Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазудағы сапасын арттыру


Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары



бет2/2
Дата06.07.2022
өлшемі48,75 Kb.
#37530
1   2
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
§ Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
§ Ізденгіштікке ұмтылуға;
§ Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
§ Толық фантазиялық еркіндікке;
§ Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді
деп есптеймін.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді. 


Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. 
Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану. 
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. 
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін. 
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. 
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. 
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. 
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. 
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. 
Ойын 
Ұлттық Дидактикалық Логикалық 
«Ақсүйек» 
«Көкпар» 
«Қанталапай» 
«Арқан тартым» 
«Көксерек - мөксерек» «Мың бір мақал» 
«Ғажайып алаң» 
«Сергіту сәті» 
«Сөз құрау» 
«Жұмбақ есеп» 
«Әріпті кубиктер» 
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: 
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою. 
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру. 
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. 
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу. 
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. 
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. 
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. 
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. 
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. 
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері. 
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. 
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады. 
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. 
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық 
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең. 
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық 
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды. 
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса. 
1. р, о, б.- бор 
2. а, ш, а, ғ.- шаға 
Лексика бойынша 
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс. 
1. Ұяда.... 
Ұшқанда 
2. Көп... 
Терең... 
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі? 
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек. 
Морфология саласы бойынша. 
«Ойлан тап»ойыны. 
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан 
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен 
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған 
«Ойна да ойлан»ойыны. 
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз. 
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз. 
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны. 
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады? 
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық. 
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны» 
Атаңның баласы болма, 
/адамның баласы бол/ 
«Сөз қуаласпақ ойыны» 
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды. 
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы: 
Бізде қызық ойын бар 
Ал, ықылас қойыңдар. 
Қане, тәртіп сақтайық, 
Баспалдақтан аттайық, 
Есептеуден қашпайық, 
Жүлделі болып қайтайық.- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады. 
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық» 
Сондай - ақ, меңгерілген тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім», «Әйгөлөк». «Қаражорға» 
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. 
Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады. 
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. 
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. 
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай? 
Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда 
Оқы да біл, 
Ойын - еңбек. 
Ойна да күл, 
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау. Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады. Еліміздің «Білім туралы заңы» тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп, 5 баптың 2-ші тармағында: «Меншік нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбір білім деңгейі үшін мемлекеттік жалпы стандартқа сәйкес мемлекетгік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды» міндеттейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді.[1] Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты ауызша сөйлеу өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алды. Қазақ тілі тұрмыс аясында ғана емес, басқару орындарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру, оқу-тәрбие жүйесінде кеңінен қызмет ете бастады. Бұқаралық электронды ақпарат құралдарының қазақ тілінде беретін хабарларының уақыты бұрынғыдан әлдеқайда артты. Бірақ адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен электронды ақпарат хабарларында ауызша сөйлеудің орфоэпиялық нормаларының сақталына бермейтіні байқалады. Оны орфоэпиялық сөздікте: «Алайда қазіргі кезде ауызша қолданылу мәдениеті аса жоғары деуге болмайды», - деп көрсетілген. Сондықтан теле, радио хабарларының шығармашылық қызметкерлері мен дикторлар, жоғары оқу орны аудиторияларындағы лекторлар, сахнадағы актерлер, өндірістік қызметтегі мамандар, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар сөзді дұрыс ырғақпен, үйлесіммен, үндесіммен дыбыстай алмай жататын жайттар жиі кездесіп жүр. Әсіресе, бұл жай танымы мен ойы, тілі мен білімі даму үстіндегі мектеп оқушыларының қатысым әрекетінде жиі байқалса, олардың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Өйткені әрбір айтылған ой, баяндалған білім, берілген ақпаратты дұрыс қабылдау тыңдап түсінуге байланысты. Егер жеке сөз мағынасы, сөз тіркесі мен сөйлемдегі пікір мен ой, мәтіндегі мазмұн тиісті орфоэпиялық немесе орфографиялық нормада айтылып не жазылып қолданылмаса, тілдік қарым-қатынас өз дәрежесіңде жүрмей, қатысым әрекеті нәтижесіз аяқталады. Сондықтан оқушылардың дұрыс сөйлеуіне бағыт-бағдар көрсететін әдістемелік зерттеулер мен құралдар қажет. Ауызша қатысым адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен бірге ауызша қатысымда тілдік қатынастың әртүрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б.) іске асырылады. Бұл дауыс ырғағына, күшіне, тембріне, интонациясына т.б. байланысты. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйретуде сөйлеу әрекетіне жаттықтырылады. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты былайша анықталған: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген. Ал оқытудың басты міндеттері екі бағыт бойынша анықталады, біріншісі, танымдық бағыт бойынша «оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен» бірге «оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру» деп белгілесе, екіншісі тәжірибелік бағыт бойынша, «оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту мен тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету» деп есептелген. Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың ауызша сөйлеу әрекеті. Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушылардың оқу үрдісі. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдай отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың жолдарын ашып көрсету. Зерттеу міндеттері: Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдау. Ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздерін ашып көрсету. Оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруда және дамытуда мұғалімнің ролін көрсету. Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Диплом жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін терең түсіну мақсатында білім беру жүйесінде қолдануға ықпал етеді. Зерттеу әдістері: теориялық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету. Теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер – бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды. Зерттеу жұмысының базасы: Астана қаласы №57 мектеп гимназия. Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тіл мәртебесі көрсетілген. Бірінші бөлімде сөйлеу әрекетінің түрлері, ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін факторлар және оқушылардың сөздік қорын, тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер сипатталған. Қорытындыда тілдің қоғам мен жеке адамның өмірінде ерекше орын алатындығы көрсетілген.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар:
- Төрт түлік малға нелер жатады?
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған?
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз?
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Ұлттық ойындар туралы түсінік.
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын. 
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
2) Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалім оқиды;
ә) оқушылар оқиды;
б) сөздікті пайдаланып, аудару;
в) жаңа сөздерден сөйлем құрау;
г) сұраққа жауап беру.
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру.
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).
1. Әнұранның авторлары кім?
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
3. Иелік форма қалай жасалады?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Төрт түлік малды ата.
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. Өзің туралы айт.
8. Сөз құрамы неден тұрады?
9. Досың туралы айт.
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
11. Көптік жалғауларын ата.
12. «Кітап» сөзін септе.
13. «Отан» сөзін тәуелде.
14. Абай Құнанбаев кім?
15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата.
IV. Сергіту сәті: 
«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т.б... 
V. Сабақты қорытындылау:
а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау;
ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу.
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу. 
Достарыңызбен бөлісу:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет