Бастауыш сынып оқушыларын жоба жұмысына даярлау жұмыстары



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі22,75 Kb.
#83817
1   2   3   4
Байланысты:
жобалық жұмысқа

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалаудың жалпы құрылымы :

Жобалаудың жалпы құрылымы :

1) алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау;

2) зерттеудің маңыздылығы;

3) міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау;

4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау;

5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу;

6) қорғау.

Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:

Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:


  • -зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету;

  • -практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері;

  • -оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі;

  • -жобалаудың мазмұнының құрылымы.

Жобалау әдісінің алгоритмі:

1.Проблема

2.Жобалау

3.Ақпарат көздерін іздестіру

4.Нәтижені қорытындылау

5.Презентация.

Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет