4 е Даниал: Үйретіп өмір «уставын»
Үлгілі іске нұсқадың
Ақ көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым менің ұстазым!
Карина:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанып.
Ерсұлтан: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Хормен ЖАТТА:Серт береміз шын жүректен,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
4. Хор: «Ұстазым» 4 е жігіттері
Жүргізуші Ахметжан: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Бексұлтан 4а:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Әдебиетті оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Бақдаулет: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Анель: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
Абдрахман:
Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Алина 4а : Ағылшын тілі мұғаліміне
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Айсұлу апай қашанда
Сырымызды біледі
Қамқор болып жүреді.
Асель Расул : Орыс тілі мұғаліміне
Артық емес білгеніміз
Орыс тілін сауатты
Біз қызыға үйренеміз
Әрбір жаңа сабақты
Алтынай апайды біз білеміз
Сүйікті ұстаз салмақты
5. Көрініс жігіттер
6. Ән:«Бастауышпен қоштасу» қыздар триосы 4 е
Жүргізуші Алтынай: Құрметті ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Әрбір пән мұғалімдеріне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.
Енді Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Іңкәр:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Достарыңызбен бөлісу: |