Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.
Енді бірнеше бастауыш сынып оқушыларының негізгі пәндеріне арналған әдіс – тәсілдер мен ойындарға тоқталайын.
1. «Ыстық орындық » әдісі. Берілген тапсырмаларға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.
2. «Автор орындығы » Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуге тиімді.
3. «Бинго» ойыны. Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Әртүрлі сұрақтар қойылады. Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашып салыстыру « әдіс алмасу »
4. Интербелсенді әдіс – тәсілдер
Сұхбат алушы Жауап беруші
Үнтаспаны жазушы А сұрақ қояды, В жауап береді, С сұрақ жауаптарды жазып, анализ, талдау жасайды. Әрбір интервьюден кейін, рөлдер ауысып отырады.
5. Ғажайып алаңы. Барабанды айналдырғанда бір санға келіп тоқтайды. Сандардың астындағы сұрақтар немесе тапсырмаларға, есептерге жауап бер
6. Ойымды аяқта. Қазақ тілі пәнінде ертегі не мәтін аяқталмай беріледі. Оны оқушы өз ойы бойынша аяқтайды.
7. «Кемпірқосақ ойыны». 1 минут ішінде түстері әртүрлі бес затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма беріледі.Мыс: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр) кімде кім түске сәйкес заттың атын таппаса ойыннан шығады.
8. «Алма ағашы».әдісі оқушыларға екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін барлық тапсырманы
жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді.
9. «Бір сөзбен » әдісі. Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімділік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану,шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рақаттану.
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б. Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шғармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті. Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Қорыта айтқанда бағдарламаға сәйкес алынған әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында, өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта аламын.