ  өткізу 

кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және 

тәртіппен  өткізуді  мұқият  бақылаулары  қажет,  басқа  іс-әрекет  жасамаулары 

өте  маңызды  (мысалы,  дәптер  тексеру,  ноутбукте  жұмыс  жасау).  Бағалау 

кезінде  барлық  мұғалімдер  мен  қатысқан  бақылаушылар  шапшаң  және  зейін 

қоятын мұғалімдер болуы керек.   

 

4.3.1 

Ішкі жиынтық бағалауды өткізуге дайындық 

 

  



ІЖБ  өткізілетін  кабинеттерді,  мұғалімнің  алдын-ала  дайындап  қоюы 

16 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

қажет.  Бұл  кабинеттер  оқушылардың  күнделікті  сабақ  өтетін  кабинет  болуы 

және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек.  ІЖБ кабинетті дайындағанда 

келесілерге назар аудару қажет:  

 

оқушыларды  қалай  отыратыны  туралы,  олар  жеке,  шусыз  жұмыс 



жасайтынын ойлау қажет; 

 



оқушылар  бір-бірден,  тақта  жаққа  қарап,  басқа  оқушылардың 

жұмыстарына  қарай  алмайтындай  болып  отырулары  керек.  Екі  партаның 

арасы  егер  оқушылардан  сұрақ  және  мәселе  туындаса,  мұғалім  мен  

бақылаушылар оңай өтуі болатындай болуы керек;   

 

негізгі  нұсқаулықтар  мен  уақытты  көрсетіп  жазатын  тақта  немесе 



флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;  

 



оқушы  тапсырма  орындаған  кезінде  көмек  беретіндей  кез  келген 

көмекші  құралды  немесе  плакатты  қабырғадан  жауып  қою  немесе  алып 

тасталынуы қажет.  

ІЖБ  өткізер  алдында,  мұғалім,  оқушылардың  ІЖБ  тапсыруға 

көмектесетіндей  заттарды  әкелмегендеріне  көз  жеткізуі  керек.  Оқушылар 

өздерімен  тек  нұсқаулықтың  сұрақ  кітапшасында  жазылған  заттарды, 

құралдарды,  немесе  материалдарды  алып  келуіне  болады.  Тыйым  салынған  

заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.  



 

4.3.2  

Ішкі жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық  

 

Оқушылар  орындарына  отырғаннан  кейін  және  ішкі  жиынтық  жұмысын 



орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді жасау керек: 

 



тапсырмалаларды төмен қаратып оқушылардың партасына қояды және 

оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды; 

 

оқушыларға бағалау өткізудің ережесіне сәйкес өтуін түсіндіреді; 



 

оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек 



сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады; 

 



басталғанға  дейін,  оқушыларда  тапсырма  орындауда  керекті 

құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар қажет 

болса,  мысалы:    сызғыш  немесе  калькулятор,  олар  сұрақ  кітапшаларының  

алдында тұруы керек;  

 

оқушылардан  тапсырмалары  бар  парақтарды  аударып  ақпаратты 



толтыруын  өтініңіз:  оқушының  фамилиясы,  аты  және  сыныбы  (мектебі) 

толтырылады; 

 

бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға жұмыс 



орындауға  қаншалықты  уақыт  бөлінгенін  айтыңыз.  Бағалау  өткізуде 

оқушылардың бір-бірімен  сөйлеспейтіндігі  туралы  естеріне  салыңыз.  Мұғалім 

17 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс басталарға дейін барлық сұрақтарға 

жауап беріп олардың оқушылардың түсінгеніне көз жеткізуі керек;  

 



барлық  оқушылар  еститіндей,  басталу  және  аяқталу  уақытын  тақтаға 

жазып және дауыстап айту керек;  

 

 



бағалау  кезінде  оқушылардың  өздерінің  жеке  жұмыс  орындағанына 

көз жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері, немесе жұмысты бір-бірінен көшірмеулері 

керек; 



 



оқушылардың  тапсырма  орындауында  оларға  көмектесетіндей 

қосымша  тұпнұсқалардан  ақпарат  алатындай  мүмкіндіктері  жоқ  екеніне  көз 

жеткізіңіз (егер де осы заттар тестік спецификацияда қарастырылмаса); 

 



оқушыларға  мүмкіндігінше  барлық  тапсырмалардың  орындауларын, 

және орындай алмаса қиналмауларын түсіндіру қажет;  

 

оқушыларға  дұрыс  емес  жауапты  өшіргеннен  де  сызып  тастауы 



керектігін  түсіндіру  керек.  Графикті немесе  диаграмманы өшіру  үшін, немесе 

дұрыс жауап боялып немесе асты сызылып берілсе өшіргішті қолданған дұрыс;  

 

«Ғылымға кіріспе» және «Математика» пәндері бойынша, оқушыларға 



шешу  жолдарын  көрсетуді  содан  кейін  ғана  жауап  бағанында  соңғы  дұрыс 

жауапты жазу керектігін түсіндіру қажет;  

 

Бағалау  кезінде,  жұмыс  орындау  барысында  мұғалім  нұсқаулыққа 



қатысты  сұрақтарға  жауап  беруіне  болады.  Мұғалім  оқушыларға  жұмыс 

орындауына  көмектеспейді,  сұрақтарды    ауыстыруға  немесе  ақпарат  алуға 

көмектеспеуі тиіс.   

Ішкі  жиынтық  бағалау  кезінде  мұғалім  үнемі  оқушыларды  бақылап  және 

осыған  көп  көңіл  бөлуі  қажет.  Қай  оқушының  қатысқанын  немесе 

қатыспағанынын белгілейді.Оқушылардың жас айырмашылығына байланысты 

оларды  уақтылы  жұмыстың  аяқталуына  қанша  уақыт  қалғанын  айтып  тұруы 

керек.  Бағалаудың  аяқталынуына  5  минут  қалғаны  туралы  оқушыларды 

хабарландырып отыру керек.  

Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса, оны 

өз  жауаптарын  тағы  да  бір  рет  қарап  шығуын,  немесе  жауап  бермеген 

сұрақтарға жауап беруін ескерту керек. Оқушылардан жұмысты орындау үшін 

берілген 

уақыт 


біткеннен 

кейін 


жазбауларын 

және 


партаға 

каламсап/қарындаштарын алып қоюларын айту керек. Оқушылардан сұрақтар 

бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын қарап шығуды сұраңыз. Барлық 

жұмыстарды жинап алғанға дейін барлық оқушылардың тыныш отырып және 

бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды.  

 

4.4 

Бағаларды  қою 

 

18 



Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

Ішкі  жиынтық  бағалау  балл  қою  кестесіне  сәйкес  дайындалуы  керек,  олар 

мұғалімдерге  тексеру  үшін  беріледі  және  критерийлерден  тұрады,  осыларға 

байланысты оқушының үлгерімі туралы шешім қабылданады.  

Ішкі  жиынтық  бағалау  аяқталғаннан  кейін  мұғалімдер  балл  қояды.  Осы 

қойылған  балдар  салыстыруды  қамтамасыз  ету  үшін  әдістемелік    бірлестіктің 

жетекшілерімен тексеріледі. Мұғалім әр жауаптың балдары мен нәтижелерінің 

дұрыс жазылғанын тексеруі керек. 



 

5. 

Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы  

 

Қалыптастырушы бағалудың модерациясы 

Қалыптастырушы  бағалауды  бірыңғай  түсіну  мақсатында  мұғалімдер 

модерация өткізу үшін үнемі жиналып отырулары керек. 

Керек жағдайда әр  оқу мақсатының модерация үдерісін қолдау үшін нақты 

пәнді бағалау бойынша дәлелдемелерді әдістемелік ұсыныстар береді.  

Модерация  –  әр  мұғаліммен  бағалау  өткізу  бойынша  бірыңғай  стандартты 

қамтамасыз  ету  үдерісі.  Ол  мұғаліммен  бағаланған  жұмыс  үлгілері  немесе 

іріктелген  мысалдар  арқылы  өткізіледі.  Мысалы,  мұғалім  бір  оқу  мақсаты 

бойынша  оқушылардың  3  жұмыс  үлгілерін:  оқу  мақсатына  жеткен  екі 

оқушының  жұмысын  және  «талпынады»  нәтижесін  алған  оқушы  жұмысын 

іріктеп  алуына  болады.  Содан  кейін  бұл  жұмыс  үлгілері  басқа  мұғалімдердің 

үлгілерімен  бірыңғай  стандарттың  болуын  шешу  үшін  салыстырылады.  

Қалыптастырушы  бағалаудың  модерациясы  бірыңғай  жетістік  критерийлердің 

қолданғанының  және  барлық  оқушылар  әділетті  де  нақты  бағаланғанының 

кепілі. Модерацияны оқушының портфолиосын пайдаланып та өткізуге болады.  

Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы бірнеше элементтерден тұрады: 

• 

Стандарттау 



• 

Ішкі  модерация – мектеп ішінде 



Стандарттау: Стандарттаудың мақсаты - оқушының жетістігі туралы шешім 

қабылданғанға  дейінгі  бағалау  және  стандарттау  үдерісінде  жалпы  түсініктің 

бірдей  болуын  қамтамасыз  ету.  Стандарттау  әр  тоқсан  басында 

қалыптастырушы  бағалау  өткенге  дейін  өткізілуі  керек.  Аға  мұғаліммен  және 

әдістемелік  бірлестіктің  жетекшісімен  мұғалім  оқушының  оқу  мақсатына 

жетуін немесе оған жетуге талпынатынын көрсететін оқушылар үшін тапсырма 

материалдарының  үлгілерін  қарайды.  Материал  үлгілерін  талқылау  мұғалімге 

жетістік  критерийлерін  қалай  қолдануға  және  пікірлердің  әр  түрлі  болған 

жағдайында  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  негіз  болады  немесе  оны  шешуге 

мүмкіндік береді.  



Ішкі модерация: әр тоқсанда қалыпастырушы бағалау өтердің алдында ішкі 

модерация  өткізу  үшін  мектеп  ішінде  пәндік  топтарға  жиналады.  Ішкі 

19 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

модерация  өткізу  кезінде  мұғалімдер  бірлесіп  өздерінің  кәсіптік  пікірлерін 

салыстырады  және  келіседі.  Бұл  үдеріс  мектеп  ішінде  мұғалімдермен 

анықталған оқу мақсаттарын бірыңғай бағалауды қамтамасыз ететін талқылауға 

әкелуі  қажет.  Қалыптастырушы  бағалауды  қолдануда  біркелкіліктің  кепілін 

қамтамасыз  етуде,  әр  оқу  мақсаты  бойынша  дәлел  ретінде  кемінде  екі 

мұғалімнің  қарауы  керек  және  алдыңғы  бағалауда  болған  түрлі  пікірлер 

анықталып, жазылуы және дайындалуы қажет. Кез келген шешілмеген әр түрлі 

пікірлер  әдістемелік  бірлестіктің  басшысымен  тоқсан  басында  стандарттау 

үдерісінде қаралған материалдар үлгісі басшылыққа алынып шешіледі.  

 

Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы 

Ішкі  жиынтық  бағалаудың  модерациясы  тоқсан  аяғында  өтіледі  және  ол 

оқушылардың  ішкі  жиынтық  бағалауының  нәтижелерін  талқылау  үшін 

арналған.  Аталған  үдерісті  мұғалім  бір  сынып  және  пән  бойынша  бағалауды 

стандарттау  мақсатында  өтізеді.  Модерация  қорытындысы  бойынша  ішкі 

жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгерілуі мүмкін.   

Ішкі  жиынтық  бағалаудың  модерациясы  анықталған  тәртіп  бойынша 

өткізіледі. Мұғалім: 

1) 

бағалау  стандарты  (критерий  бойынша    минималды  және  максималды 



балл,  бағалауы  қиындық  тудыратын    жұмыстар)  болатын  жетістік  деңгейін 

анықтауы, осыларға сәйкес жұмыстарды іріктеуі; 

2) 

қойылған бағалауды анықтауы, алдын-ала бекітілген критерийлерге сәйкес 



оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды талқылап, 

стандарттауы; 

3) 

модерация  қорытындысы  бойынша  оқушыға  жиынтық  жұмысына  балды 



қаламсаппен қоюы; 

4) 


керек  болған  жағдайда  жиынтық  бағалаудың  нәтижесін  жоғарлату  және 

төмендету жағына өзгертуге болады; 

6) 

модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы;  



7) 

отырыс хаттамасына қол коюы қажет. 

 

6. 

Оқушы портфолиосы 

 

Оқушының  оқу  жылы  бойындағы  прогресін  бақылау  мақсатында,  мұғалім 



оқушының  қалыптастырушы  және  ішкі  жиынтық  бағалауда  орындаған 

жұмыстарын сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір 

кезеңінде,  бір  немесе  бірнеше  пән  бойынша  жетістігін,  прогресін,  оқудағы 

нәтижені  көрсететін  жеке  жетістіктерді  мақсатты  түрде  жинау.  Порфолио 

оқушылардың  нәтижесін  бағалауда  әділдікті  және  шынайылықты  жоғарлату 

мақсатында енгізіледі. 

20 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

Портфолио  оқушылардың  қалыптастырушы  бағалаумен  бағаланатын  оқу 

мақсаттарына жетуін мұғалімге анықтауға көмектесін, және жұмыс дәптерінің, 

оқушылардың  салған  картиналарының,  практикалық  жұмыс  орындау 

барысындағы  суреттердің,  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерінің,  мұғалімнің 

оқушы  жұмысына  жазған  түсіндірмесінің  дәлелінен  тұрады.  Оқушылардың 

жұмыстарының біразы электронды түрде сакталуы мүмкін.  

 

Портфолио    модерация  кезінде  пайдалануға  болатын  оқу  жетістігінің 



дәлелінен  тұруы  мүмкін.    Оқушының  оқу  мақсатына  «талпынатынын» 

көрсететін дәлелі және жетістік критерийлері жүйелі түрде қолданатынына көз 

жеткізу модерация үшін пайдалы.  

Оқушылардың  ішкі  жиынтық  бағалау  бойынша  жұмысы  портфолиода 

бағалау критерийлерімен бірге сақталынады.  

Портфолионың  үлгісі  оқушының  жасы  және  пәнге  байланысты.  Мысалы: 

АҚТ  мен  Информатика  бойынша  портфолио  электронды  түрде  болуы  мүмкін 

(кейде ол электронды портфолио деп аталынады) және электронды тасығышта 

сақталынады (дискте).  

 

7. 



Нәтижелерді жазу және ұсыну 

 

7.1 



Нәтижелерді тіркеу журналы 

 

Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері «жетті» немесе «талпынады» деген 



шешім  түрінде  оқу  мақсаттары  бойынша  журналда  тіркелінеді.    Нәтижелерді 

жинау мұғалімге бағалаудың соңғы нәтижелерін көруге ғана емес, оқу үдерісі 

Оқушы 

портфолиосы 



сыныптық 

жұмыс 


дәптері

үй жұмысы

мұғалімнің 

түсіндірмесі

видеожазба 

презентациял

ары

сурет, 


шығармашыл

ық жұмыстар

оқушы 

жазбасы


21 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

барысында туындайтын жеке жағдайлар мен мәселелерді де көруіне мүмкіндік 

тудырады. Аталған нәтижелерді тіркеу жүйесі оқушылармен кері байланысты, 

ал  мұғалімге  оқушыларды  көмек  көрсететіндей  сабақтарын  жоспарлауға 

мүмкіндік береді.  

Мұғалім  оқушының  оқу  мақсатына  жеткеніне  сенімді  болса  «жетті» 

нәтижесін  қояды.  Оны  мұғалім  тапсырмаларды  орындау  кезінде  дағдыларды 

байқаса  немесе  тапсырманы  сыныпта  және  үй  жұмысын  орындағанда  қояды. 

Қабылданған  шешімді  қолдау  үшін  дәлелдер  жеткілікті  болу  қажет 

(тұжырымдау)  (мысалы, мұғалімнің жазбасы, үйде немесе сабақта орындаған 

тапсырмалары).  

«Талпынады»  нәтижесі,  егер  оқушы  оқу  мақсатына  жетпесе  немесе  жетуге 

әлі де талпынатын жағдайда қойылады. Мұғалім оқушыға оқу мақсатына жету 

үшін тоқсан барысында бірнеше рет мүмкіндік беруі қажет.  

 

ҚБ  мен  ІЖБ  нәтижелері  Тіркеу  журналына  жазылуы  керек.  Төменде 



журналдың  мысалы  келтірілген.  Көрсетілген  мысал,  жүйенің  тоқсандағы 

оқушының  жетістік  нәтижелері  туралы  мәліметті  бөлуге  ғана  емес,  сонымен 

бірге  сабақ  беру  практикасын  жетілдіруді  және  анализ  үшін  ақпараттың 

молдығын көрсетеді.  

 

Нәтижелерді тіркеу журналы 

 

7.2 

Оқушылардың оқу жетістігі туралы есеп 

 

Әр  тоқсан  басында  оқушылар  мен  ата-аналар  қалыптастырушы  бағалауға 



іріктелінген  оқу  мақсаттарымен  таныстырулары  керек.  Бекітілген  белгілі 

кезеңде жеке әр оқушының жетістігі туралы есеп берілуі тиіс.  

22 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

 

Әр тоқсанның ортасында мұғалім жеткен немесе әлі де талпынатын оқу 



мақсаттарының  саны  бойынша  ақпаратты,  аралық  кері  байланыста  ұсынып 

отыруға  тиіс.  Есептің  үлгісі  Қосымшада  берілген.  Түсініктеме  кемінде  оқу 

мақсатына жету және бір-екі облыс бойынша оқушылардың тоқсанның екінші 

жартысында  өз  нәтижелерін  жақсартуға  барлық  күштерін  салатын 

ұсыныстардан  тұрады.  Мұғалім  өзінің  ата-аналар  және  оқушылармен 

сұхбатында  тоқсан  бойындағы  прогресті  пайдаланып  және  оқушының  қай 

кезеңде  жетісті  болған  сәттеріне  және  оларға  қай  жерде  қосымша  көмек 

көрсетуге болатынына көңіл бөледі.  

 

Мұғалімнің  есептегі  түсініктемесі  позитивті  және  конструктивті  болуы, 



және оқушылардың осы уақытқа дейін қандай оқу мақсатына жетуге талпынып 

жүргенін, оның нәтижесі оқушыда қалай болатыны көрсетілуі керек.  Есептің 

соңындағы мұғалімнің қорытынды түсініктемесі келесі аспектерден тұру керек: 

 



оқушылардың мектептегі оқуына деген көзқарасы 

 



қаншалықты жақсы олар топта немесе жеке жұмыс  жасай алады 

 



жұмыста  немесе  оқу  мақсатында  өздерінің  аса  жетісті  болған 

аспектілері  

 

олардың өз жұмысын ұйымдастыруы және жоспарлау қабілеті  



 

жұмысқа деген мотивация және құлшыныс.  



 

7.3 

Баға қою  механизмі  

 

Тоқсандық  және  жылдық  баға  қою  үшін  қалыптастырушы  және  ішкі 



жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  қолданылады.  Нәтижелер  қазақстандық 

университеттерге  оқуға  түсуде  басқалардың  нәтижелерімен  салыстырмалы                  

2  мен  5  шкаласына  көшіріледі.  Тіркеу  журналына  алдын-ала  тоқсандық  және 

жылдық бағаны санайтын формула енгізілуі керек.  

Оқу  жылы  бойында  3-5  сынып  оқушыларының  оқудағы  оқу  жетістіктерін 

бағалау үшін қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау өткізіледі.  

1-

сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін  ескере отырып, ішкі жиынтық 



бағалау  олар  үшін  жүргізілмейді.  1-сынып  оқушыларының  прогресін  бағалау 

тек  қалпытастырушы  бағалаудың  нәтижелеріне  негізделген.  2-сыныпта  ішкі 

жиынтық бағалау тек бір рет оқу жылы аяғында өткізіледі.  

Тоқсандық және жылдық баға қоюда қалыптастырушы және ішкі жиынтық 

бағалаудың салмақ үлесі келесі пропорцияда берілген. 

 

Сынып   



Қалыптастырушы  

бағалау  

Ішкі  жиынтық  

бағалау  

23 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

100% 



0% 

75% 



25% 

50% 



50% 

50% 



50% 

50% 



50% 

 

7.3.1 



Тоқсандық бағалар  (1-2 сыныптар) 

 

- 1-



сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады. 

Тоқсандық баға тоқсан бойындағы  қалыптастырушы бағалаудан тұрады.  

Қалыптастырушы  бағалаудың нәтижелері балдарды  2 және 5 бағасына 

ауыстыру шкала бойынша ауыстырылады.  

Тоқсандағы  максималды балл саны – 60

 

балл. 

Қалыптастырушы бағалау: 

Қалыптастырушы бағалау бойынша балдарды санау келесі формула бойынша 

есептелінеді:  

Балдар   =  

Жетістікке жеткен оқу мақсатының саны × 60 

Бағаланатын оқу мақсатының саны 

Есепке тек бағаланған оқу мақсаттары алынады. Максималды балдар саны – 

60 балл болуы мүмкін. Балдар саны бүтін сан емес болуы ықтимал. 

Тоқсан аяғында оқушының 10 оқу  мақсатынан  7 мақсатқа жеткен 

нәтижесінен мысал.  

Бағаланатын оқу мақсатының саны = 10 

 7 (

жеткен оқу мақсатының саны) x 60 (ҚБ балдар саны) 

/ 10 (

бағаланатын оқу мақсатының саны)  



42 балл 



42 балл = тоқсандағы баға «4» 

 

Тоқсандық бағаны есептеу: Балдарды бағаға ауыстыру 2 және 5 бағасына 

ауыстыру шкаласы бойынша келесі таблицада ауыстырылады: 

 

Балдардың 

жалпы саны 

Дәстүрлі 

бағалау 

48 – 60  

36 – 47 


24 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

24 – 35 


0 – 23 




 

7.3.2 

Тоқсандық бағалар  (3-5 сыныптар) 

 

3-5 



сыныптарда  тоқсандық  бағалар  тоқсан  бойындағы  қалыптастырушы 

бағалау және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелерінен тұрады.  

Осы бағалау түрлерінің қатынасы келесіде берілген: 

Қалыптастырушы бағалау   

 

 



50%   

(30 балл) 

Ішкі жиынтық  бағалау 

 

 



 

50%   


(30 балл) 

Қалыптастырушы  бағалау  және  ішкі  жиынтық  бағалаудың  нәтижелері 

балдарға  осы  пайыздық  қатынас  бойынша  ауыстырылады.  Одан  кейін  балдар 

қосылып және 2 ден 5 дейінгі бағаға шкала бойынша ауыстырылады.  

Тоқсан бойындағы максималды балл саны – 60 балл. 

 



Қалыптастырушы  бағалау  50%    құрайды  сәйкесінше  қалыптастырушы 

бағалаудың максималды балы 30 балдан тұрады.  

 

Ішкі  жиынтық бағалау  50%  құрайды  сәйкесінше максималды балл  саны 



30 балдан тұрады. 

Қалыптастырушы бағалау: 

Қалыптастырушы  бағалау  бойынша    балдарды  есептеу  келесі  формулаға 

сәйкес есептелінеді:  

Балдар   =  

Жеткен  оқу мақсатының саны × 30 

Бағаланатын  оқу мақсаттарының саны 

Есепке бағаланған оқу мақсаттары ғана алынады. Жететін максималды балл 

саны 30 балл болуы мүмкін. Балдар саны бүтін емес сандар болуы да ықтимал.  

Ішкі  жиынтық бағалау:  

Ішкі    жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  балдарға  келесі  формула  бойынша 

ауыстырылады: 

Балдар  = 

Ішкі жиынтық бағалау бойынша балл  ×  30 

Ішкі  жиынтық  бағалау  бойынша  мүмкіндік 

максималды балл 

Жететін мүмкін максималды балл саны  – 30 балл. Балдар саны бүтін емес 

сан болуы ықтимал. 

 

Тоқсандағы  ІЖБ  тоқсан  аяғында  40  балдан  26  балл  алған  және  10  оқу 

мақсатының 7-не жеткен оқушы нәтижесінен мысал. 

Бағаланған оқу мақсаттарының саны = 10 



7 (

жеткен оқу мақсатының саны) x 30 (ҚБ балдар саны)  

25 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

10 (

бағаланатын оқу мақсаттарының саны)  



21 балл 

Оқушы ІЖБ тапсырады, ондағы максималды балл  - 40

ІЖБ бойынша оқушының нәтижесі = 26  



26 (

ІЖБ нәтижесі) x 30 (ІЖБ балдар саны) 

/40 (

ІЖБ жалпы балдар саны)  

19,

5 балл 

Тоқсандық бағаны есептеу: Бағалаудың екі түрінің балы қосылады және 

бүтін санға дейін айналдырылады. Алуға болатын максималды балл саны  60.  

(30

 

ҚБ және 30 ІЖБ.) Одан кейін  жалпы балдар саны бағаға шкала бойынша               

2 ден 5 бағасына келесі кесте бойынша ауыстырылады:  



Балдардың 

жалпы сандары 

Дәстүрлі 

бағалау 

48 – 60  

36 – 47 


24 – 35 


0 – 23 


 

ҚБ балдары:  21 



+  

ІЖБ балдары 19,5  

40,5  

бүтін санға айналдырамыз  

41 

41 = 

тоқсандық баға «4» 

 

7.3.3 

Жылдық баға  (1-сынып) 

 

1-



сыныпта жылдық баға тек қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерінен 

тұрады.  

 

Қалыптастырушы  бағалаудың нәтижелері 2 ден 5 бағаға балдарды бағаға 



ауыстыру шкаласы бойынша ауыстырылады. 

 

Жылдағы  максималды балдар саны – 60



 

балл. 

 

Қалыптастырушы бағалау: 

 

26 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

Қалыптастырушы бағалау бойынша есеп келесі формуламен есептелінеді:  



Балдар   =   Жыл бойында жеткен оқу мақсаттары × 60 

Жыл бойында бағаланатын оқу мақсаттары 

Есепке  тек  бағаланған  оқу  мақсаттары  алынады.  Жететін  максималды  балл 

саны  – 60

 

балл. Балдар саны бүтін емес сан болуы ықтимал. 



 

Оқу жылы соңында 40 оқу мақсатының 27-не жеткен оқушы 

нәтижесінен мысал. Бағаланған оқу мақсатының саны = 40 

 27 (

жыл бойы жеткен оқу мақсаттырының сандары) x 60 (ҚБ балдар саны) 

40 (

жыл бойы бағаланатын оқу мақсаттарының саны)  

40,5 



балл 

40,5 

балл 

Бүтін санға дейін айналдырылады  



 = 

41 балл 

Жылдық баға «4» 

Жылдық бағаны есептеу: балдар саны бағаға шкала бойынша 2 ден 5 

бағасына келесі кесте бойынша ауыстырылады:  



 

Балдардың 

жалпы сандары 

Дәстүрлі 

бағалау 

48 – 60  

36 – 47 


24 – 35 


0 – 23 


 

7.3.4 



Жылдық баға (2-сынып) 

 

2-

сыныпта  жылдық  баға  төрт  тоқсан  бойынша  қалыптастырушы  бағалау 

мен  жылдық ішкі жиынтық бағалау нәтижелерінен тұрады.  

Осы бағалаулардың ара-қатынасы келесідей: 

Қалыптастырушы  бағалау 

               75%    (45 

балл) 


Ішкі жиынтық бағалау 

   


25%    (15 

балл) 


 

 

Сынып  үшін  ара-қатынас    басқа  сыныптардан  өзгеше,    ол  ішкі  жиынтық 



бағалаудың біреуінің болуы. ІЖБ оқу жылы бойында бағдарламаның мазмұнын 

қамтиды, бірақта қалыптастырушы бағалаудың нақты және сенімді болуы үшін 

қалыптастырушы бағалаудың нәтижелеріне үлкен салмақ беріледі.  

27 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

Жыл бойындағы максималды балл – 60 балл. 

 

Қалыптастырушы  бағалау  75%  құрайды  сәйкесінше  қалыптастырушы 



бағалаудың максималды балл сандары 45 балл.  

 



Ішкі  жиынтық бағалау  25%  құрайды  сәйкесінше максималды балл  саны 

15 

балл. 


 

Қалыптастырушы бағалау: 

Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері  бойынша есеп келесі формуламен 

есептелінеді:  

Балдар   =  

Жыл  бойы жеткен оқу мақсаттарының сандары × 45 

Жыл бойы бағаланатын оқу мақсаттарының саны 

Есепке  тек  бағаланған  оқу  мақсаттары  ғана  алынады.  Жететін  максималды 

балл саны  – 45

 

балл. Балдар саны бүтін емес сан болуы ықтимал. 



 

Ішкі жиынтық бағалау:  

Ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері  бойынша есеп келесі формуламен 

есептелінеді: 

 

Балдар  =   Ішкі жиынтық бағалау бойынша балдар  ×  15 



Ішкі  жиынтық  бағалау  бойынша  мүмкін  болатын 

максималды балл 

 

Жететін максималды балл саны – 15 балл. Балдар саны бүтін емес сан болуы 



ықтимал. 

 

Тоқсандағы  ІЖБ  тоқсан  аяғында  40  балдан  26  балл  алған  және  40  оқу 

мақсатының 27-не жеткен оқушы нәтижесінен мысал. 

 

Бағаланған оқу мақсаттарының саны = 40 



27 (

жыл  бойы жеткен оқу мақсаттарының сандары) x 45 (ҚБ балдар саны)  

40 (

жыл бойы бағаланатын оқу мақсаттарының саны)  

30,4 

балл 

 

Оқушы максималды балл саны 40 балл болатын ІЖБ тапсырады. 



Оқушының ІЖБ нәтижесі = 26  

 

26 (

ІЖБ нәтижесі) x 15 (ІЖБ балдар саны) 

/40 (

ІЖБ балдарының жалпы саны)  

9,75 



балдар 

28 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

 

Жылдық бағаны есептеу: Екі түрлі бағалаудың балдары бір-бірімен 

қосылады және бүтін санға айналдырылады.  Алатын максималды балдар саны  

60.  

(45



 

ҚБ және 15 ІЖБ.) Балдар  саны бағаға шкала бойынша 2 ден 5 бағасына 

келесі кесте бойынша ауыстырылады:  

 

Балдардың 

жалпы саны 

Дәстүрлі 

бағалау 

48 – 60  

36 – 47 


24 – 35 


0 – 23 


 

ҚБ үшін балл: 30,4 



+  

ІЖБ балдары 9,75  

40,15  

Бүтін санға айналдырамыз  

40 

40 = 

жылдық баға «4» 

 

7.3.5 



Жылдық баға  (3-5 сыныптар) 

 

Жылдық баға төрт тоқсан бойындағы қалыптастырушы бағалау және ішкі 



жиынтық бағалаудың нәтижелерінен құралады. 

 

Бұл бағалау түрлерінің ара-қатынасы  келесі түрде берілген: 



Қалыптастырушы бағалау 

 

50%  (30 



балл) 

Ішкі жиынтық бағалау 

 

 

 50%  (30 



балл) 

 

Көрсетілген арақатынас, бағалаудың екі түріне де бірдей мағына берудің 



кепілі. 

Жыл бойы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың  нәтижелері 

балдарға осы ара-қатынас есебімен ауыстырылады. Балдар қосылады және 

содан кейін 2 ден 5 бағалар шкаласы бойынша бағаға ауыстырылады. 

 

Жыл бойындағы максималды балл – 60 балл. 



29 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

 

 



Қалыптастырушы  бағалау  50%    құрайды  сәйкесінше  қалыптастырушы 

бағалаудың максималды балы  30 балды құрайды. 

 

Ішкі жиынтық бағалау 50% құрайды сәйкесінше максималды бал саны 30 



балл. 

 

Қалыптастырушы бағалау: 

Қалыптастырушы  бағалау бойынша  балдар  келесі формуламен 

есептелінеді: 

 

Балдар   =  

Жыл бойы жеткен оқу мақсаттарының сандары × 30 

Жыл  бойы бағаланатын оқу мақсаттарының саны 

 

Есепке тек бағаланған оқу мақсаттары алынады. Жететін максималды балдар 



саны  – 30 балл болуы мүмкін. Балдар саны бүтін емес сан болуы ықтимал. 

 

Ішкі жиынтық бағалау:  

Ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері келесі формула бойынша есептелінеді: 

 

 



  

Балдар  =  

Төрт тоқсан бойынша ішкі жиынтық бағалаудың балы ×  

30 

Төрт  тоқсандағы  ішкі  жиынтық  бағалаудың  мүмкін 

болатын максималды балы  

 

Максималды  алатын  балдар  саны    60.  Балдар  саны  бүтін  емес  сан  болуы 



ықтимал. 

 

Тоқсандағы ІЖБ тоқсан аяғында 160 балдан 115 балл алған және 40 оқу 

мақсатының 27-не жеткен оқушы нәтижесінен мысал 

 

Бағаланған оқу мақсаттары = 40 



 

27 (

жыл бойы жеткен оқу мақсаттырының сандары) x 30 (ҚБ балдар саны)  

/ 4(

жыл  бойы бағаланатын оқу мақсаттарының саны)  

 20,25 

балла 

 

Оқушылар әр тоқсан аяғында ІЖБ орындайды, онда максималды балл саны  



40 (40x4=160

Оқушының төрт тоқсандағы ІЖБ нәтижелері  = 115 (26+22+32+35=115) 

30 

Нұсқа 4 


Қаңтар 2015 

ЖОБА 

 

115 (

жылдағы ІЖБ нәтижесі) x 30 (ІЖБ балдар саны) 

/160 (

жыл бойындағы ІЖБ балдарының жалпы саны)  

21



,5 балла 

 

Жылдық бағаны есептеу: Екі бағалау түрінің балдары қрсылады және бүтін 

санға айналдырылады. Алатын максималды балдар саны 60 балл болуы мүмкін.  

(

ҚБ 30 және 30 ІЖБ). Одан кейін жалпы сандар бағаға балдарды 2 ден 5 бағаға 



келесі кестеде ауыстыру шкаласы бойынша ауыстырылады.  

 

Балдардың 



жалпы саны 

Дәстүрлі 

бағалау 

48 – 60  

36 – 47 


24 – 35 


0 – 23 


 

 



ҚБ балдары ФО: 20,25 

+  


ІЖБ балдары  21,5 

41,75  

Бүтін санға дейін айналдырамыз  

42 



42 = 

жылдық баға «4» 

 

31 



Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



ЖОБА 

Бастауыш мектептің мұғалімдеріне  

арналған критериалды бағалау бойынша басшылыққа Қосымша 

 

 



Оқушының оқу жетістігін бағалау бойынша есеп беру шаблонының үлгісі 

Күні______________ 

 

Оқушының оқу жетістігін бағалау бойынша есеп 



Тоқсан _______ 

2015

ж. _________  ________ дейін 

 

Оқушы: 

Мұғалім: 

Пән: 

Сынып: 

Осы 

уақытта 

тоқсандағы бағаланған оқу 

мақсаттарының саны: 

 

Осы  уақытта    тоқсандағы 

жеткен оқу мақсатының саны: 

 

Осы уақытта тоқсан 

бойында  талпынатын 

оқу мақсатының саны: 

 

түсіндірме: 

 

 



 

 

АӘТ _________________________қолы _________________ 

 

32 


Нұсқа 4 

Қаңтар 2015 



Document Outline

  • KAZ_Руководство по оцениванию для учителей начальной школы_обложка
  • KAZ_Руководство по оцениванию для учителей начальной школы
    • Аннотация
    • 1. Кіріспе
      • 1.1 Критериалды бағалау
      • Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – бұл оқушылардың  жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің сәйкестік деңгейлерін орнату.
      • Критериалды бағалау – алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
      • 1.2 Анықтамалар
      • 1.3 Бағаланатын дағдылардың сипаттамасы
      • 1.4 Тиімді бағалаудың принциптері
    • 2. Әдістемелік - нұсқаулық құжаттар
      • 2.1 Оқу бағдарламасы
      • 2.2 Оқу жоспары
    • 3. Қалыптастырушы  бағалау
      • 3.1 Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптері
        • 3.2 Қалыптастырушы бағалауды сабақ оқытуды жетілдіру үшін қолдану
        • 3.3 Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалауы
    • 4. Ішкі жиынтық бағалау
      • 4.1 Мақсат
      • 4.2 Ішкі жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
      • 4.3 Ішкі жиынтық бағалауды өткізу
        • 4.3.1 Ішкі жиынтық бағалауды өткізуге дайындық
        • 4.3.2  Ішкі жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық
      • 4.4 Бағаларды  қою
      • 5. Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы
        • 6. Оқушы портфолиосы
    • 7. Нәтижелерді жазу және ұсыну
      • 7.1 Нәтижелерді тіркеу журналы
      • 7.2 Оқушылардың оқу жетістігі туралы есеп
      • 7.3 Баға қою  механизмі
        • 7.3.1 Тоқсандық бағалар  (1-2 сыныптар)
        • 7.3.2 Тоқсандық бағалар  (3-5 сыныптар)
        • 7.3.3 Жылдық баға  (1-сынып)
        • 7.3.4 Жылдық баға (2-сынып)
        • 7.3.5 Жылдық баға  (3-5 сыныптар)
    • Оқушының оқу жетістігін бағалау бойынша есеп беру шаблонының үлгісі
  • KAZ_Руководство по оцениванию для учителей начальной школы_обложка
    • Слайд номер 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет