Алғы сөз
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің
алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық
әрекеттерді қажет
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім
жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA-2009
халықаралық
зерттеуіне тұңғыш рет 15жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін
дәйекті ақпарат алу мақсатында ат салысты.Біздің еліміз үшін бұл
бағдарламаға
қатысуға
білім
берудің
бақылау-бағалау
жүйесін
реформаландыруға қажетті бірқатар факторлар,
қазақстандық білім беру
жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.
PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті
емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу
барысында мектеп бағдарламасын
меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің
алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады.
Тапсырмалар жинағына физика пәнінен
PISA форматына сәйкес
тапсырмалардың 4типті түрі: таңдау және кешенді жауабы бар,жабық,еркін
құрылымды тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар
сол бір тіршілік
жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан
тұрады.Есептер жинағы PISA халықаралық зерттеуі
материалдары негізінде
құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: