Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет111/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139
Байланысты:
asz

сарамандық сабақ. Табиғат қорларын жіктей отырып, оларды қорғаудың алғашқы қарапайым түрлерін таныстыру (үй жануарлары мен құстар тәжірибесі арқылы).

VІ Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы ӛзгерістер (8 сағат)


Жыл маусымдары. Табиғаттағы маусымдық ӛзгерістер. Ауа-райы.
Ауа-райындағы ӛзгерістер мен табиғат арасындағы байланыстар.
Күз кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Жан-жануарлар дүниесіндегі ӛзгерістер. Құстардың жылы жаққа ұшуы. Оның себептері. Қыстап қалатын құстар. Құстарға қамқорлық жасаудың қажеттілігі.
Ӛсімдіктердегі маусымдық ӛзгерістер.
Ағаш жапырақтарының түсінің ӛзгеруі мен себептері. Жапырақтың топырақ түзудегі рӛлі.
Қыс кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Қар кӛшкіндері мен оның зардаптары. Аң мен құстарды қыста суықтан қорғау. Жануарлардың қыстағы тіршілігі. Адам қамқорлығы.
Кӛктем кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Кӛктемдегі сел және оның зардаптары. Құстардың келуі. Жан-жануарлар дүниесінің кӛбеюге дайындығы. Құстардың ұя салуы. Кӛктемде аң мен құс, балық аулауға тыйым салудың мәні мен маңызы.
Жаз кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Жануарлар мен құстар тіршілігі. Оқушылардың табиғат қорғаудағы рӛлі. Мектеп үлескесінде экологиялық тәжірибелер жүргізу. Табиғатқа саяхат. Туристік-ӛлкетану кезінде экологиялық бақылаулар жасау. Сирек аңдар мен құстар және ӛсімдіктер туралы мәліметтер. Еліміздің экологиясы.

  1. сарамандық сабақ. Табиғатқа саяхат кезіндегі ережелер мен сақтық шаралары және экологиялық бақылау әдістерімен танысу.



  1. Экология (6 сынып), 34 сағат І. Кіріспе (1сағат)


Тірі ағзалар. Олардың әртүрлілігі. Тіршілік орталары. Тірі ағза үшін ауаның, судың тазалығы. Ауа, жер, су ортасындағы ӛзгерістер. Кӛзге кӛрінбейтін ағзалар. Олардың пайдасы. Табиғатты қорғау формалары. "Қызыл кітап" туралы алғашқы түсінік.

ІІ. Табиғи бірлестіктер туралы тҥсініктер (6 сағат)


Бірлестіктер. Бірлестікті құраушылар. Бірлестіктердің табиғаттағы орны. Табиғи бірлестіктердің ерекшеліктері. Әр түрлі және бір түрдің арасындағы қарым-қатынастар.
Бәсекелестік. Бәсекелестік себептері мен факторлары.
Жыртқыштық. Жыртқыштықтың типтері. Жыртқыштық қарым- қатынас. Жыртқыш аңдар мен құстар. Олардың табиғаттағы санитариялық рӛлі.
Паразиттік қарым-қатынастар. Паразиттік тіршілік ету типтері. Сыртқы және ішкі паразиттер. Паразиттердің экологиялық топтары. Паразиттік тіршіліктің ауыл шаруашылығындағы және медицинадағы маңызы. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер, құстар, сүтқоректілер. Оларды білудің маңызы. Селбесіп тіршілік ету формалары. Симбиоз. Паразиттік ӛсімдіктер, олардың табиғаттағы рӛлі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет