Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері


Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады



бет2/3
Дата10.02.2022
өлшемі221,04 Kb.
#25139
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-20768

Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай

мүдделі жаңа білім беру өте қажет.

Н.Ә. Назарбаев

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды істер күтіп тұр.» деген болатын. Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, өркендететін және болашақты айқындап беретін – білім мен тәрбие беру ісі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар мен өзгерістер өмірге келуде. Заманауи қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды,жаңа технологияларды тиімді қолдануды, жаңа формациядағы ұстаздар арқылы еліміздің білім жүйесін халақаралық стандарт деңгейіне жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін ең алдымен мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне үлкен мән берген.Бұл бағдарламаның міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады.[2, 2]

Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі бойынша Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін отандық білім беру және ғылым саласының барлық деңгейлеріндегі мәселелерді шешу қажет екендігі туралы айтылған. [7, 1]

Елбасы Жолдауында Ұлттық Идея ретінде ұсынылған Мәңгілік елдің ұрпақтарын оқытып, тәрбиелеу үшін ұстаздар өзгерісті өздерінен бастауда. Қазіргі таңда Назарбаев мектептері тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім мекемелеріне жеткізу ісі жүргізіліп жатыр.Осы мақсатта көптеген ұстаздар әртүрлі деңгейде өз білімдерін жетілдіріп, «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әлемдік тәжірибеге негізделе жасалған бұл жоба оқушылардың өз дәлелін еркін жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыруды мақсат етеді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға, синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары: Бақылау. Талдау. Қорытындылау.

Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлаумен дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлаумен дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына мән беру керектігімен түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. [4, 5-6]

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын шыңдауға мүмкіндік туады.

Ұстаздың даналығы – оқушыны дамыта отырып, оның ақыл – ойын дамытып,өздігінен білім алу жолдарын үйрету. Өздерін еркін білім алушы ретінде сезіну олардың қызығушылықтарын тудырады. Топтық жұмыс әр пікірін сыртқа шығаруға жағдай жасайды. Әр бала болжау жасап, ой қозғау арқылы өз пікірін білдіре отырып, жаңа білімге ынталанады. Еркіндіктің тағы бір белгісі – өздері үлгі жоба жасап, әрқайсысы өз жобасын ұсынып, саналы түрде білім алуға дағдыланады. Ізденіс, зерттеулер арқылы қорытынды жасап, оның дұрыстығын тексеріп, балалардың білімге деген ынтасын арттырады, өздігінен білім алуға үйренеді. Әрине сабақ мұғалімнен қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті қажет етеді. Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады:

*Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

*Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

*Әр түрлі жауапқа бірдей қарау.

*Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

*Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз сұрамау.[4, 259]

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспар Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған және жоспардың жалпы білім беру жүйесінде маңызды орын алатындығы ерекше айқындалған. [8, 1]

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жалпы әлемдік үрдістер мен ХХІ ғасырдың білім беру мазмұнына және функциялық сауаттылықтың дамуына қойылатын талаптар контекстінде арттыруға мүмкіндік береді және Елбасы жүктеген міндеттер мен мақсаттардың биігіне жету үшін көптеген маңызды істер атқару керектігі айқындала түседі. [8, 6]
Өз тәжірибемде «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс – тәсілдерін ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында қолданамын. Тәжірибемде қолданған кейбір тәсілдерге тоқтала кетейін. Қызығушылықты ояту кезеңінде бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруда «Топтау», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау» әдістерін қолданамын. Мағынаны ашу – кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Сондықтан оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасаймын. Бұл кезеңде көбіне INSERT әдісін қолданған қолайлы.Ой толғау -кезеңінде оқушы не үйренгені саралап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Белсенді түрде өздігінен үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сабақтың бұл кезеңінде «Еркін жазу әдісі», «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», т. б. осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл кезеңде әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Н.Ораздың «Қулық» мәтіні бойынша «Биопоэма» әдісімен «екілік» табиғатын анықтадық. Плакатқа пікірлер оқушылардың айтуымен 1- кесте толтырылады.

1-кесте.


Аты

«Екілік».

Сипаты

нашар, ұят.

Қорқатыны

«бестік», «төрттік».

Болашақтанкүтетіні

нашар оқушы, жалқау бала.

Мекенжайы

күнделік, дәптер, сынып журналы, табель парақшасы.

Тегі

ұйқы мен жалқаулықтан пайда болады.

Мұндай тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындайды. Мәтін туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Кім қүшті?» ертегісі бойынша «Проблемамен саудалас» әдісін қолдандым. Бұл тапсырма оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттырады. «Ағаш тостақ» әңгімесін өткенде РАФТ әдісі арқылы қазақтың қолөнері туындыларының мұражайына шақыру билетін құрастырадық. Оқушылардың бәрі де белсенді түрде тапсырманы орындап шықты. «Бұлақ сылдыры» мәтіні бойынша шөл даланың сипатын төмендегі 2-кестеге толтырады.

2-кесте.




Шөл дала

Суы




Өсімдіктері




Ауа райы




Адамның оған бейімделуі




Тапсырма соңында оқушылар өз ойларын қорытындылайды.

Келесі кезекте «Иә, жоқ» әдісімен пікірталас ұйымдастыру үшін: «Мәтіннің осылай аяқталуы саған ұнай ма?» деген сұрақ берілді. Әр топ өз пікірлерін қорғады. Пікірталас қызықты өтті. Оқушылардың белсенділігі артты. «Кубизм» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылауға қолданған қолайлы. Сабақта кейіпкерге жазылған хат,өтініш, 5 жолды өлеңдерін автор орындығында тыңдау өте жақсы нәтиже береді..Сонымен қатар «Әдеби үйірме» әдісін де қызығушылықпен орындайды. Оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1. Сілтеме табушы мәтіннің ең қызықты жерлерін оқиды.

2. Кейіпкерді сипаттаушы әр кейіпкерге сипаттама береді.

3. Дәнекер мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.

4. Сұрақ құрастырушы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.



5. Сөз тапқыш мәтінге сәйкес жұмбақ, мақал – мәтел табады.
Сурет-1



Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. Шешім жасаушы оқушы екендігі туралы пікір қалыптастыру керек. Оқушы басты тұлғаға айналады.Сондықтан «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын өз уақытында қолға алынған, дидактиканың бүгінгі күні көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған технология деуге әбден болады. [5, 36]

Бала жүрегіне жол табу ұстаздың өз мамандығына сенімділігінен, бейімділігінен, айқын мақсатынан көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасып жатса ғана сабақ сапалы болмақ. әдістерінің осындай ерекшеліктері оқушылардың шығармашылығын дамытып, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз. [5, 6 ]

Сурет-2


Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбайтын, шәкірттерінің жүрегіне жол таба алатын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ол үшін ұстаз үнемі ізденісте жүруі қажет. Сол мақсатта мектептің әдістеме бірлестігінің отырыстарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалып, «дөңгелек үстелдерде» мұғалімдер іс- тәжірибесімен бөлісіп, пікіралмасулар өтеді.Биылғы жылы бастауыш сынып мұғалімі Тұлымбаева С.Қ аудандық олимпиадаға қатысып 3-дәрежелі дипломды иеленді, Қасымқанова М.М. 1- дәрежелі диплом алды. Бастауыш сынып оқушылары жыл сайын «Пони», «Золотое руно», «Ақбота» марофондарына қатысады. Сонымен қатар мектептің іс-шараларына белсенді қатынасып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Жалпы алғанда, Мәңгілік Елге қарай жылжуымыз бізді жаңа экономикалық, өндірістік, ғылми, мәдени байланыстарды дамыту үшін біріктіреді. Біздің Мәңгілік Ел жасаудағы жасампаздығымыздың бастауы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Болашағымыз- білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан «Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам ең жақсы мұғалім» деп А.Фердинанд айтқандай бүгінгі күн талабына сай білім құмар, шығармашыл, сыни тұрғыдан ойлана білетін ұрпақты дайындау, оларды әлемдік өркениет елдердің жастарымен теңестіру – ұстаздар қауымының азаматтық борышы болып қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет