Конвергенция– қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ата – тегі әр түрлі организмдерде ұқсас белгілер пайда болуы.
Коррелятивтік немесе арақатынастық – белгілі бір органның ӛзгеруімен байланысты басқа органдардың ӛзгеруі.
Комбинациялықӛзгергіштік – бір органдардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір органдарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады.
Методикалықсҧрыптау – әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады.
Модификация (флюктуация) – тұқым қуалайтын ӛзгергіштіктердің ӛзгеше, тұқым қуаламайтын ӛзгергіштіктерді айтады.
Табиғи сҧрыпталу– пайдалы жеке ерекшеліктердің не ӛзгерістердің сақталып зияндыларының жойылып отыруын айтады.
Тҧқым қуалау – организмдердің ӛз белгілерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпақтарына беріп отыру қасиеті.
Тҥр – бір – біріне тікелей жанаспайтын формалар.
Тіршілікҥшінкҥрес – ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі.
Топтық (жалпылай) ӛзгергіштік– бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандайда бір белгілері жӛнінен айырмашылықтарының болуы.
Филоэмбриогенез– эволюциялық ӛзгерістер онтогенездік дамудың жолы ӛзгеруімен байланысты.
Феногенетика- организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рӛлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы.
Фенокопия- сыртқы орта факторларының және қандай да болмасын тұқым қуалайтын мутацияның әсерінен пайда болатын организм фенотипінің тұқым қуаламайтын ӛзгерісі.
Ценогенез – нақтылы жеке даму жағдайларына ұрпақтардың не жас особьтардың бейімделуі.
Эволюциялық ілім– тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдерді және жалпы заңдылықтары туралы ілім.
Эволюция- тірі табиғаттың тұқым қуалау, ӛзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.