Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы)
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім
алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар
жұмысы.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату,
пікір білдіру.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік
беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
|