Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі


Оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы таңдап алынуы керек, яғни бүкіл сыныппен, жекеленген оқушылармен немесе олардың топтарымен орындалатын жұмыстар үйлесімді болуы тиіс



бет2/4
Дата27.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#76489
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
Математиканы оқытуда педагогикалық техниканың әдістері

5. Оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы таңдап алынуы керек, яғни бүкіл сыныппен, жекеленген оқушылармен немесе олардың топтарымен орындалатын жұмыстар үйлесімді болуы тиіс.

  • 5. Оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы таңдап алынуы керек, яғни бүкіл сыныппен, жекеленген оқушылармен немесе олардың топтарымен орындалатын жұмыстар үйлесімді болуы тиіс.
  • 6. Сабақ нақты нәтижеге жетуге бағытталуы тиіс және сол нәтижеге қол жеткендігі сабақтың үстінде айқын көрінуі керек те, соған сүйеніп дәлелденуі тиіс.
  • 7. Сабақ үстінде оқушылардың өздігінен жұмыс орындауы ұйымдастырылуы тиіс және оған ұсынылатын тапсырмалар әр оқушының дайындығының деңгейіне сәйкес болуы керек. Сондай-ақ бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына оқу материалының мазмұны жағынан және қолданылатын әдістер жағынан қойылатын талаптарды да көрсетіп беруге болады:

Материалының мазмұны жағынан дұрыс құрылған сабақ мынадай болуы керек:

  • а) теория жағы толық болғаны, яғни оқылатын нәрсені негіздеу үшін керекті барлық материал болуы тиіс;
  • ә) мазмұны түрліше болуы керек (яғни теориялық және практикалық материалдардың бір-біріне қатысы дұрыс болу керек);
  • б) тиісті жерде оның материалы басқа пәндермен ұштастырылып отырылуы керек, яғни пәнаралық байланыс ескерілуі тиіс.

2. Қолданылатын әдіс жағынан алғанда математика сабағына қойылатын талаптар мынадай:

  • а) бір сабақ үстінде әртүрлі әдістерді қолдану сол сабақтың ерекшеліктеріне (оқу материалына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқушылардың сол сабақ кезіндегі күйіне т.б.) сәйкес болуы керек;
  • ә) оқыту әдістерінің дұрыс кезектесіп отырылуы (мәселен, сұрақ-жауап әдісі, әңгіме әдісімен -П.С.) жан-жақты ескерілуі тиіс;
  • б) оқыту әдістері балалардың сабақ барысындағы белсенді іс- әрекетін ұйымдастыруға ықпал жасайтындай болуы тиіс;
  • в) сабақ барысында қандай әдіс қолданылса да мұғалімнің сөйлеу мәнері, тілі жеңіл, нақтылы түрде болуы тиіс.

Ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері мыналар:

  • 1) Баланың жан-дүниесін сезіну.
  • 2) Әр баланың жеке-дара, жас және психологиялық ерекшеліктерін білу.
  • 3) Әр балаға үлкен адамша қарап, оған әріптес ретінде қарым- қатынас жасауға тырысу.
  • 4) Әрдайым оқушының жеке басының кемшіліктерін емес, табыстары мен жетістіктерін көрсетіп отыру.
  • 5) Әр оқушының математикалық дайындығының деңгейін біліп, соған сәйкес қарым-қатынас жасау.
  • 6) Сабақтың нәтижелі болуы тек қана мұғалімге байланысты емес, тікелей оның (оқушының -П.С.) өзінің орындайтын іс-әрекетіне де тәуелді екенін сездіру, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет