Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналармен біріккен жұмыстарды жетілдіру



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата30.09.2022
өлшемі400,51 Kb.
#40968
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ирини К Статья



ӘӨЖ 
Ергалиева Г.А., Муканова Н.Е., Кайырсапарова И. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 
Орал қ., Қазақстан 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ 
ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАЛАРМЕН БІРІККЕН ЖҰМЫСТАРДЫ 
ЖЕТІЛДІРУ 
 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі 
өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, 
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда 
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде отбасының 
алатын орны ерекше. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жастар саясының 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасында: «Қазақстан жаңарып әлемдегі ең дамыған елдердің 
қатарына енуі тиіс. Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі 
мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты 
жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым 
міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы 
жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына 
айналдыру. ...Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса мағызды құраушы 
элементі ретінде ретінде қарастырылып келеді. Ол қоғам болмысының, 
мемлекеттің негізі, адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі 
маңызды буын болып табылады». Осы тұжырымдамаларда отбасының қоғам 
алдындағы атқарар міндеті көрсетіліп, бұл өз кезегінде зиялы қауымды құруда 
жас жеткеншектерді дамыту, өмір құндылықтарын игертуде, психологиялық 
қауіпсіздікті және тұрақты сананы қалыптастыруға негіз болады. Қазақстан 
Республикасының «Білім беру туралы» Заңында жеке тұлғаның 
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік 
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының 
дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту міндеті көзделген [1]. 
Демек жастарды терең білімді, жан-жақты мәдениетті және жалпы адамзаттық 
құндылықтарды саналы түрде бағалайтын, сол тұрғыда өз болмысын таныта 
алатын тұлға ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр. 
Қазақ халқы ертеден-ақ адамдар арасындағы сыйластық қарым-
қатынастарға ерекше көңіл бөлген. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен 
асыл қазынасының ішкі астарына зер салсақ, ата-бабамыз ұстанған тәлім-
тәрбиенің биік шоқтығына тап боламыз. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиден 
бастап, адамның қартайып о дүниеге аттанғанға дейінгі кезеңі аралығында 
адам өмірі сол қоғамның заңдары мен ережелеріне тығыз байланысты болады. 
Қай қоғамға да, қай заманға да тәрбиелі, білімді адам қажет. Ұлы бабамыз әл-
Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген 


білім адамзаттың қас жауы, ол келешекке, оның барлық өміріне апат әкеледі», 
- деп тәрбиенің маңызын жоғары бағалайды. Ал тәрбие мектебі этика мен 
мораль қағидаларына жүгінеді.
Отбасы, жанұя, әйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” [2], яғни бір оттың 
(ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар. “Жанұя - өмірдегі 
туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”[3]. “Әйелмен – ғасырлар бойы 
өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы” [4]. “Семья - 
некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам 
тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” [5].
Осы төрт анықтамадан шығатыны – адамның өз өмірінің негізгі 
процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. 
Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол 
әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы 

қоғамдық 
қатынастар 
мен процестердің 
алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік 
құбылыс. 
Сондықтан
да 
отбасыға 
объективтік тұрғыдан 
ғылыми 
зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, 
атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық 
ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге 
тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи 
өзгеріп отыратын 
әлеуметтік 
топ, 
оның 
жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық 
қатынастар 
жүйесі, 
адамның жеке-дара 
адамгершілік 
сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске 
асыру [6].
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін 
(рухани, этикалық, эстетикалық қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы 
қоғамды қалпына келтіре дамытушы 
әлеуметтік 
топ болып табылады. 
Отбасының
жоғарыда 
келтірілген анықтамасы 
бойынша, 
ол 

отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи 
өзгеріп
отыратын 
әлеуметтік 
топ. 
Отбасы 
ұсақ 
(кіші) 
топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
- репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
- экономикалық (өндіру және тұтыну);

қорғаныс функциясы (отбасы
мүшелерінің денсаулығына, 
материалдық
игіліктермен қамтамасыз етуге,
қауіп-
қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
- балаларды оқыту-тәрбиелеу;
- эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
- әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа 
баулу). Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың 
арақатынасы да өзгеріп отырады.


Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, 
өндіргіш 
күштердің дамуына, 
яғни 
адамның шығу 
тегін айқындайтын
элементтердің дамуына байланысты 
болады. 
Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және 
мемлекеттің шығуы» 
деген еңбегінің
кіріспесінде 
былай деп жазды: 
«Қоғамның
материалистік ұғымына сәйкес 
тарихтағы
шешуші 
күш сайып келгенде 
өмірді 
тікелей өндіру 
және 
ұдайы өндіру 
болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.
Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және 
бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;
Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру. Белгілі тарихи 
дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық 
қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші 
жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» [7]. 
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық 
институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар 
міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт 
ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы 
өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес 
белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген. Отбасының өзіндік тарихи даму 
формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да 
әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.
Отбасы нақты қоғамда
өмір 
сүреді, 
сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық 
қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. 
Отбасы 
туралы 
философ, 
педагог, 
психолог, 
әлеуметтанушы, 
мәдениеттанушы, 
ғалымдар 
анықтама 
беріп, 
еңбектер 
жазып, 
осы проблеманың негізін қалаған. Зерттеулерге сүйенсек отбасы тәрбиесінің 
ең маңызды бөлігі бұл баланы адамгершілікке баулу. «Адамгершілік» 
терминін алсақ, ол «мораль» сөзінің негізі болып табылады және ол 
сөздіктерде ХҮІІІ ғасырдың аяғында ғана жазыла бастады. «Этос» түсінігін 
мінез деп алып, Аристотель «этикалық» деген сын есім жасады. Оны өжеттік, 
рақымдылық, жомарттық т.б. сияқты адам мінезіне қатысты қасиеттерді 
топтау үшін қолданды. Осындай этикалық қаситеттерді зерттейтін ғылымды 
Аристотель этика деп атаған [8]. 
Мораль – этиканың зерттеу нысаны. Этикаға нормативті этика мен 
мораль теориясы кіреді. Нормативті этика игілік, жақсылық, жамандық, 
әділеттілік мәселелерін зерттейді, жеке адам мінез-құлқының кодексін 
жасайды. Морлаь теориясы моральдың мәнін, нормаларын, тарихи сипатын 
анықтайтын заңдылықтарын зерттейді. 
Аристотельдің ілімін әрі қарай әл-Фараби «Жақсы мінез-құлық пен ақыл 
күші болып, екеуі біріккенде бұл – адамшылық қасиеттері болып табылады, 
қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның 
әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. 
Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекетімізден 


абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, 
игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал 
мінез-құлқымыз мақтаулы болады...», - деп адамның өсіп-жетілуіндегі жақсы 
мінез-құлық пен ақыл-ой парасатына елеулі орын береді [9]. Бала тәрбиесін 
терең зерттеген бұрынғы кеңес педагогы А.С.Макаренко баланың жан 
жүйесіне әсер етуде дауыс ырғағының ерекше маңызы бар екенін көрсеткен 
болатын. Ұлы педагог: «Егер менімен жұрт тек бір қалыпты дауыспен 
сөйлесетін болса, мен бір жылдан кейін дарға асылып өлер едім», - деп, дауыс 
ырғағына өзінің қаншалықты мән беретінін білдіре келе: «Қайткенде де сіздің 
сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне 
алатындай болсын», - деп көрсетеді. Міне осы тұрғыда туғаннан құлағына 
жағымды ең жақын адамы анасының дауысы, ішкі үні арқылы берілген тәрбие 
баланың бойына сіңімді бола отырып оларды әдептілікке, мейірімділікке, 
қайырымдылыққа жетелейді.
Балаларға нақышына келтіре сөйлеген сөздің өзі теңдесі жоқ әсер ететіні, 
олардың есту сезімін дамытып, санасын оятатыны белгілі. Бұл тұрғыда ата-
аналармен жүргізілетін мектеп-отбасы-бала үш жақты жоспарлы жұмысын 
жетілдіру маңызды. Бастауыш сыныпта дұрыс жоспарлы ұйымдастырылған 
отбасы тәрбиесі нәтижесінде жас ұрпақты шынайы адамгершілікке баулып, 
соның 
ішінде 
келесі 
қасиеттердің 
қалыптасуына 
негіз 
болады: 
қайырымдылық, 
кішіпейілдік, 
ізеттілік, 
мейірімділік, 
имандылық, 
парасаттылық, 
рақымдылық, 
жолдастық 
қарым-қатынас, 
адалдық, 
қанағатшылдық, шыншылдық, әділеттілік, патриоттық, ұқыптылық
жауапкершілік, ынтымақастық, өзара сыйластық, еңбексүйгіштік т.б.
«Адам ұрпағымен ғана мың жасайды», - деп тұжырымдаған халық ұл-қызына 
жан-жақты, терең, жүйелі білім, тәрбие беруді басты мақсат тұтқан. «Ұлың 
өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», 
- деу арқылы адамдардың адамгершілік қасиеттері мен жақсы мінез-
құлықтарының бала тәрбиесіне тигізер ықпалын көрсетуге талпынған. 
Халықтық педагогикада адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ақыл-
кеңес беру, бата, үлгі-өнеге көрсету, түсіндіру тәрізді әдістерді, аталар өсиеті, 
салт-дәстүрлер, халықтық мейрамдар, діни ілімдер, ұлттық ойындар, 
фольклорлық шығармалар сияқты құралдарды қолданып келеміз. 
Сонымен өз зерттеуімізде адамгершілік тәрбиені педагогикалық үрдіс 
ретінде қарастырып, бастауыш мектеп жасында қалыптасуы тиісті 
адамгершілік-гуманистік қасиеттерді былайша топтадық: 

гуманистік қасиеттер: қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық
рақымдылық, ізеттілік, имандылық, мейірімділік; 

ұжымшылдық 
қасиеттер: 
ұжымшылдық 
сезім, 
өзара 
сыйластық, 
ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік; 

еңбексүйгіштік қасиеттер: еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына адал ниетті 
қатынас, өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, қанағатшылдық; 

тұлғаның жүріс-тұрысын рухани тұрғыдан реттеу ерекшелігінің қасиеті: 
ұқыптылық, шыншылдық, парасаттылық, шын берілгендік; 



тұлғаның құндылықтарын жіктеу ерекшелігіне байланысты қасиеттер: 
әділеттілік, өзін-өзі объективті бағалау. 
Бастауыш сынып оқушыларын отбасы тәрбиесі негізінде 
адамгершілікке тәрбиелеу мұмкіндіктеріне тоқталатын болсақ.
1 кесте - Ата-аналармен біріккен жұмыстарды өткізу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет