8
3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен,
бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет).
1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш
білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
• Оқу жоспары;
• Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім
беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды
бағалауды өткізу тәртібі;
• Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
ҚР МЖМББС
Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылған
талаптар (күтілетін нәтижелер Б. Блум таксономиясына негізделген)
Достарыңызбен бөлісу: