Бастауыш сынып оқушыларын ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуе үйрету. Сурет бойынша әңгімелету оқу іс- әрекеттері, олардың баланың сөйлеуін дамытудағы ықпалы. Оқушыларға мәтінді иллюстрациялар арқылы ойдан құрату



Дата04.04.2023
өлшемі33,8 Kb.
#79102
Байланысты:
ауызша жазбаша


Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларын ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуе үйрету. 1.Сурет бойынша әңгімелету оқу іс- әрекеттері, олардың баланың сөйлеуін дамытудағы ықпалы. 2. Оқушыларға мәтінді иллюстрациялар арқылы ойдан құрату. 3.Жеке және топпен өткізілетін сөйлеу әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл – білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді. Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тлі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз бйланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады. Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай? Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек. Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі... Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет. Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды. Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.


Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.
3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.
5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды. Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация. Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді. Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады. Көптеген мұғалімердуің байқауы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр. Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидиактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б. Қазақ тілі сабақтарында үнтаспаны қосу немемсе бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды. Сабақ барасында тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беруге болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептелікттерін дамытады. Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу, немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды. Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі көрсетіп отыр. Мәселен, үшінші сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен сабақтың әдістерін қарастырып көрейік. Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат. “Жаз” өлеңін оқыту. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абай туралы түсінік беру және “Жаз” өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Дамытушылық: оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін тақырып мазмұнына қызығуын, жүйелі ойын, ойлау әрекетін дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау. Тәрбиелік: Тұған жерінің табиғатын сүюге эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру. Қолданатын әдістер: Сөздік баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс, түрлі бейнелі көрнекілік. Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті. Сабақтың барысы: І. Үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды пысықтау ретінде сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүзеге асады. ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жоспары: а) Мұғалімнің кіріспе сөзі; ә) Мәтінді мәнерлеп оқу; б) “Жаз” өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын түсіндіру; в) Сөздік жұмыс; г) Мәнерлеп оқу; ғ) Өздігінен жұмыс; д) Сазгерлік өнер. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” әнін тыңдату; е) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау; ж) Үйге тапсырма “Жаз” өлеңін жаттау және “Желсіз түнде жарық ай” әнінің сөзін жаттап келу. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1. Ауызша баяндау арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері туралы әңгімелеу, 2. Мәтінді мәнерлеп оқытып әр шумақтың мәнін талдау, 3. Жаз өлеңінің тақырыбы мен оның мазмұнын түсіндіру және оқушылардың ұғымын байқау, 4. Сөздік жұмыс өлеңіндегі бейнелі көркемдегіш сөздерді анықтау. Бұл оқушылардың бақылауын зейінің байқауға мүмкіндік береді, 5. Жаздың суретін көрсетіп осыған байланысты өлеңнің оқушылардың бақылау қабілетін дамыту мақсаты мен мазмұнын талдау, 6. Оқушылардың өздік жұмысын тақтада жазылған сұрақтарға мәтін қалыптастыру мақсатымен мазмұнынан жауап таптыру. Бұл оқушылардың кітаппен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Дәптермен жұмыс. Өлең мазмұнынан жаңа сөздерді атауларды тауып, дәптерге жаздыру оның мағынасын түсіндіру. Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы. Шұрқырап – немесе кісінейді. Шалғын – жайылым немесе қалың шөп. Жоны – арқасы. Ықылдап – тойынғандықтың белгісі. Бұлтылдап – ойнақтап. Мәнерлеп оқу. Оқушылардың сөз мәнеріне, өлеңнің шумақтарына дыбыс екпіннің қоя білу қабілеттеріне көңіл аудару. ІІІ. Өздігінен жұмыс. “Абайтану” дәптері бойынша Абай шығармаларының атымен танысады. Тақтадағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Жердің әсемдігін бейнелеген сөздерді оқы, 2. Жылқының үнін қалай атайды? 3. Шөптің биіктігін қандай сөзбен бейнелеген? 4. Ат, айғыр, бие деген сөздердің мағынасын айт, 5. Құлын-тайдың ойнақтауын қалай әсерлеп жазған? 6. Құстар дыбысын бейнелейтін сөзді тап, 7. Сазгерлік өнерге не жатады? 8. Үй тапсырма. “Жаз” өлеңін жаттап келу, мәнерлеп оқуға жаттығу. Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.

 2.Суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда бала зейінінің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің түрлерін жиі өзгерту–олардың зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Мектепке дейінгі ес ерекшеліктері логикалық-сөздік байланыстардан қарағанда көрнекі бейнелердің басымдылығында. Сөздік материалды олар мағынасын түсінбестен, механикалық түрде жаттап алады. Қабылдау мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар:олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыруды ескерген жөн.
Мысалы, олар «сөз», «буын», «дыбыс» ұғымдарын шатастырады. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы үйретуге болады. Мұнда тек әріп дыбыс,буын,сөздерді ғана салыстырып қоймай,заттар мен құбылыстарды да салыстыруға болады. “Тауықты құстар қатарына қосамыз ба?”- сұрағы арқылы, ”Егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неге құстар қатарына жатпайды?, т .б.салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Қиыншылық кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқармайды. Екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиыншылық кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Бұл ойлардан шығатын қорытынды-сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды балаға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Оларды түрлендіру, көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Балалар сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін сурет, кесте әліппе, т.б. көрнекіліктердің пайдасы мол. Соңғыларын ойын ретінде де пайдалануға болады. Ескеретін жай — шектеу. Себебі, бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын — болмасын кез-келген суретті ұсына беруге болмайды (олар тіпті ашық бояулармен әдемі әшекейленген болса да). Басы артық көрнекілік балалардың зейінін тұрақтандырып, жинақтауға көмектесудің орнына баланы алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін. Ал осы жастағы балалардың тілін дамыту мәселесі маңызды жұмыс екені талас туғызбас. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселесі Т. Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстары баланың балабақша табалдырығын аттаған сәтінен бастап, балабақшадағы ең негізгі пәндердің бірі-тіл дамыту сабағында үздіксіз жүзеге асырылса, қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін, рухани бай тұлғаның қалыптасуына игі ықпал етері сөзсіз. Берілетін білім мазмұны мен қолданылатын әдіс-тәсілдер баланың өзін-өзі тануына мүмкіндік туғыза алса, оның танымының дамуына бағдарланса, онда балабақшадан бастап баланың білімге қызығушылығы артады деген сөз.
Жауап беріп үйрене бастағанда баланың ішкі қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл – ойының дамуына байланысты. Сондықтан баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде тәрбиешінің орны ерекше.
1. Тәрбиеші тілі – бақшадағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі болып табылады. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық және еңбек іс — әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқып беру кезінде балаларды көркем шығарма авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты. Балабақша тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеуді меңгеру — оның кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сө Кейін балаларға беретін тілдік дағдыларды өзі жетік меңгеруі маңызды. Сөйлеу мәдениетіне ие болу дегеніміз – бұл тілдің барлық элементтерінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әртүрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен қатар әдеби тілде олардың қалай қолданылатынын есте сақтау деген сөз. Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілді сезінуіне және тілді сезгіштігінің қаншалықты дамығанына байланысты.
Сөз балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін екі түрлі тапсырма орындатуға болады:
1. Ойыншықтар арқылы ауызша сөйлеу.
2. Сурет бойынша әңгімелету.
Баланың тілін дамытуда ненің пайдасы зор? Біріншіден, жұмбақтарды жаттатып, шешкізу пайдалы. Екіншіден, тіл дамытуда балаларды өте қызықтыратын тағы бір халық ауыз әдебиет үлгісі – жаңылтпаштар. Бала бір сөзді қайталап айта отырып, тез жаттап алады. Бір – біріне айтып, екінші бала да тез жаттауға үйренеді. Жаңылтпаштар көбінесе тілінің мүкістігі бар және қиын сөздерді айта алмайтын, дыбыстарды шатастыратын немесе кейбір дыбыстарды айта алмайтын балаларға көп көмегін тигізеді. Сөзі түсінікті, оқығанда тез жатталатын жаңылтпаштар баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді. Әрине, бұл тіл дамыту жұмыстарының басы ғана. Тіл дамыту барысында жүргізілетін таным қызығушылығын арттыру жұмыстарының өзгешелігі – талдау мен жинақтау процестерінің бірлігінде. Яғни, тіл дамыту сабақтары негізінен балалардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйене жүргізіледі деген сөз. Бала тілінің дамуының алдыңғы баспалдағы балабақшада қалануы керек. Егер балабақшада баланың тілі дұрыс дамып, жетілмесе, тілдік нормалары қалыптаспаған болса, байланыстырып сөйлеуі нашар, сөздік қоры аз болса, бірінші сыныпқа барғанда оған тіл сабақтары өте ауырға түсетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан балабақша сабақтарының барлығында дамытушылық тапсырмалардың маңызы зор. Озық тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен үйренудің, талмай ізденудің, біліктілікті көтерудің қажетілігін үнемі есте ұстауымыз керек.
 
3.Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, қалыбына (формасына) да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар: - себеп-салдарлық; - аналитико-синтетикалық; - орындалымдық. Яғни жазу әрекеті, біріншіден, белгілі бір ақпаратты екінші адамға жеткізудің нәтижесі ретінде санада пайда болып, алдымен оның себебі анықталады. Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді, санада сөйлеу әрекетінің болжамдық жоспары жасалады. Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін (текст) пайда болып, жазу орындалады. Сондықтан тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көп салалы болды: 1) қажеттіліктен пайда болатын себеп; 2) себептің ойда, санада бейнеленуі; 8 3) ойдың сөз арқылы тізбектелуі; 4) сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 5) жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды жаткізудің орындалуы. Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп-салдар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы қарымқатынастың алғышарттары жасалады. Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады. Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізу негізінде, сөздердің мағынасын ойластырады. Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ереже заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де ерекшеленеді. Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді. Ал мазмұнның жеткізілуі мәтіннің сауатты жазылуына байланысты. Сауатты жазу пунктуациялық норманы, ал пунктуация орфография ережелерін негізге алады. Сондықтан жазудың лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды. Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар: 1. Графика; 2. Орфография; 3. Жазбаша сөйлеу әрекеті. Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің 9 алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді. Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе – орфография мен пунктуация. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Сондай-ақ сауатты жазудың негізі - пунктуация. Мәселен, жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды: 1. Жеке лексикалық бірліктерді сөздерді дұрыс жаза білу ережесін; 2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті, сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазып, тыныс белгілерді орынды қоя білу. Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз-оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, оған диктант жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен, мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болып түзіледі. Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесін тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді дұрыс байланыстырып жазу, әңгіменің жоспарын құрап жазу, сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең бастысы, берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуды ойластырады. Сондықтан жазудың әдістемелік ерекшелігі – графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлеуді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жаттықтыру, оқыту. Жазбаша сөйлеудің өзгешелігі: бір қарағанда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені сөйлеуші білгенін қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей қатысым іске аспайды. Жазылымның 10 қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп, басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін ескеріп, сол үшін жазылады. Ол үшін жазуды сауатты орындау талабы қойылады. Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар: 1. Жазбаша жаттығулар; 2. Мәтіндер құрастыру; 3. Диктант, мазмұндама, шығарма т.б. Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай игерту әдістерін белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін Ы.Алтынсарин баса көрсетеді: «Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақылпарасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешеліктер болатынына, ана тілінің басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады», -дей отырып, бұл пікірін педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол – балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек: әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жақпайды».
Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен, оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі қойылады. Ал бұл талап пунктуацияны оқытумен байланысты. Өйткені «тыныс белгілері, пунктуациялар - айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі», - деп қарастырылған. Тыныс белгілері (пунктуациялар) – айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу мен баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Тыныс белгілерін - тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл – тыныс белгілернің көмекші қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгісі мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын, ондай ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан өзгеріске түсуі де мүмкін. Мысалы, Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп баласы Қожаш (С. К. ). Бұл сөйлемге қатысты тыныс белгілері дұрыс қойылған. Егер Жүсіп баласы Қожаш дегеннен соң нүкте қойылмаса, сөйлем аяқталмағандай болып, оның ар жағында сөз жалғасы бардай болып көрінеді. Сондай-ақ есімше тұлғалы келген сөзінен соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес, өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді. Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады: сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің интонациясы. Құрамына қарай сөйлем, негізінен, жай және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бұлардың өзі іштей мағынасына, айтылу сазына, құрамындағы жай сөйлемдердің тиянақтылық, тиянақсыздық қасиеттеріне, жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне, қолданылу сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілері қойылады. Хабарлы сөйлемнен соң (жай, құрмалас, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдер т.б. ) нүкте (. ) қойылады. Сұраулы сөйлемнен соң сұрау (?), лепті 12 сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, одағай) сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден, негізінен, үтір, сызықша арқылы ажыратылады. Сондай-ақ жалпылауыш сөз сөйлемнің біріңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ол керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің, сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты. Мысалы, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевты ойландырған сияқты (Пушкин) деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, бірінші сөйлемдегі байқаймын сөзі, аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі (баяндауыш) қызметін атқарып тұрса, екінші сөйлемдегі байқаймын сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - меніңше, байқауымша, тәрізді мәнде қолданылып, оқшау сөздің бірі – қыстырма сөз қызметінде жұмсалып тұр, сондықтан оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына қарай да қойылады. Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мысалы, жай, құрмалас, сұраулы, лепті сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері интонацияға негізделеді. Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді. Мысалы, Еменнің иілгені – сынғаны. Көптің ісі – көл (мақал). Ол - Әбіштің туған елінде, аулында ешкімге айтпаған, аша алмаған сыры (М. Ә. ). Бірінші, екінші сөйлемдердегі сызықшылар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұрса, үшінші сөйлемдегі сызықша сілтеу есімдігінен болған бастауыш анықтауышқа ұқсап кетпес үшін қойылып тұр. Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. Қазақ пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлесімді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып, жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп, оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Мәселен, нүкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей сөйлемдердің ара жігін ажыратпай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал: Күн салбырап еңкейген күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Ал осы мәтінде Сәкенше төрт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін қойып төмендегіше жазсақ, ол мәтінді де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қиналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және әр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді: Күн салбырап еңкейген. Күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан. Орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады. Маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Үтір құрмалас сөйлемнің бөліктерінің, сонымен бірге біріңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады. Сол арқылы ол құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерін және біріңғай сөйлем мүшелерін іштей ажыратады да, олардың арасына кідіріс жасап (пауза қойып) оқу керектілігін аңғартады. Егер біз үтірдің қызметін елемей, сөйлемді іштей ажыратып жазбасақ, оны дұрыс оқи алмас та едік, әрі жазушының айтайын деген ойын өз мәнінде түсінбеген де болар едік. Мысалы, Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр, деген Абай сөздеріндегі біріңғай мүшелер мен сөйлем құрылымдарынан кейін үтір қоймасақ, ақын жазғаннан дұрыс оқуға, ақын ойын дұрыс түсінуге нұқсан келер еді. Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, қалыбына (формасына) да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар: - себеп-салдарлық; - аналитико-синтетикалық; - орындалымдық. Яғни жазу әрекеті, біріншіден, белгілі бір ақпаратты екінші адамға жеткізудің нәтижесі ретінде санада пайда болып, алдымен оның себебі анықталады. Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді, санада сөйлеу әрекетінің болжамдық жоспары жасалады. Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін (текст) пайда болып, жазу орындалады. Сондықтан тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көп салалы болды:
1) қажеттіліктен пайда болатын себеп;
2) себептің ойда, санада бейнеленуі;) ойдың сөз арқылы тізбектелуі;
3) сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;
4) жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды жаткізудің орындалуы. Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп-салдар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы қарымқатынастың алғышарттары жасалады. Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады. Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізу негізінде, сөздердің мағынасын ойластырады. Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ереже заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де ерекшеленеді. Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді. Ал мазмұнның жеткізілуі мәтіннің сауатты жазылуына байланысты. Сауатты жазу пунктуациялық норманы, ал пунктуация орфография ережелерін негізге алады. Сондықтан жазудың лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
1. Графика;
2. Орфография;
3. Жазбаша сөйлеу әрекеті. Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің 9 алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді. Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе – орфография мен пунктуация. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Сондай-ақ сауатты жазудың негізі - пунктуация. Мәселен, жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
1. Жеке лексикалық бірліктерді сөздерді дұрыс жаза білу ережесін;
2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті, сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазып, тыныс белгілерді орынды қоя білу. Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз-оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, оған диктант жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен, мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болып түзіледі. Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесін тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді дұрыс байланыстырып жазу, әңгіменің жоспарын құрап жазу, сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең бастысы, берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуды ойластырады. Сондықтан жазудың әдістемелік ерекшелігі – графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлеуді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жаттықтыру, оқыту. Жазбаша сөйлеудің өзгешелігі: бір қарағанда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені сөйлеуші білгенін қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей қатысым іске аспайды. Жазылымның 10 қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп, басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін ескеріп, сол үшін жазылады. Ол үшін жазуды сауатты орындау талабы қойылады. Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар: 1. Жазбаша жаттығулар; 2. Мәтіндер құрастыру; 3. Диктант, мазмұндама, шығарма т.б. Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай игерту әдістерін белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін Ы.Алтынсарин баса көрсетеді: «Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақылпарасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешеліктер болатынына, ана тілінің басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады», -дей отырып, бұл пікірін педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол – балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек: әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жақпайды» Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен, оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі қойылады. Ал бұл талап пунктуацияны оқытумен байланысты. Өйткені «тыныс белгілері, пунктуациялар - айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі», - деп қарастырылған .Тыныс белгілері (пунктуациялар) – айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу мен баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Тыныс белгілерін - тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл – тыныс белгілернің көмекші қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгісі мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын, ондай ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан өзгеріске түсуі де мүмкін. Мысалы, Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп баласы Қожаш (С. К. ). Бұл сөйлемге қатысты тыныс белгілері дұрыс қойылған. Егер Жүсіп баласы Қожаш дегеннен соң нүкте қойылмаса, сөйлем аяқталмағандай болып, оның ар жағында сөз жалғасы бардай болып көрінеді. Сондай-ақ есімше тұлғалы келген сөзінен соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес, өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді. Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады: сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің интонациясы. Құрамына қарай сөйлем, негізінен, жай және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бұлардың өзі іштей мағынасына, айтылу сазына, құрамындағы жай сөйлемдердің тиянақтылық, тиянақсыздық қасиеттеріне, жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне, қолданылу сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілері қойылады. Хабарлы сөйлемнен соң (жай, құрмалас, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдер т.б. ) нүкте (. ) қойылады. Сұраулы сөйлемнен соң сұрау (?), лепті 12 сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, одағай) сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден, негізінен, үтір, сызықша арқылы ажыратылады. Сондай-ақ жалпылауыш сөз сөйлемнің біріңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ол керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің, сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты. Мысалы, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевты ойландырған сияқты (Пушкин) деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, бірінші сөйлемдегі байқаймын сөзі, аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі (баяндауыш) қызметін атқарып тұрса, екінші сөйлемдегі байқаймын сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - меніңше, байқауымша, тәрізді мәнде қолданылып, оқшау сөздің бірі – қыстырма сөз қызметінде жұмсалып тұр, сондықтан оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына қарай да қойылады. Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мысалы, жай, құрмалас, сұраулы, лепті сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері интонацияға негізделеді. Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді. Мысалы, Еменнің иілгені – сынғаны. Көптің ісі – көл (мақал). Ол - Әбіштің туған елінде, аулында ешкімге айтпаған, аша алмаған сыры (М. Ә. ). Бірінші, екінші сөйлемдердегі сызықшылар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұрса, үшінші сөйлемдегі сызықша сілтеу есімдігінен болған бастауыш анықтауышқа ұқсап кетпес үшін қойылып тұр. Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. Қазақ пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлесімді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып, жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп, оқуға, 13 сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Мәселен, нүкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей сөйлемдердің ара жігін ажыратпай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал: Күн салбырап еңкейген күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Ал осы мәтінде Сәкенше төрт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін қойып төмендегіше жазсақ, ол мәтінді де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қиналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және әр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді: Күн салбырап еңкейген. Күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан. Орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады. Маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Үтір құрмалас сөйлемнің бөліктерінің, сонымен бірге біріңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады. Сол арқылы ол құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерін және біріңғай сөйлем мүшелерін іштей ажыратады да, олардың арасына кідіріс жасап (пауза қойып) оқу керектілігін аңғартады. Егер біз үтірдің қызметін елемей, сөйлемді іштей ажыратып жазбасақ, оны дұрыс оқи алмас та едік, әрі жазушының айтайын деген ойын өз мәнінде түсінбеген де болар едік. Мысалы, Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр, деген Абай сөздеріндегі біріңғай мүшелер мен сөйлем құрылымдарынан кейін үтір қоймасақ, ақын жазғаннан дұрыс оқуға, ақын ойын дұрыс түсінуге нұқсан келер еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет