Батыс қазақстан аймағына өзге ұлт өкілдерінің КҮштеп көшірілу тарихынан



жүктеу 77.21 Kb.

Дата08.02.2017
өлшемі77.21 Kb.

58

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ 

КҮШТЕП КӨШІРІЛУ ТАРИХЫНАН

Ə. АМАН,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 

мемлекеттік университеті,

аға оқытушы, т.ғ.к.

Ақтөбе қ., Қазақстан

ХХ  ғасырдың 30-жылдарының  екінші  жартысы  мен 40-жыл дар-

дың бірінші жартысында КСРО-да көптеген халықтардың «се нім сіз» 

ұлт тар  ретінде  еліміздің  түкпір-түкпірлеріне  күштеп  көшірілуі  жү зе-

ге асырылды. Депортацияланған немесе күштеп көшірілген ха лық тар 

арнайы  қоныстанушылар  ретінде  Қазақстан  мен  Орталық  Азия  рес-

пуб ликаларына  да  орналастырыла  бастады. 1930 жылдардың  екін ші 

жартысында  Қиыр  Шығыстағы  корейлер,  Батыс  Украина  мен  Батыс 

Белоруссия территорияларындағы поляктар күштеп көшірілсе, со ғыс 

жылдарында  немістер,  Кавказ,  Қырым  халықтары  көшірілді.  Олар-

дың басым көпшілігі республиканың колхоз-совхоздарына орналас ты-

рылды. 


КСРО  территориясында  алғашқы  депортацияланған  ха лық тар дың 

бірі Қиыр Шығыстағы корейлер болды. 1937 жылы 21 тамызда КСРО 

Халық  Комиссарлары  Кеңесі  мен  БКП(б)  ОК-ның  аса  құпия  №1428-

326 «Қиыр  Шығыс  өлкесіндегі  шекаралық  аудандардан  корей  тұр-

ғын да рын  көшіру  туралы»  қаулы  қабылдады.  Қиыр  Шығыс  өл ке сі не 

жапон  барлаушыларының  енуін  алдын  алу  мақсатында  деген  желеу-

мен  корейлерді  Өзбекстан  мен  Қазақстанға  күштеп  көшірді [1, 129]. 

1937 жылдың қыркүйегінде Қиыр Шығыс өлкесінен көшірілген 36442 

корей  жанұясы  немесе 171781 адамның  Қазақстанға 20170 жан ұя сы 

немесе 95256 адамы  бағытталды.  Бұл  кезеңде  Қазақстанда  арнайы 

қоныстанушыларды  қарсы  алуға  дайындық  басталып, 1937 жыл дың 

9  қазанында  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  «Корей  қо ныс-



59

та ну шы ла рын бөлу жəне шаруашылыққа орналастыру туралы» қаулы 

қа был дап,  онда  корейлер  орналасатын  аудандар  мен  жүр гі зі ле тін 

іс-шаралар  белгіленді.  Корейлерді  орналастыруға  Алматы,  Сол түс-

тік  Қазақстан  облысы,  Қарағанды,  Батыс  Қазақстан  облысы,  Гурьев 

окру гі, Қостанай жəне Ақтөбе облыстары белгіленді. 1937 жылы 8 қа-

зан да  Гурьев  округтік  комитетінің  бюросы  жəне  округтік  ат қа ру  ко -

ми  те  ті  нің  президиумы  округ  бойынша  корей  жанұяларын  тө мен де гі-

дей  бағытта  орналастыру  туралы  қаулы  қабылдады.  Теңіз  ауданына 

500  жанұя,  Жылқосыға 270, Есболға 100, Гурьевке 660, қалған 340 

жан ұя ны  аудандардың  ауылдары  мен  селоларына  орналастыру  көз-

дел ді [2, 15]. 1937 жылы  желтоқсан  айында  Қазақстан  Компартиясы 

Гурьев округтік комитетінің бюросы жəне Гурьев округтік атқару ко-

ми те ті президиумының қаулысында Гурьев округіне кейін 1266 жан ұя 

балық  зауыттарына  жəне  Теңіз,  Гурьев  аудандарының  колхоздарына 

орналасқаны жəне келгендерден 654 адам Гурьев қаласында қол өнер, 

өнер кə сіп  кооперациясы  жүйесіндегі  мекемелерге  жұмысқа  ор на лас-

қа ны айтылады [3, 1]. Корейлерді көшіру кейінгі жылдары да жал ға-

са  бер ді. 1938 жылы 20 ақпанда  КСРО  Халық  Комиссарлары  Ке ңе сі 

«Қа зақ КСР-і корей қоныс аударушыларын шаруашылық орналастыру 

туралы» қаулысында Қазақстанға 20 100 корей жанұясын көшіру тура-

лы  қаулы  қабылдайды.  Аталмыш  қаулыға  сəйкес  Қазақ  КСР-і  Ха лық 

Комиссарлары Кеңесі 1938 жылы 3 наурызда Қазақстанға кө ші ріл ген 

20 530 корей  жанұясы  ішінен 14 600 жанұяны  күріш,  мал  жəне  дəн-

ді-да қыл дар өсіретін ауыл шаруашылықты аудандарға, 2400 жан ұя ны 

ба лық шаруашылықты аудандарға, 3530 жанұяны өнеркəсіп, қол өнер 

ар тель де рі не,  кооперативті  мекемелерге  орналастыру  туралы  ше шім 

қа был дай ды. Оның ішінде Гурьев облысына балық кə сіп ші лі гі не, мем-

ле кет тік  кооперативтік  мекемелерге 1322 шаруашылық,  Ақ тө бе  об-

лысына 1287 шаруашылық  көшіріледі [3, 1-44]. Қаулыға  сəй кес  жер 

өң деу ші  корей  шаруашылықтарынан 14 600 жанұяны,  оның  ішін де 

Қа ра ған ды  облысындағы  №3 «Қарағандыкөмір»  совхозының  же рі не 

1155  шаруашылық,  Алматы  облысындағы  Қаратал  күріш  совхозына 


60

4000 шаруашылық жəне Сырдария өзені бойындағы мем ле кет тік қор-

да ғы бос жерлерге жəне астық колхоздары, мақта өсіретін, қы зыл ша, 

кү ріш өсіретін аудандардағы бұрынғы колхоздарға қалған 6 445 ша руа-

шы лық ты  орналастыру  көзделеді.  Осыған  орай  көлемі 25 000 гектар 

болатын Қаратал ауданындағы күріш өсіретін совхоз, 33 000 гектар бо-

латын №3 «Қарағандыкөмір» совхозы, 84 399 гектар болатын «Қы зыл 

əс кер» ет совхозы жəне «Қызыл партизан» шошқа өсіретін сов хоздары 

жо йы лып, жерлері корей шаруашылықтарының орналасуына бе рі ле ді 

[4, 4]. Сонымен қатар қоныстанушы корейлердің жұмысқа орналасу-

ына,  жеке  тұрғын  үй  салуына  жəне  аса  көмек  қажет  ететіндерге  кө-

мек те су, мектеп жасындағы балаларды есепке алып, олардың оқу, оқу 

құ рал да ры мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ КСРО Ха лық 

Комиссарлары  Кеңесі  мен  Орталық  атқару  комитетінің 1937 жыл ғы 

17 қа ра ша да ғы «ауылшаруашылық қамтамасыз ету бойынша же ңіл дік-

тер туралы» қаулысына сəйкес корей шаруашылықтарына са лық, сақ-

тан ды ру төлемі, міндетті ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жө ні-

нен же ңіл дік тер жасау міндеттелінеді. 

Ақтөбе облысына көшірілген шаруашылықтардан Яр мұ ха ме дов со-

вхозында 6 колхоз  ұйымдастырылып,  оған 205 шаруашылық  орнала-

стырылады. Оның ішінде «Бөгетсай» колхозына 39, «ІІІ Ин тер на цио-

нал ға» 41, «Қызыл Октябрге» 39, «Шіліктісайға» 43, «Октябрьдің 20 

жыл ды ғы на» 32, «Тұщыарыққа» 11 шаруашылық  орналастырылады. 

Жо йыл ған Ярмұхамедов совхозынан ұйымдастырылған 6 колхозға кол-

хоз шы лар дың  жеке  пайдалануына 781 бас,  қоғамдастырылған  мал ға 

1636 бас мал беріледі. Оның ішінде қоғамдастыруға жəне жеке пай да-

ла ну ға «Бөгетсай» колхозына 634 бас, «ІІІ Интернационалға» 582 бас, 

«Тұ щы арық қа» 179 бас, «Октябрьдің 20 жылдығы» атындағы кол хоз ға 

393 бас, «Шіліктісайға» 333 бас, «Қызыл Октябрьге» 296 бас мал бе рі-

ле ді. Сонымен бірге корей шаруашылықтарына шабындық жəне егіс-

тік жер бөлініп беріледі. Алты колхозға барлығы пішен шабындық жер 

3 983 гектар, егістік жер 60 772 гектар болды. Сонымен, Қы зыл ор да 

облысынан бұрынғы көшірілген шаруаларды есептегенде, барлық ко-


61

рей ша руа шы лық тары 535, оның ішінде жанұя мүшелерінің саны 2 054 

адам болды. Қоныстанушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақ са-

тын да 250 тұрғын үйден тұратын 4 поселка құрылысын (Бө гет сай, ІІІ 

Интернационал,  Шіліктісай,  Қызыл  Октябрь)  жүзеге  асыру  көз де ліп, 

онда барлығы 338 ғимарат (тұрғын үй, мектеп, монша, наубайхана, т.т.) 

салу жоспарланады [5, 168, 170-174]. 

1938  жылғы 15 наурыздағы  Батыс  Қазақстан  облысындағы  корей 

ша руа шылықтарын орналастыру туралы мəліметке сəйкес, Ілбішін ау-

данына  барлығы 1 016 адамы  бар 205 шаруашылық  орналастырыла-

ды.  Оның  ішінде  колхоздарға 90 шаруашылық, 473 адам,  мекемелер 

мен  кəсіпорындарға 289 адамымен 65 шаруашылық  орналастырыла-

ды.  Орналастырылмағандар 254 адамы  бар 50 шаруашылық  болды. 

Те рек ті  ауданы  бойынша  барлығы 623 адамы  бар 195 шаруашылық, 

олар дың колхоздарға 402 адамдық 114 шаруашылығы, мекемелер мен 

кəсіпорындарға 125 адамдық 40 шаруашылық  орналасса,  ор на лас-

па ға ны 96 адамдық 41 шаруашылық  болды.  Бөрілі  ауданы  бойынша 

барлығы 153 адамы бар 51 шаруашылық, олардың колхоздарға ор на-

лас ты рыл ға ны 25 адам, мекемелер мен кəсіпорындарға 26 ша руа шы-

лық болды. Приуралье ауданы бойынша барлығы 836 адамы бар 182 

шаруашылық, олардың мекемелер мен кəсіпорындарға ор на лас ты рыл-

ға ны 704 адамдық 152 шаруашылық, орналаспағаны 132 адам дық 30 

шаруашылық  болды.  Барлығы  облыс  бойынша 2 628 адамы  бар 633 

шаруашылық  болса,  орналастырылғаны:  колхоздарға 229 ша руа шы-

лық, мекемелер мен кəсіпорындарға 283 шаруашылық, ор на лас ты рыл-

ма ға ны 121 шаруашылық  болды [6, 18]. Батыс  Қазақстан  облысына 

келген корей қоныстанушыларының 1938 жылдың 1 сəуіріндегі мə лі-

ме ті бойынша облыста барлығы 571 жанұя, 2 244 адам болды. Ал 1938 

жыл дың 15 наурызындағы есепте облыста 645 жанұя, 2 516 адам бо-

лып, оның 272 адамымен 74 жанұясы Ақтөбе облысына жіберілген бо-

латын. Аудандар бойынша Ілбішін ауданында 1 сəуірде 944 адамы бар 

204 жанұя қалып, 26 адамымен 5 жанұя көшіріледі. Приуралье ауданы 

бойынша 586 адамы  бар 151 жанұя  қалып, 110 адамы  бар 27 жан ұя 


62

кө ші рі ле ді. Теректі ауданы бойынша 539 адамы бар 158 жанұя қа лып, 

77 адамы бар 28 жанұя көшіріледі. Бөрлі ауданы бойынша 147 адамы 

бар 51 жанұя болды. Орал қаласында 28 адамы бар 7 жанұя қалып, 59 

адамы бар 14 жанұя көшіріледі [6, 42-43].

Алайда  көшіп  келген  корей  жанұяларын  шаруашылық  орналас-

тыру,  оларды  үймен,  балаларды  балабақша,  мектеппен  қамтамасыз 

етуде олқылықтар орын алып отырды. Қазақ КСР-і Халық Комиссар-

лары  Кеңесінің 1938 жылғы 25 қазандағы  №35  қаулысында  Ақтөбе 

облыс тық  атқару  комитетінің  корей  шаруашылықтарын  орналастыру 

туралы  аталмыш  жылдың 3 наурызындағы  Қазақстан  Компартиясы 

Ор та лық Комитетінің жəне халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысын 

нақ ты  жүзеге  асырмағандығы,  нəтижесінде  Ақтөбе  облысындағы  ко-

рей колхоздары азық-түлікпен толық қамтамасыз етілмегендіктен, ке-

ле сі  жылдың  егін  орағына  дейін  тұқымдық  жəне  азық-түлік  көмегін 

қа жет  етеді  деп  көрсетілді.  Сондай-ақ  Ақтөбе  облысындағы  жоспар 

бойынша 268 тұрғын үйдің орнына тек 162 үйдің, ал 23 шаруашылық 

құ ры лыс тың тек 7-уінің құрылысы басталады. Мектеп құрылысының 

аяқ тал ма уы на  байланысты,  облыстағы  корей  балалары  уақытша,  бе-

йім дел ме ген  мекенде  оқуға  мəжбүр  болды.  Осыған  орай,  Ақтөбе 

облыс тық ко ми те ті 1938 жылдың 10 қарашасына дейін 205 екі пəтерлі 

тұр ғын  үй,  үш  мектеп  құрылысын  аяқтап, 9 қарашадан  бастап  бала-

ларды  жаңа  мектеп  ғимаратында  оқуын  қамтамасыз  ету  жүктеледі. 

Сондай-ақ 1 қа ра ша ға  таман  басқарма  үйінің,  моншаның,  акушерлік 

пункт тің құ ры лы сын аяқтау жəне корей поселкаларын жұмыс күшімен 

қам та ма сыз  ету  жүк те ле ді [5, 72-73 пп.].  Сонымен  қатар  корей  қо-

ныс та ну шы ла ры ның  жергілікті  басшылықтың  атына  өздерінің  қиын 

жағ дай ла рын айтып жазған шағымдарынан олардың азық-түлік жəне 

қа ра жат тапшылығын қатты сезінгендігін байқауға болады. Мысалы, 

Батыс  Қазақстан  облыстық  атқару  комитетіне  Приуралье  ауданы  Ле-

нин атындағы колхоз мүшелерінің 1938 жылдың 19 сəуірінде жаз ған 

арызында  олардың  осында  келген  күннен  бастап  өте  ауыр  жағ дай да 

бол ған ды ғы,  азық-түлік,  киім-кешек  тапшылығы  жəне  оларды  сатып 


63

алу ға қаражаттың жоқтығы айтылып, көмек көрсетуін жəне жұ мыс қа 

орналасу үшін Орал қаласына көшуге рұқсат етуі сұралады [6, 67]. 

1938 жылы 17 ақпанда Ішкі Істер Халық Комиссариаты Қо ныс тан-

ды ру  бөлімі  бастығының  атына  берілген  корей  қо ныс та ну шы ла рын 

орналастыру туралы мəлімдемеде Қазақстанға барлығы 20 789 корей 

жан ұясы  немесе 98 454 адам  келгендігі  айтылады.  Оның  ішінде  Ақ-

тө бе облысына 1 744 жанұя жəне 7 666 адам, Батыс Қазақстан облы-

сына 1950 жанұя жəне 9 017 адам қоныстандырылады [7, 63-64]. 1938 

жылы 3 наурыздағы  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  жəне  БКП(б)  ОК-

ның  Қау лы сы на  сəйкес  тұрақты  мекен  ететін  жерлерге  төмендегідей 

кө лем де  корей  шаруалары  тіркеледі:  Батыс  Қазақстан  облысына 500 

ша руа шы лық, Гурьев облысына 1 322 шаруашылық, Ақтөбе облысына 

1285  шаруашылық [1, 136]. 1938 жылдың 1 қазанында  Батыс  Қа зақ-

стан облы сын да ғы есептегі жəне орналасқан корей ша руа шы лық та ры-

ның саны 378, олардың колхоздарда 303-і, совхоздар мен кə сіп орын-

дар да 74-і  орналастырылып, 12-сі  жеке  шаруашылық  болды.  Бар лық 

корей  шаруашылықтары  негізінен  егіншілікті  болып  есептелетін  Те-

рек ті,  Бөрілі,  Приуралье  жəне  Ілбішін  аудандарына  орналасады.  Ко-

рей колхоздары сол жылы 1 148 гектарға егін егеді, оның ішінде бидай 

728  гектар,  сұлы 19, арпа 48, тары 314, жүгері 310 гектар  жəне 891 

центнер  көлемінде  қарыз  беріледі.  Колхоздарға  орналасқан 303 ша-

руа шы лық тың жеке пайдалануында 226 бас мал болды (сиыр 57 бас, 

қой 18, шошқа 138, жылқы 55) [8, 32-33]. Ал 1939 жылғы 1 қаң тар-

да ғы мə лі мет бойынша Ақтөбе облысындағы қоныстанушы ко рей лер-

дің 818 шаруашылығынан 417 шаруашылық 4 колхозға біріктіріліп, 49 

ша руа шы лық  бұрынғы  колхоздарға  тіркелсе, 352 шаруашылық  түр лі 

ұйым дар мен мекемелерге жұмысшы мен қызметкерлер ретінде орна-

ластырылды. Ақтөбе облысындағы барлық 818 ша руа шы лық тың 782 

ша руа шы лы ғы негізінен Қарабұтақ ауданына шо ғыр лан ды рыл са, Но-

воресейге 10, Ақтөбе ауданына 3, Темірге 2, Ақтөбе қаласына 21 ша-

руа шы лық орналастырылды [9, 1,8].

Ал 1942 жылдың  басында  Ақтөбе  облысында 24 000-ға  жуық  ар-

найы қоныстанушы орналасады. Оның ішінде поляктар 6 200, Бесса-



64

рабия молдовандары 5 364, Астрахань мен Қырымнан 3000 жəне 9 356 

неміс арнайы қоныстанушылары болған еді [10, 3].

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1940 жылғы 10 сəуірдегі аса 

құпия №497-178 қаулысына сəйкес Қазақ КСР-іне Украина мен Бе ло-

рус сия ның батыс облыстарынан бұрынғы поляк армиясы офи цер ле рі-

нің,  помещиктер  мен  фабриканттардың,  поляк  мемлекеттік  аппараты 

чи нов ник те рі нің жəне көтерілісші ұйымдардың репрессияға ұшы ра ған 

жанұя мүшелері барлығы 60 667 (басқа мəліметтер бойынша 61 092) 

адам көшірілді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Сол түс тік 

Қазақстан облысы жəне Семей облыстарына орналастырылды. Олар-

дың 36729 адамы колхоздарға, 17923-і совхоздарға, 8000 адам əр түр лі 

өнеркəсіпті мекемелердің жұмысшы поселоктарына орналас тырылды 

[1, 163]. 1941 жылы 29 қарашадағы  Қазақ  КСР-і  Ішкі  Іс тер  Ха лық 

Комиссариатының анықтамасы бойынша Қа зақ стан да бар лы ғы 61092 

поляк болса, Ақтөбе облысында 7 092 поляк болды. Оның 750-і сов-

хоз дар ға, 3017-сі колхоздарға, 54-і өнеркəсіп кə сіп орын да ры на, 106-сы 

мем ле кет тік мекемелерге тіркеледі [11, 128 ]. Сол сияқ ты 1942 жыл ғы 

28 қаңтардағы анықтама бойынша Ақтөбе облысында 5 646, Гурьев об-

лысында 187, Батыс Қазақстан облысында 159, ал бар лы ғы республи-

када 103 757 поляк болды [11, 141]. Одан əрі 1943 жыл ғы 7 қа зан да ғы 

Қа зақ  КСР-індегі  арнайы  контингенттердің  саны  туралы  анық та ма да 

Ақ тө бе облысында 5218 поляк, Гурьевте 142 поляк, Батыс Қа зақ стан 

облысында 145 поляк болды [11, 185]. 

КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының 1941 жылғы 28 та мызда-

ғы «Еділ бойы ауданында тұратын немістерді көшіру туралы» жар лы-

ғы негізінде немістерді КСРО-ның шығыс аудандарына көшіру жү зе-

ге асырылды. Жарлықта: «Еділ бойы немістерінің арасында мың да ған 

диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Германияның дабылы бойын-

ша Еділ бойы жəне оған шектес аудандарда жарылыстар жүргізуі мүм-

кін деген желеуді негізге ала отырып, бұндай жағдайлардың алдын алу 

мақсатында Жоғарғы Кеңес Президиумы немістерді басқа ау дан дар ға 

көшіру қажет деп шешті», – деп көрсетілді [12, 107]. 


65

1941 жылдың күзінен Қазақстанның партия жəне кеңес органдары 

арнайы  қоныстанушыларды  қабылдауға  дайындала  бастады.  Оларды 

тұ рақ ты мекен етуге орналастыру эвакуацияланғандар санының артуы-

мен қиындық туғызды. Олардың барлығын тұрғын үймен, азық-тү лік-

пен қамтамасыз ету қиын болды. Дегенмен жергілікті үкі мет органда-

ры барлық мүмкіншіліктерді қарастыра отырып, қо ныс та ну шы лар дың 

не гіз гі бөлігін еңбекке жарамды адамдарды қажет ететін колхоздар мен 

сов хоз дарға орналастырады.

1941  жылғы 25 қазанда  Қазақстанға 467 мың  Еділ  бойының  не-

міс те рін қабылдау жоспарланды. Жоспар бойынша Ақтөбе облысына 

15 мың неміс қабылдау көзделді. Батыс Қазақстан жəне Гурьев облы-

старына қабылдау көзделмеді [1, 196]. 1941 жылы 31 қазанда Ақтөбе 

облысына жалпы саны 5 554 адаммен 2 эшелон келеді [13, 69]. Алайда 

ке йін гі жылдары Батыс Қазақстан жəне Гурьев облыстарына немістер 

ең бек колонналарының құрамында келе бастады. Оны мынадан кө ре-

міз: 1942 жылы 4 желтоқсандағы «мұнай жəне көмір өнеркəсібіне мо-

би ли за ция лан ған немістер мен оның əйелдерін жіберу туралы» анық-

та ма ға сəйкес Ақтөбе облысынан Гурьевке ері, əйелі барлығы 364 не-

міс жіберілді [12, 131].

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 7 наурыздағы 

қау лы сы мен Шешен-Ингуш Республикасы жойылып, орнына РСФСР 

құ ра мын да ғы  Грозный  облысы  құрылды.  Мемлекеттік  Қорғаныс  Ко-

ми те ті нің 1944 жылғы 31 қаңтардағы  шешімімен  шешендер  мен  ин-

гуштарды  Қазақстан  мен  Қырғызстанға  көшіру  жүзеге  асырылды. 

1944 жылы наурыздың ортасында Ақтөбе облысына 20 309 адам кө ші-

рі ліп əкелінді [1, 252]. Ақтөбе қалалық атқару комитетінің мə лі ме тін-

ше, 1944 жылы наурызда Ақтөбе қаласына 870 адам арнайы қо ныс та-

ну шы шешен келеді. Олар ұйымдастырылған тəртіппен Ақ тө бе шахта 

басқармасы мен жергілікті өнеркəсіп шахталарына жұмысқа жі бе рі ле-

ді.  Барлық 870 адамның  жұмысқа  орналасқаны 253 адам  болса,  қал-

ған 567 қамқорлықтағы адамдар, оның ішіндегі 381-і 12 жасқа де йін-

гі балалар болды [14, 15]. 1944 жылғы 22 сəуірдегі Ақтөбе облыс тық 


66

комитетінен орталық комитетке берілген мəлімдемеде Ақ тө бе облысы-

на келген қоныстанушы-шешендердің колхоздарға 2 320 жан ұя сы не-

месе 12 053 адам, совхоздарға 607 жанұясы немесе 2 717 адам, мұ най 

кəсіпшіліктеріне 73 жанұя, 355 адам,  көмір  өнеркəсібіне 733 жан ұя, 

3 023 адам, Никельтау руднигіне 37 жанұя, 165 адам; теміржол кө лі-

гі нің көмекші шаруашылығына 126 жанұя, 589 адам; жергілікті өнер-

кə сіп артельдеріне 93 жанұя, 480 адам; əртүрлі шаруашылық ұйым да-

ры  мен  мекемелеріне 140 жанұя, 607 адам  орналасқаны  мə лім де ле ді 

[14, 6]. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Сквор-

цов қа 1944 жылғы 4 мамырда берілген мəлімдемеде Ақтөбе облысына 

келген  барлық  шешен  арнайы  қоныстанушылар 4 129 жанұя  немесе 

20 248 адам болды. Оның ері 3 860 адам, əйелі 3 467 адам, 16 жас қа 

де йін гі балалар 10 944 адам, 16–18 жас аралығындағылар 1 977 адам 

болды [14, 7]. 

Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің 1944 жылғы 2 маусымдағы 

№5984  қаулысына  сəйкес  қырымдық  болгар,  грек  жəне  армяндарды 

облыстар  мен  республиканың  өнеркəсіп  кəсіпорындарына,  көмекші 

ша руа шы лық тар ға,  ауыл  шаруашылығына  бағыттау  көзделіп,  оның 

ішін де Гурьев облысына 7000 болгар, грек, армян қоныстанды ры ла ды 

[15, 74-75]. 

Жалпы, соғыс жылдарындағы басқа халықтардың қо ныс тан ды ры-

луы аймақта жаңа ұлттық топтардың пайда болуына ықпал еткені бел-

гі лі.  Сонымен  бірге  соғыс  жылдары  жəне  соғыстан  кейінгі  жылдары 

күш теп көшірілген халықтардың бірқатары тарихи Отандарына қай та-

рыл са, бірқатарының құқықтары қалпына келтірілмей республикалар-

да қала берді. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. Алматы: Арыс-Ка-

захстан, 1998. 428 с. 

2. Ковжасарова Ж.У. Корейцы в Прикаспии. Алматы, 1997. 81 с.

3. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (АтОММ) , 855-қор, 1-тізбе, 36-іс. 


4.  Батыс  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты  (БҚОММ), 850-қор, 

1-тізбе, 683-іс.

5. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты (АқОММ), 85-қор, 1-тізбе, 1005-іс. 

6. БҚОММ, 850-қор, 1-тізбе, 681-іс.

7. Кульбаев Т., Хегай А. Депортация. Алматы: Данекер, 2000. 274 с.

8. БҚОММ, 850-қор, 1-тізбе, 682-іс. 

9. АқОММ, 13-қор, 8-тізбе, 408-іс.

10. АқОММ, 13-қор, 11-тізбе, 239-іс.

11.  Из  истории  поляков  в  Казахстане (1939–1956 гг.).  Сборник  документов. 

Алматы: Казахстан, 2000. 344 с. 

12. Из историинемцев Казахстана (1921–1975 гг.). Сборник документов. Ал-

маты-Москва: Готика, 1997. 376 с.

13. Иосиф Сталин – Лаврентию Берии: «Их надо депортировать». Документы, 

факты, комментарии. Москва: Дружба народов, 1992. 288 с.

14. АқОММ, 13-қор, 13-тізбе, 31-іс.

15. Бугай Н.Ф. Депортация народов Крыма. Москва: Инсан, 2002. 240 с.






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал