қа йың аң шы ең бек қаң бақ ма ңыз қо ңыз до ңыз қо ңыр ер тең таң ба шаң ғы тең ге ілді ірі келді іс біл ілу білу тіл ірімшік келін іні ішек дір тірлік бірлік ерлік шіркін кілем мінез із теңіз іл егіз сегіз білезік
кеме кесе ескек теке ерке кеспе текемет кел кесу екеу керемет кем шелек етек керек екен кезек көз керуен күз келбет көп көбелек кен көйлек үтік үкі көкек
р ,а , қ, а л, а, д, а қ ,ы, м, ы, с ш ,н, а, а ұ, л, қ, а, қ л, а, қ
ұршық ұшу құшақ ұлу тұсақ тұру құлын ұл мұрын ұн ұшақ ұлар бұзау ұсақ тұсау құр бұрау ұра тұқым ұқ жұ мырт қа құрт мұрт тұрақ бұлт ұршық ұлт құлақ ұлан бұлақ қалақ шарық сұр құрақ ұран тұрақ сұрақ құ лақ шын дұрыс құра
Сәкен Сейфуллин атындағы №2орта мектебі
Әліппе «Ее» дыбысы мен әрпі ( ашық сабақ) Смагулова Шолпан
Шы на шақ талшық қашу Талшын шуыл тыш қан шар шаруа Ершат шаршы ақша шама ашты шашты шер Шона шоқ Шынар қар Дастан Қанат
ер тер ес тес ел ет ен елу езу мен сен Ер лан
қа ра ма са Са ра та уық Зе ре ер тер тез ел емен ес сен мен ет мен Есен
Нұрталап: «А»- дегенім:
Алмұрт
Аузыңа сал бал жұт!
Нұраят: «Ә» - дегенім:
Әңгелек,
Әңгелегім дөңгелек.
Әнтек кіші бітімі,
Ол қауынның бір түрі.
Бекнар: «Б» - дегенім:
Бүлдірген,
Балдай дәмін кім білген,
Бүлдіргенді шекерге,
Батырып же бір - бірден.
Жансая: «В» - дегенім:
Витамин.
Витамин көп жемісте,
Витамин ғой, жеміс же!
Қанжар: «Г» - дегенім:
Гүл деймін,
Гүлге теңеу іздеймін.
Гүл деген мен, Күн анам,
Гүлдей жайнап, қуанам!
Жақсай: «Ғ» - дегенім:
Ғажап бақ.
Ғажап бақты аралап,
Ғалым – бағбан боламын,
Ғалам сылар бағалап.
Эльмира: «Е» - дегенім:
Ежігей.
Ежігейді ел білер.
Ерекше ас ол әрі,
Ежігей сүт тағамы.
ОЛ ОН ОР ОС ОУ ОТ ала ара ауа аса ана ата су ну ру арна нан орна сол алау отау санау тау тана тара ата асау Сара сал сана от Нар қыз Қа ла қай қар лы ғаш қа ра ғай шар лар ша ға ла ба ла пан ба ла қай та мыр тор ғай да ла да Да ри ға Лау ра бақ та шы та ма ша қа ра ша Са мал бал мұз дақ Ма рат қол ша тыр ол жа Жол ба рыс Май ра тор сық шөл көл доп қап тап бөл ба ла пан а ла қан ба ла қай қа ла қай То ла ғай Ба тыр хан қа ра ғай бөл ті рік кө мір үй рек ү кі ұ шақ бұ тақ бұр шақ ана сана аула сула санау анау алау суат Сара Ару Рауан науа Сауат тау суар Аруна Арлан арал Санат таса Орал ора сор сона сонау олар он ор ол ос оу ло ро но уо со шо Шора орау оралу Орал,нан ал. Анар, нан ора. Сара, сан сана.
Жігітке жеті өнер де аз...Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жігітке жеті өнер де аз...» тәрбие сағаты (сайысы түрінде) Мақсаты: Ер балаларды ұлттық тұлғада халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрлерін қадірлеу, ұлтжанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Оқушылар арасынан қабілетті, яғни, білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан - жақты, сегіз қырлы – бір сырлы оқушыларды анықтау. Өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, оқушылар және келген қонақтар.
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,
Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.
Талай ғасыр небір ақын жыраулар
Жігіттердің батырлығын жырлапты.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, ұлттық тұлғада халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрлерін қадірлеу, ұлт жанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу және тәрбиелеу. Білімді жастарды анықтайтын, сегіз қырлы – бір сырлы жігіттер арасында өтетін «Жігітке жеті өнерде аз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген
Сахна төріне сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнегелі де өнерлі, жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.
Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін – сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Енді сайыстың барысына тоқталайық. сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Сайыс бағдарламасы
1. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. (3 мин)
2. «Көркіне ақылы сай» қызықты сұрақ - жауаптар сайысы.
3. «Ердің асылы күшінен білінеді» (қол күрес)
4. «Білімді мыңды жығар» (Мақал - мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту) (3 мин)
5. «Күш атасын танымас» (гир көтеру)
6. « Тығырыққа тірелгенде» Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау.
7. «Мен өнерлі жігітпін» (сайыскерлер өз өнерлерін көрсету) (10 мин)
Армысың айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген нақыл
Топ алдына шыққанда басын иіп
Сәлемдесу – парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер топтарменен
Сәтте келіп қалғандай бір танысатын – дей отыра.
1.« Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру
Таныстыру кезеңінің ұпай сандары. (2 - 5 балл)
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табар ма екен, сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар – деп
2. « Көркіне ақылы сай» қызықты сұрақ - жауаптар сайысы.
1 - сұрақ: Төрт түліктің пірін атаңыз.
Жауабы: Түйе пірі — Ойсыл қара, жылқы пірі — Қамбар ата, сиыр пірі — Зеңгі баба, қой пірі — Шопан ата, ешкі пірі — Шекшек ата.
2 - сұрақ: Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Жауабы: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
3 - сұрақ: су түбінде не жоқ?
Жауабы: құрғақ тас жоқ.
4 - сұрақ. Қазақ халқының дәстүр - салты мен той - томалақтарын атап шық,
Жауабы: Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.
5 - сұрақ. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
6 - сұрақ. Жігіттің үш асыл мінезін ата.
Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
7 - сұрақ. Үйленген ұлға беретін үлес қалай аталады?
Жауабы: енші
8 – сұрақ: Қазанға не сыймайды?
Жауабы: қақпағы
9 – сұрақ: 7 мамыр қандай күн, 9 мамыр ше?
Жауабы: 7 мамыр – отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – ұлы жеңіс күні
10 – сұрақ: Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?
Жауабы: шүберек су болады
11 – сұрақ: Бір жұмыртқа 15 минутта піскенде, 3 жұмыртқа ше?
Жауабы: 15 минутта
12 – сұрақ: Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 килограмм, ал екі аяғымен тұрса?
Жауабы: 2 килограмм
«Көркіне ақылы сай» кезеңінің ұпай сандары. (2 - 5 балл)
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
3. « Ердің асылы күшінен білінеді» (қол күрес)
« Ердің асылы күшінен білінеді» кезеңінің ұпай сандары. (2 - 5 балл)
Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтелеуов бабамыз айтқандай, сайысымыздың «Білімді мыңды жығар»кезеңіне берсек.
4. «Білімді мыңды жығар» (Мақал - мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту).
1. Ауылдан асқан байлық жоқ
Неден қымбат қазына жоқ (КІТАП)
2. Талапсыз жас, қанатсыз не? (ҚҰС)
3. Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ? (ТІЛ)
4. Отансыз кім, ормансыз бұлбұл (АДАМ)
5. Өнер алды қандай тіл (ҚЫЗЫЛ)
6. Білім – теңіз, не кеме? (МЕКТЕП)
7. Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны нешеу болмайды. (ЖЕТЕУ)
8. Ер жігіт туар кім үшін. (ЕЛІ)
«Білімді мыңды жығар» кезеңінің ұпай сандары. (2 - 5 балл)
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы
Сан шыңға шыдай білсең
Тек төзе біл бұл сынға да
Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат, салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Ол үшін спортты жанымызға жолдас қылу керек. Біздің жігіттеріміз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма? Сол себептен жігіттердің күшін сынға салып көрейік.