Бастауыш сынып оқушыларын жоба жұмысына даярлау жұмыстары

топтық жұмыста рөлдерді өздеріне таңдату

бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі22,75 Kb.
#83817
1   2   3   4
Байланысты:
жобалық жұмысқа

топтық жұмыста рөлдерді өздеріне таңдату;

оқушылардың зерттеу қызметінде олардың ізденісін қолдау, демеу жасау;

сағаттар кестесін қатаң сақтай отырып кеңес беру;

кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру;

оқушылардың жасаған жоба жұмыстарын өзара, өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу;

жобаның тұсаукесерін салтанатты түрде ұйымдастыру.

Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жоба әдісінің басты мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау.

Жобалау әдісі арқылы ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.

Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қорытындылай келе, білім беруді аталған жобалай оқыту технология негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет