Бастауыш сыныпта сын тұРҒысынан ойлау технологиясын қолдану жолдары



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі166,18 Kb.
#4582

 

146


 

УДК 373 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН 



ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ 

 

Бектемісова А.Ө. 



(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің аға оқытушысы) 

Рахметова А.Е. 

(сБОПƏ-ж-8 тоб.студенті) 

 

 



 

Елбасының  жолдауына    зерделей  үңілгенде  мұндағы  əрбір  тұжырым  мұқият 

зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаумен түйінделгенін ұғамыз  білім    реформасы 

Қазақстанның  бəсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды  құралдардың  бірі  екені  нақты  аталып  көрсеткен.  Қазіргі  кезде  он  екі  жылдық 

білім  беру  берудің  басты  мақсаты:    Өзінің  жəне  қоғамның  мүддесіне    өзін-өзі    белсенді 

етуге  дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі  ортада    өмір  сүруге  бейім,  бəсегеге  қабілетті  жəне 

құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру [1]. 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында  «...білім  беру  жүйесі 

міндеттерінің  бірі  ретінде  белсенді  азаматтық  ұстанымы  бар  жеке  адамды  тəрбиелеу, 

республиканың  қоғамдық-саяси,  экономикалық  жəне  мəдени  өміріне  қатысу  қажеттігін, 

жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы  көзқарасын  қалыптастыру»  атап 

көрсетілген [2]. 

Педагогикада  оқу  үрдісін  "технологияландыру"  мəселесі  көп  қарастырылып  жүр. 

Бүгінгі таңда одан бірнеше ірі бағыттар сұрыпталады. Олар мыналар: 

-

 



Оқу үрдісінің іс-əрекеттері (Т. Т. Тальзина, П. Гальперин). 

-

 



Концептуалды  негізде  (негізгі  жəне  қосымша  сабақ,  курстік  жалпы  идеясын 

анықтап алу, қайшылық тудырмайтын пəнаралық байланысты қалыптастыру). 

-

 

Ірі блоктік жүйе (В.Ф. Шаталов). 



-

 

Алдын-ала дайындау (опережения). 



-

 

Мəселелік жағдай (А.М. Матюшкин). 



-

 

Жеке  мəндік  негізде  теориялық  материалды  өтпес  бұрын  оқушы  санасына 



эмоциялық психологиялық əсер ету [3, 124 б.]. 

Педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады: 

-

 

мұғалімді əдістемелік қамтамасыз ету. 



-

 

мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі. 



-

 

мұғалімнің кəсіпкерлік дайындық жүйесі. 



-

 

оқу үрдісін жобалау. 



-

 

оқушының жалпы жəне оқу жүктемелері. 



Педагогикалық  технологиялау  дегеніміз  -  оқу  процесін  жобалаудың  жүйелік  ісі, 

оқытудың  тиімді  түрлеріне  жету  мақсатында,  адам  мен  техналогиялық  ресурстарды, 

олардың ара-қатынасып ескере отырып бүкіл оқу мен білімді меңгеру үрдісін жүргізу, оны 

бағалау.  

Педагогикалақ  технологияны  дұрыс  жобалау  үшін  мынандай  5  элемент  қамтылу 

керек: 


1.

 

Мақсат  қою! (курс, тарау, т.б.). 



2.

 

Болжау.  Оқушылар  еңбегін  болжау  дегеніміз:  деңгейлік  оқытуға  бағытталып 



құрылған өздік жұмысы. 

3.

 



Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. 

4.

 



Логикалық   құрылым.   Шағын   мақсаттың   мазмұны   мен   саны оқушылардың 

даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын анықтайды. 



 

147


 

5.

 



Түзету. 

Қарастырып 

отырған 

сұрақтағы 

мүмкін 

болатын 


қиындықтар: 

оқушылардың  көп  жіберетін  қателері,  оқушының  оқу  стандартты  деңгейіне 

көтерудің педагогикаға тəн шаралар жүйесі. 

Кеңес дəуірінде білім беруде бұл ұғым ашық, нақты айтылмағанмен, оның астарында 

жалпы  білім  берудің  мемлекеттік  нормалары  болды.  Ал  қазір  заман  талабына  сай  сол 

нормаларды нақтылап жүйелеу қажеттігі тұр. Мемлекеттік стандарт дегеніміз - мемлекеттік 

норма  ретінде  қабылданатын  параметрлер  жүйесі.  Параметрге  білім  мазмұны  құрамы, 

құрылым,  оқу  жүктемесі  көлемі,  оқушылық  дайындық  деңгейі,  оқу  нəтижесі  көрсеткіші, 

оқу  нəтижесі  өлшемдері,  т.б.  жатады.  Жалпы  стандарт  білім  алудың  көп  нұсқалы 

жағдайында білім беру кеңістігінде бірыңғайлықты сақтауға мүмкіндік береді. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған 

білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тəжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис 

С.Мередит,  Чарльз  Тэмпл.  Жобаның  негізі  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский  теорияларын 

басшылыққа алады.  

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі 

ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің 

елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген 

бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне ене бастады.  

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге 

қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу, 

сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп 

түсіндіреді авторлар [3, 176 б.]. 

Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы 

үлкен  міндет.  Бұл  əрбір  мұғалімге  тынымсыз    ізденісті,оқытудың  жаңа  формасымен,  əдіс 

тəсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.  

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: 

 

шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сыни көзбен 



қарау; 

 



күрделі  мəселелерді  шешуге,  аса  маңызды,  жауапты  шешімдер  қабылдауға 

құштарлық; 

 

үйрету 



мен 

үйрену 


бірлігінен, 

үйренудің 

қызығушылығынан 

тұратын, 

үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 

Осы  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  жүзге  тарта 

стартегиясы  бар  екені  белгілі,  демек  сол  əдіс  –  тəсілдерді  жақсылап  игеріп,  ішінен 

қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді  де   оңтайлы  жолмен 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  мол.    Шығыс  даналығы    “Мəселе  нені  үйретуде  емес  қалай 

үйретуде” демей ме?  Сондықтан  мақсат пен мазмұн  мемлекеттік бағдарламаларда айқын 

беріліп отырған  қазіргі жағдайда  бұл стартегиялардың маңызы зор. 

Соның  ішінде  толғануды  тиімді    етуге    лайықталған  “Венн    кестесі”,  “Бес  жолды 

өлең”,  “Көрнекілік  арқылы  баяндау”,  “Семантикалық  карта”  сияқты    стратегиялар      əр 

сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала  қолданылады. Мəселен:  “Венн 

кестесі”  арқылы  өз  ойынан  қорытып  сөз  шығару,  екі  затты  салыстырып  айырмашылығы, 

ұқсастығы  туралы    сөз  ойлап  табу    оқушы  үшін  үлкен    ойды  қажет  етеді.  Бұл 

стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін, қызығушылығын дамытады. 

Пəнге  деген  өзгеше  көзқарас  қалыптасады.  Əр  сабақты  оқушымен  санаса  отырып,  жүйелі 

жүргізуде  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  стратегиялық  бағыттары  ұстаздарға 

үлкен қолғабыс тигізеді.  

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой 

толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. 


 

148


 

Қызығушылықты ояту. 

Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  жəне  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады. 

Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 

толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы  тұрған  мəселе  жайлы 

оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғату, 

ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін 

“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Əлемді шарлау” т.б. деген 

аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған. 

Ойлау  мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны  тану 

(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс 

істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік  көрсетуіне 

жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауына  көмектесетін  оқыту 

стратегиялары  бар.  Соның  бірі  INSERT.  Ол  бойынша  оқушыға  оқу,  тақырыппен  танысу 

барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені 

таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, 

өз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін  ұтымды  құрал.  Бір  əңгіменің  соңына 

тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мəнін  жете  түсіну  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да, 

оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра 

алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді  жоғарыдағыдай  ұйымдастыру  –  аталған 

кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.  [3, 221 б.].  

Тақырып  туралы  ой-толғаныс  –  бағдарламаның  үшінші  кезеңі.  Күнделікті  оқыту 

процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға  сын  көзбен  қарап,  баға 

беруге  үйретеді.  Оқушылар  өз  ойларын,  өздері  байқаған  ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта 

алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену 

жолын,  кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  əр  түрлі  кестесін  біліп  үйренеді.  Бұл 

үйрену  сатысы  –  ойды  қайта  түйіп,  жаңа  өзгерістер  жасайтын  кезең  болып  табылады.  Əр 

түрлі  шығармашылықпен  ой  түйістіру  болашақта  қолданылатын  мақсатты  құрылымға 

жетелейді.  “Педагогикалық  технология  оқушының  өз  бетімен  жасайтын  оқу-танымдық 

қызметінің  құрылымы  мен  мазмұнын  анықтайтын  оқу-тəрбие  процесінің  жобасына 

негізделуі  қажет”  делінген  шарт  білім  мазмұнын  (оқу  материалын)  тек  орта  қабілеті  бар 

оқушыға  арналған  ақпарат  көзі  болудан  оқушының  өз  бетімен  белсенді  жұмыс  жасап, 

дамуына  жол  ашатын  оқу  құралына  айналуын  қажет  етеді.  Бұл  талаптар  орындалу  үшін 

қажет  арнайы  шарттардың  жүйесі  анықталған.  Мұның  үстіне  білім  мазмұны  И.Я.Лернер 

ұсынған 4 элементтік негізде анықталуы тиіс. 

Оқу  əдістері  оң  мотив  пен  танымдық  белсенділікті  қажет  ететін  жəне  оқушыларда 

ізденіс-зерттеу  дағдыларын  қалыптастыратын  əдістер  мен  тəсілдердің  жинынан  тұруы 

қажет. 


Оқу  мақсатының  диагаостакалық  (иерархиялық)  түрде  берілуі  —  білім  мазмұнының 

сəйкесті  деңгейленіп  берілуін,  білім  сапасының  түрлерін  (дұрыстығы,  толықтығы, 

жүйелілігі, тереңдігі, т.б.) қамтуын талап етеді.  

Сөйтіп,  білім  мазмұнының  дəстүрлі  жағдайда  кенжелеп  қалған  дамытушылық  жəне 

процессуальдық  аспектілері  іске  қосылады.  Оқу  мақсатының  диагаостикалық  түрде 

қойылуы сондай-ақ оқыту əдістерінің 3 өлшемді моделін енгізуді талап етеді. 

Бұл  технологияны  пайдалану  -  мақсаттар  таксономиясы  мен  меңгеру  деңгейлерінен 

туындайтын  жаңа  сападағы  методикалық  жүйеден  туған  дидактикалық  материалдар,  яғни 

əр тақырып бойынша деңгейлік өздік жұмыстар, деңгейлік бақылау жұмыстарынан тұратын 

модульдерден  құралған  оқушының  өздік  жұмыс  дəптерін  (немесе  оқулық-силлабус)  қажет 

етеді.  Мұны  екінші  жагынан,  жоғарыда  аталған  (технологияның  оқушының  өз  бетімен 

жасайтын  танымдық  қызметінің  құрылымы  мен  мазмұнын  анықтайтын  оқу  процесінің 

жобасына негізделуі қажет делінген) талабы да құптайды. 

Қазіргі білім саласындағы оқытудың  озық технологияларын меңгермейінше сауатты, 

жан-жақты  маман    болуы  мүмкін  емес.  СТО  технологиясының    оқушы  бойында 


 

149


 

коммуникативтік  құзыреттілікті  арттырудың  бірден  –  бір  қайнар  көзі.  Біріншіден,    сын 

тұрғысынан  ойлау  принциптеріне  негізделген  болса,  əркім  өз  ойлары  мен  пікірлерін  жəне 

бағалауларын  тəуелсіз  құратын  болады.  Біз  үшін  басқа  біреу    сыни  ойлай  алмайды,  біз 

барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, 

жіберілген  пункті  болып  табылады.  Үшіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау    сұрақтар  қойып, 

шешімін табуды қажет ететін мəселені анықтаудан басталады. Төртіншіден,  сын тұрғыдан 

ойлау  көңілге  қонымды  дəлелге  ұмтылады.  Сын  тұрғыдан  ойлайтын  адам  мəселені 

шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дəлелдермен нақтылай 

түседі.  Сонымен  қатар,  ол  сол  мəселені  шешудің  басқа  да  жолдарының    бар  екендігін 

мойындайды  да,  өзі  таңдап  алған  жолдың  басқаларына  қарағанда  ақылға  қонымды 

екендігін дəлелдеуге тырысады. Бесіншіден,  сыни тұрғыдан ойлау əлеуметтік ойлау болып 

табылады [4, 124 б.].  

Қорытындылай  келгенде,  сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз-  алған  білімге    сын  көзбен 

қарау, іздену, оның ақиқатын дəлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның  

тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:   

 

жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады; 



 

мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті  қарым-қатынас орнауы; 



 

оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады; 



 

алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу; 



 

оқушыны  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді; 



 

бірін –бірі сыйлауға баулуы; 



 

мəселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады; 



 

оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы. 



Қорытындылай  келе,  СТО  технологиясын  жүйелі  пайдалана  отырып,  оқушының  

коммуникативтік  құзыреттілігін  дамытуда    оқушылардың  көрсеткен    нəтижесі:  оқушылар 

сыни  ойлай  біледі,  өз  алдына  сұрақтар  қойып  жауап  іздейді,  мəселеге    байланысты  өз 

пікірін  айтады,  білімнің  қайнар  көзін    өздері  тауып,  білімді  меңгеру  қажет  дағдыларды  өз 

бетімен  қолдануды үйренеді, əдепт, батыл сөйлей алады, өз ойын тұжырымдай біледі, бір-

бірінің пікірін тыңдайды, белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасай алады, 

білімді сапалы меңгереді.   

Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған  “Бес  жолды  өлең”,  “Венн  диаграммасы”, 

“Еркін  жазу”,  “Семантикалық  карта”,  “Т  кестесі”  сияқты  стратегиялар  əр  сабақтың 

ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  2010  жылғы  29  қаңтардағы 

халыққа жолдауы // Солтүстік Қазақстан,  2010. –  31 қаңтар. 

2.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 130 



3.

 

Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 250 



б. 

4.

 



Əбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. – Алматы: «Дарын», 1988. – 250 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет