Бастауыш сынып оқушыларының жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру формалары Жоба мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Оны салыстырып көрелік:
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін, оны жоспарлай білу қажет: