«Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру» Асылмурат Дария



бет2/4
Дата24.05.2023
өлшемі172,95 Kb.
#96329
1   2   3   4
Байланысты:
баяндама (1)

Қалыптастырылатын дағдылар:

    • басқалармен жұмыс;

    • ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

    • ақпаратты басқару.
Жалпы сипаттама

Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.
Ж ұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.

  2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:

    • Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

    • Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

    • Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.

    • Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

    • Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

  3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.

  4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.
ПАЗЛ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса,
«Ойтамыздықты» қарауға болады.
Сыныпты жоспарлау

Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек.
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.

  2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.

  3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.

  4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.

  5. Ж арыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.

  6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.

  7. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.


Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет