Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет60/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139
Байланысты:
asz

Шашқа арналған тҧнбалар


    • Ошаған түбірін майдалап турап, оның 10-15 грамын 0,5 литр суға салып,

5 минут қайнатып алады. Сонан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін аптасына 2-3 рет сүртіп отырады.

    • Бірдей мӛлшердегі настурция мен қалақай ӛсімдіктерін 60 пайыздық спирт ерітіндісіне салып, 10 күн қояды. Соңынан сүзіп, таза ыдысқа құйып алады. Онымен 10-15 күн бойы шаштың түбін күн сайын сүртеді.

    • Ақ қайың жапырағынан бір ас қасық 20-30 минут қайнатып суға салып, екі сағаттай тұндырып қояды да сүзеді. Тұндырманы шашты жуған сайын басты сүртуге пайдаланады.

    • 50 грамм томар дәріні (черемица) алып, 250 грамм спирт пен судың қосындысына салып қайнатады. Ұзақ қайнағаннан кейін сүзіп алады. Дайын тұндырмамен аптасына екі-үш рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады.

Шашты тарау


Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және ӛткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щетка қатты, бірақ тікенектері болмаған жақсы. Басқа біреудің таарғын, щеткасын пайдалануға болмайды.
Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию теріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп болады. Күннің желдің, теңіз суының, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады,
құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зиянды. Сол себепті суық күндері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-тозаңда жұмыс істегенде басқа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң ӛткізбейтін бас киім киеді.

Шашты ӛсіру


    • Бұл үшін де шашты таза ұстап, арасында басты жұмсақ тарақпен тарап, сылап-сипап тұру керек. Сондай-ақ табиғи шӛптерден дайындалған тұнбаларды пайдалану да шаштың ӛсуіне ықпал етеді.

    • Бір ас қасық шырмауықтың (плюш) жапырағын жарты литр суға салып, он минуттай қайнатады. Сүзіп, салқындатады. Дайын қайнатпаға мақтаны батырып, бір ай бойы кешкісін шаштың түбіне жағады.

    • Қалақай (крапива) мен настурция ӛсімдіктерінің жапырақтарының 100 грамына шамамен 10 грамдай қазотын ұнтақтап, араластырады. Осы қоспаға жарты литр спирт құйып, 15 күндей тұндырады. Сонан соң сүзіп алынған тұндырмамен шаштың түбін басты жуған сайын сүртіп отырады. Қоспаның құрамында спирт болғандықтан кӛзге тигізіп алмау керек.

    • Кей ӛсімдіктердің ӛзін езіп пайдалануға болады. Мысалы, қаратамыр (черно-корень) ӛсімдігінің жас түбірін ұсақтап турап, езіп, ботқа әзірлейді. Оны бастың құйқасына жағып, үсіне пергамент қағазын жабады да, жылы орамалмен сыртынан орап қояды. Бір сағаттан кейін басты жақсылап жуып алады. Мұндай масканы бір ай бойы екі немесе үш күн сайын қайталаған жӛн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет