Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз
болатын белгі.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді
жүзеге асыратын электрондық құжат.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын
кесте.
Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының
оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.
Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне
сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін
сипаттама.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы)
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім
алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар
жұмысы.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату,
пікір білдіру.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік
беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
6 Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.