Тапсырмалар
Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып тұр?
A) Қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің.
B) Барымен базар, жоқты қайдан табар?
C) Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
D) Көп түкірсе – көл.
2. Мәтінде қозғалатын мәселе
A) Қамқорлық
B) Туысқандық
C) Аяушылық
D) Жолдастық
3. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар
A) Үйінде қайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер
B) Үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар
C) Шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар
D) Жалғыз басты қарт адамдар
4. Мәтін бойынша жоспар құрастыр.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11-нұсқа
П ингвин – қанаты болса да, ұша алмайтын, тұрып жүретін жалғыз құс. Осынысымен де өзге құстардан ерекше.
Пингвиндер негізінен Антарктидада тіршілік ететін құс. Дегенмен, Антарктиданың ызғарынан өзге жерде де тіршілік ететін пингвиндер бар. Мысалы, Галапагос аралдарын "Галапагос пингвині" деген атты алған пингвин түрі мекендейді. Ол жақта жыл бойы температура Цельсий шкаласы бойынша, +18, +28 градусты көрсетіп тұрады. Әлемдегі пингвиндер ең көп жиналатын аймақ – Пунта Томбо.
Пингвиндердің жетпіс бес пайыз өмірі теңізде өтеді деуге болады. Құрлыққа олар тек қана жұмыртқа салып, оның жарық дүниеге есігін ашқанын күту үшін ғана келеді.
Ғалымдардың айтуынша, пингвиндер судың астында жүзіп жүргенде, жақсы көре алады. Сондай-ақ теңізде топпен тамақтанып, топ болып жүзу қабілетіне ие. Оның жылы мамығы және қатпарлы майымен қоса қауырсындары да, қыстағы суық ауадан, желден және судан қорғайды. Пингвиндер жылыну үшін, топтасып алады.
Пингвиндердің денесі ұсақ қанаттармен қапталған. Аяқтары қысқа болғандықтан, пингвиндер жүрген кезде, балпаң басып, қысқа адымдар жасайды. Басқа құстардан тағы бір ерекшелігі олар бір қанатымен ғана жүзеді. Жейтін азықтары – балық. Теңіз суын да ішеді. Теңізде олар дыбыс шығармағанымен, құрлықта жүргенде, бір-біріне дыбыстар беру арқылы араласады.
Олар екі аппақ жұмыртқа басып шығады. Ал жұмыртқаны жауларынан ата-анасы бірдей қорғайды. Сондай-ақ, тағы бір қызық жайт, пингвиндерде өзгенің жұмыртқасына қол сұғу әдеті қалыптасқан. Өздерінің жұмыртқалары жау қолына кеткен жағдайда, олар өзге пингвиннің ұясынан жұмыртқа ұрлайды. Сондықтан жұмыртқа жарылған кезде, бір ұяда екі түрлі балапан пайда болып жатады. Пингвин балапандары ата-аналары үздіксіз жеткізіп тұратын азықтардың арқасында тез жетіледі. Олар түлеу кезінде, бір уақытта барлық қанаттарын тастап, жаңа қанат өсіп шықпайынша, аш жүреді. Өйткені бұл уақытта олар жүзу қабілетінен уақытша айырылады. Түлеу сәтінде, пингвиндер азық үшін өз денелеріндегі майларды алатындықтан, арықтап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |