Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек: - жазуы ұқыпты; - оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан (жаңа жолдан) бастап жазу, жолды дәптердің түп жағынан (10-15 мм), оң жағынан (20 мм), тор дәптердің түп жағынан 2 тор, шектеу сызығына 1 тор жетпейтін бос орын қалдыру, біркелкі көркем жазу талап етіледі. - 1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады; - 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады. - күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы:
15-жаттығу
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала бақа барыс
- Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды; - Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды; - Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Көркем жазу жұмыстары
Көркем жазу жұмыстары
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта-1-2 жол
3 сыныпта – 3 жол
4 сыныпта - 3-4 жол
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге бағытталған үлгі жазуды көрсетеді. Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет. Бұндай әріптер мен әріптер байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.