Ластанған ауаның зиянды әсері
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады.Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 %-ға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.
Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл .Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге жетеді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 %-ға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады.
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттардың зиянды әсері.
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар – қазіргі уақытта дамыған өндірістің өніміне айналып отыр. Үйдегі тазалық жұмыстарында оларды пайдаланбау мүмкін емес. Бірақ та біз оларды пайдаланар алдында, біздің денсаулығымызға келтіретін зияны туралы ойлана бермейміз. Мысалы, қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген кір жууға арналған ұнтақтарда полифосфаттар бар, ал олар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса зор зиян келтіреді. Беттік активті заттар (БАЗ), хлор, көмір қышқыл газы, азоттың оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ағартқыштар, ароматизаторлар — осы химиялық заттар, біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын (кір жуғыш ұнтақтарда, киім тазартқыштарда, ыдыс, ванна, туалет тазалағыштарда) парфюмериялық заттар құрамында кездеседі. Бұл заттардың барлығы да биологиялық жағынан белсенді. Ешкімге құпия емес, қоршаған ортаның осы заттармен ластануынан, халықтың арасында мынандай аурулар көптеп кездеседі: аллергия, бронхит, түрлі тері аурулары. Тағы бір айта кететін жәйт, осы тұрмыстық химия заттарын мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайдалы микрофлора ластанады. Ғалымдардың айтуынша, планетамызда аллергия ауруының көбейіп кетуі шамадан тыс химиялық заттарды қолданудың әсерінен, адамның иммундық жүйесін бұзылған деп отыр [2].
Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші. Сондықтан жуылған кірді мүмкіндігінше қайта-қайта шайып, содан соң ілу керек.Синтетикалық қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі күнгі адамдардың ағзасындағы иммунитет қасиетінің нашарлауын қоссақ, онда кір жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын айтпай кетуге болмайды.
Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.
Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі. Себебі ең қауіптілігі сол, СЖЗ ерітіндісінде пайдаланғаннан кейін де құрамындағы химиялық заттары сақталады. Олар адам тікелей пайдаланған уақытта да адамға, пайдаланудан қалған қалдық ерітіндісінің де қоршаған ортаға (су, топырақ) белгілі дәрежеде зияны бар екендігі дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |