- 2,3,4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға дәптерге 2 баға (әуелі мазмұнына, кейінгісі қатесіне) қойылады (журналда 1 баға мазмұнына қойылады);
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалынады;
Үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1/3 бөлігінен аспауы керек. 3 сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен (+,-) 5 сөз болуы тиіс.
Сын жұмысын бағалау мөлшері
Сын жұмысын бағалау мөлшері
Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторларына сәйкес 10 балдық жүйемен қойылады. Мысалы: Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен) жаздыру кезінде6 критерий болса,сөздерді жазу барысында орфографиялық нормалардың түрлеріне қарай 10 балға дейін толықтыруға болады. Яғни, сын жұмыстарын орындату барысында пән ерекшелігіне сай оқу мақсаттары мен міндеттері ескеріледі.
Жұмыс түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)
мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;
грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;
сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.