Бастауыш сынып мұҒалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұСҚаулық «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата27.11.2023
өлшемі3,81 Mb.
#129612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

Бағалау критерийі 
– білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз 
болатын белгі.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал 
– жиынтық 
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және 
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді 
жүзеге асыратын электрондық құжат. 
Балл қою кестесі 
– тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл 
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын 
кесте.
Білім алушы портфолиосы 
– пән бойынша оқу жылына білім алушының 
оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.
Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі
– бағалау критерийлеріне 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. 
Дескриптор
– тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін 
сипаттама.
Жиынтық бағалау 
– оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ 
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) 
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. 
Жиынтық жұмыс 
– оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім 
алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар 
жұмысы.
Кері байланыс 
– белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, 
пікір білдіру. 
Критериалды бағалау 
– белгіленген критерийлер негізінде білім 
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау
– оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік 
беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз 
етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.


6
Модерация 
– бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін 
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау 
бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет