Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

21-тапсырма. Жұлдыздар жарығы 
Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады.Бірақ қалада тұрғандықтан, ол 
түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. Алдыңғы жылы Шолпан ауылға 
барғанда, қалада көрінбеген көптеген жұлдыздарды көрді. 
Сұрақ 1: 
Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды
көруге болады?
 
А. Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын 
жауып тастайды 
В. Ауылды жерлерде қалаға қарағанда көбірек шаң-тозаң бөлшектері бар, 
сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді 
C. Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады 
D. Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда 
жылылырақ 
Сұрақ 2:
Шолпан жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты 
қолданады. 
Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға 
мүмкіндік береді? 
A Линза үлкенірек болған сайын, ол көбірек жарық жинайды 
B. Линза үлкенірек болған сайын, ол үлкенірек ұлғайтады 
C.Үлкен линзалар молырақ аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді 
D. Үлкен линзалар жұлдыздардағы күңгірт түстерін көруге мүмкіндік береді 
22-тапсырма.Жарыс машинасының жылдамдығы 
 
Төмендегі графикте, үш километрлік,айналмалы тас жолда жарыс 
машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген. 


7-сурет 
Сұрақ 1: Жарыс машинасының жылдамдығы 
Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық 
неге тең ? 
А. 0,5км 
В. 1,5км 
C . 2,3 км 
D . 2,6 км 
Сұрақ 2: Жарыс машинасының жылдамдығы 
Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы 
ең аз болды? 
А. Сөре сызығында 
В .Шамамен 0,8 км белгісінде 
С .Шамамен 1,3 км белгісінде 
D.Шамамен тас жолдың ортасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет