Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №3: ЭКГ: жҥрекке әсер ететін факторлар



бет28/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   139
Байланысты:
asz

Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №3: ЭКГ: жҥрекке әсер ететін факторлар


Мақсаты: Оқушылар электрокардиограмма датчигін пайдаланып жүрек бұлшықетінің электр белсенділігін бақылайды:

  • ЭКГ жүрек электр әлеуеті толқындарының үш аралығының физикалық жүктемеге дейінгі және одан кейінгі уақыт бойынша ұзақтығын анықтау.

  • Қыз балалар мен ұл балалардың денесіне түсетін жүктемеге дейін және кейінгі ЭКГ бойынша уақыт аралықтарын салыстыру.

  • Тапсырмалардың осы деңгейіне қосымша ретінде жүрекке әсер ете алатын басқа әсерлерді ұсыну.

Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:


  • Адамның қан айналым жүйесі жүректен, қан тамырларынан және онда ағатын қаннан тұратындығын сабақ барысында танысу.

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, дұрыс тамақтану және салауатты ӛмір салтын ұстану арқылы жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алуға болатыны туралы пікір алмасу.

  • Дене шынықтыруы жаттығуларын орындау кезінде, дене бұлшықеттерін қан мен оттегімен кӛбірек мӛлшерде қамтамасыз ету үшін жүрек тезірек соғады. Жаттығу неғұрлым қарқындырақ болса, соғұрлым жүрек тез соғады. Сондықтан, жүректің жаттығу кезінде соғу жиілігін бақылау –жаттығу қарқындылығын бақылау үшін тамаша әдіс.

  • ЭКГ жүрек соғу жиілігін кӛрсетеді. Ол жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын бақылауға мүмкіндік береді.

Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат


Дене белсенділігі тыныштық күйге қарағанда жүректің қаттырақ соғуына әкеледі. ЭКГ датчигі жүрек камералары жиырылғанда ӛндірілетін әлеуетті электртолқындарды ӛлшейді. ЭКГ –бұл жүрек бұлшықетінің қызметін тікелей ӛлшеу емес. Тыныштық күйде ӛлшенетін ЭКГ кӛрсеткіштерін және дене белсенділігі кезіндегі ЭКГ мәліметтерін салыстыру дене белсенділігі кезіндегі жүрек жиырылуындағы ӛзгерістерді кӛрсете алады.
ЭКГ жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын кӛрсетеді. Жүрек соққан сайын жүрек кардиостимуляторы электр толқынын ӛткізеді. Электр ағыны синустық –жүрекше түйін арқылы жүректің жоғарғы оң камерасына және екі тӛсенгі камерасына, жүректің қарыншаларына ӛтеді. Әр жиырылу электр белсенділіктен кейін пайда болады. Бүкіл дене бойынша орналасқан электродтар жүректен шыққан сигналдарды жазады. Электрокардиограмма сигналының кәдімгі бес толқыны бар:

    • Р толқыны – қанды тӛменгі камераларға ӛткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің жоғарғы камераларындағы электр сигналы болып табылады.

    • Q,R,S толқындары –жүректің қарыншалары қанды қолқа арқылы денеге ӛткізуіне дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады.

    • Т толқыны –жүректің жоғары камераларының кеңеюі мен аса толуы алдында пайда болатын электр сигналы болып табылады.

Үлгілі ЭКГ-ның бір бӛлігі –электробелсенділіктің жоқтығын кӛрсететін түзу сызық немесе із. Бұл сызық изоэлектр сызық деп аталады. Осы сызықтан ауытқу жүрек бұлшықеттерінің электробелсенділігін кӛрсетеді.
Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы –бұл жоғарғы тамыр соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады, оның ұзақтығы -0,04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің деполяризациялануынан және жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.
Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері деполяризацияланып ӛткізгіш талшықтардың атриовентикулярлық байламы бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының барлық бӛліктеріне дерлік бір кезде деполяризациялануына келтіретін кішкентай кідіріс пайда болады.
АВ түйіні деполяризацияланғаннан кейін Q толқын деп аталатын тӛмен қарай жүретін соққы пайда болады. Q толқынынан кейін тез арада R толқын деп аталатын сызық қаттты кӛтеріледі, содан S толқын сызығы тӛмен түсе бастайды және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш толқын бірге QRS кешені деп аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының деполяризациялануынан пайда болады және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты.
Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химиялық иондар бастапқы орнына қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің қан қуыстарының қайта поляризациялануын білдіреді.
Р толқыннан Т толқынға ӛту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының жиілігі деп аталады және тыныштық күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет