Бастауыш сыныптарда бағалау түрлері және тиімділігі



бет4/6
Дата15.03.2022
өлшемі6,25 Mb.
#28033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сұрақты ұстап ал!

Мұғалім сұрақ қойған кезде доп, жұмсақ ойыншық лақтырады. Бұл сұрау оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен допты әр командаға лақтырады.



конверт-сұрақ

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.



9-ромб

Ромбтардың артына тақырыптарға байланысты сұрақтар немесе тапсырмалар жазып, тақтаға орналастырамын. Қатысушылар кезегімен сұрақтарға жауап береді. Алынған жауаптар талданады ( тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет