Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Сарықұдық НЖББМ Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Наменова Фариза Магзомкызы “Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері” Бағыты: (Экология және адам) Сағындықова Гүлсая Алибекқызы 8- сынып оқушысы Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ластанған ауаның зиянды әсері
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттардың зиянды әсері.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау және қоғамның басты байлығы адамның денсаулығын қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы,тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш заттардың,темекі мен есірткі заттардың зиянды әсері,әртүрлі ластандырғыштардың,радияциялық ластанудың, өндіріс қалдықтарының зияны қазіргі кезеңде адам денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізуде. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту,қалдықсыз технология жұмысы, шайынды суларды қайта тазарту, өндіріс орындарының мұржаларына сүзгі орнату,жиналған қалдықтарды қайта өңдеу,қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ технологияны ойлап табу өте өзекті мәселе болып отыр.