Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрі үшкір келетін, шағын денелі қара ала құс. Қарлығаш сөзі «қара», «ала», «құс» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бір айырмашылығы – жемін ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып жүріп ішеді. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар. Оның 4 туысқа жататын 5 түрі Қазақстанда кездеседі. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы,қос реңді қарлығаш, сепкілтөс қарлығаш, кент қарлығашы.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды жәндіктерді, әсіресе, шыбын-шіркейді өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қарлығаштар жылына екі рет жұмыртқалайды. Алты – жеті күннен соң жасап бітірген 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Екі-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем іздеуге шығарда ұядан құлап кетпесін деп, аяқтарын қылмен байлап кетеді.
Тапсырмалар: Қарлығаш қандай отрядқа жататын құс тұқымдасы?
A) Ала құстар
B) Үй құстар
C) Торғайлар
D) Дала құстар
2. Қазақстанда қарлығаштың 4 туысқа жататын қанша түрі кездеседі?
A) 3
B) 5
C) 7
D) 2
3. Қарлығаш қалай қоректенеді?
A) Жерде жүріп
B) Ұшып жүріп
C) Қарлығаш қоректенбейді
D) Ұяда кейде жерде