33 6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық
бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі.
Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық
жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін
жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды
көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан
барысында, тоқсанның соңында беріледі (7-кесте).
7-кесте. Нәтижелерді тіркеу Білім алушыларға қойылады: Сипаты Әр бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалаудың
балы
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері
(жоғары, орта, төмен)
Тоқсандық жиынтық
бағалаудың балы
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес
жинақталған балдар саны
Тоқсандық баға
Балды бағаға ауыстыру
шәкіліне сәйкес белгілі
пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық
бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық
бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы
бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы
бойынша жинайды
Жылдық баға
Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға
қатысты жинақталған балдар санының пайыздық
арақатынасы
балды бағаға ауыстыру
шәкіліне сәйкес
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1-ден 5-ке дейінгі
бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың
ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың
бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).
8-кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі Балдың пайыздық мазмұны Баға көрсеткіші Баға 0
Бағаланбады
«1»
1%-20%
Қанағаттанғысыз
«2»
21%-50%
Қанағаттанарлық
«3»
51%-80%
Жақсы
«4»
81%-100%
Өте жақсы
«5»