11-тапсырма.Заттың массасы
4(а,ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын
таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда,
нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты
қайтып таразыға қойды.
4-сурет – Заттардың массасын өлшеу
Сұрақ1
: 4 а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 4, ә-суретіндегі
таразы қандай массаны көрсетеді?
А. 110 г-нан артық
В. 110 г.
С. 110 г-нан кем.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз
____________________________________________________________________
______________________________________________________________
12-тапсырма.Инерция.
Сұрақ 1:
Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, ал
аяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта
құлайтынын қалай түсіндіругеболады?
А. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, етпетінен құлайды,
өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі
оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.
В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды,
өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі
оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.
С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткені
мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі оның
алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.
13-тапсырма.
Түзусызықты қозғалып келе жатқан дене жылдамдығының модулі уақыт
бойынша 5-суреттегі график түрінде берілген заң бойынша өзгереді.
5-сурет – Дене жылдамдығының модулі
Сұрақ 1
6-суретте көрсетілген графиктердің қайсысы денеге әрекет ететін
барлық күштердің теңәрекетті күші модулінің уақытқа тәуелділігін
сипаттайды?
6-сурет – Күштердің теңәрекетті күші модулі
Достарыңызбен бөлісу: |